Экология лекциялары дәріс №1 Тақырып


Қоршаған ортаны бағалаудын экономикалық көрсеткіштері



бет14/32
Дата01.03.2023
өлшемі134,39 Kb.
#70951
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
Байланысты:
ЭКОЛОГИЯ - Лекции - 1-8

Қоршаған ортаны бағалаудын экономикалық көрсеткіштері.

Қоршаған ортаның табиғи қалпын сақтау, өнеркәсіп орындары шығаратын қоқыс қалдықтарды қайта өңдеу, зиянкес заттарды залалсыздандыру - барлығы да белгілі бір дәрежеде қаржы бөлуді, еңбек күшін жұмсауды қажет етеді.
Қаржыландыру 2 бағытта жүреді:
1) Қоршаған ортаға зиянды заттар мен қалдық қоқыстарды азайтуға бөлінетін қаржы.
2) Зиянды заттарды залалсыздандыруға және оларды жоюға жұмсалатын қаржы.
Қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге бөлінетін қаржы және ластанған жерлерді қалпына келтіруге бөлінетін қаржылар қосындысы - халық шаруашылығына, экономикасына жұмсалатын экологиялық . шығын деп аталады. Бұл қаржы төмендегідей жұмыс түрлері мен сауықтыру шараларын жүзеге асыруға жұмсалады:
1) зиянды әсерлерден ауыруға шалдыққан науқас адамдарға дәрігерлік көмек көрсету;
2) Ортаның ластану салдарынан тұрмыстық-техникалық шаруашылық жұмыс істеуі;
3) Еңбек өнімділігін төмендетуден туындайтын мәселелер.
Адам және табиғат бір-бірінен ажырамайды және бір-бірімен тығыз байланысты. Адам үшін, сондай ақ түгелдей қоғам үшін де табиғат тіршілік ету ортасы жөне өмір сүруге қажетті ресурстардың жалғыз көзі болып табылады. Табиғат және табиғат ресурстары - адамзат қоғамының өмір сүретін және дамитын базасы, адамдардың материалды және рухани мұқтаждықтарын қанағаттандыратын түп дерегі.
Адам - табиғат бөлігі және биологиялық түр ретінде өзінің тіршілік етуінде басқа көптеген түрлер сияқты ұзақ уақыт табиғатқа әсер етті. Бірақ кейінірек табиғатқа адам әрекетінің масштабы мен тереңдігі кеңейгенде табиғатты қорғау түсінігінің мазмұны мен барысы өзгерді. Қазіргі кезде "табиғатты қорғау» деп табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға, өндіруге, қорғауға және табиғи ортаны ластану мен бұзылудан қазіргі және болашақ ұрпақтың материалды және рухани мұқтаждықтарын қанағаттандыру муддесіне сақтауға бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық жүйесін айтады. Басқаша айтқанда, табиғатты қорғау - бұл адамзат қоғамы мен табиғат арасындағы өзара қатынастарды оптимизациялау бойынша жасалған шаралар жүйесін іске асыру. Табиғатты қорғау мәселесі қазіргі заманның ғылыми-жаратылыстану және әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің маңыздысының бірі болып табылады, оның дұрыс шешімінен адамзаттың өмір сүруініңн игітігі тәуелді. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау үшін оны жіктеудің маңызы зор.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет