Экология өнеркәсіптік кәсіпорындардың экологиясы



бет1/2
Дата17.02.2023
өлшемі23,92 Kb.
#68739
  1   2
Байланысты:
ӘОЖ 504 Жаныл (2)


ӘОЖ 504.3:61


АНТРОПОГЕНДІК ЛАСТАНУДЫҢ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ


Қалдыбай.Ж.Н., "Экология өнеркәсіптік кәсіпорындардың экологиясы " 2 курс
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ.,
janil2004kz@gmail.com,
Мұсабаева.Ш.Қ., Экология магистрі, аға оқытушы
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ.,
musabaeva281180@mail.ru


Аңдатпа: Мақалада табиғат пен қоршаған ортаны, экологиялық ортаны аялауға, тағам өнімдерінің таза болуын қадағалауға үйрету. Денсаулыққа экологияның зиянды әсерін түсіндіру. Қазіргі заманда өндіріс күштерінің даму қарқыны мен масштабының өсуі қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелеріне тиімді пайдалану мәселелеріне деген қатынасты өзгертуді талап ету. Бұл талаптар экономикалық және саяси тұрғыдан алғанда аса маңызды. Өйткені адамдардың денсаулығы мен еліміздің ұлттық байлығына шаруашылықпен, үнемшілдікпен мұқият қарау керек. Ал бұл келер болашақтың да мәселесі. Осы мәселелерді шешумен біздің кейінгі ұрпақтарымыздың да тұрмыс жағдайының тағдыры шешілмек. Айта кету керек, осы сұрақтарға қанша байыпта қарап, шешуге тырысқанмен оның өзектілігі арта түспесе кемімеиді. Яғни қоршаған табиғи ортаны қорғау жұмыстарын одан әрі қарайда табжылмай, мақсатты, нысаналы түрде жүргізу қажет.
Кілт сөздер: фактор, демографиялық, экономика-географиялық, инженерлік- құрылыс, сәулеттік факторлар,коммуникация тығыздық, урбанизация.

Техниканың жетістіктері қоршаған ортаның өзгеруіне әкеліп соқтырады. Жердегі тіршіліктің бәріне, әсіресе адам денсаулығына бұл жағдай қатер төндіреді.


Табиғи ортаның улы қалдықпен, химиялық затпен ластануы адам денсаулығына зиянды әсер етеді. Соңғы уақытта Жер ғаламшарының климаты өзгеріп барады. Жер беті жылынып, соның нәтижесінде жауын-шашын көбйіп, қар көшкіні жиі болып жатыр, олар шаруашылық пен адам денсаулығына аса зиян.
Атмосфералық ауадағы зиянды заттармен (шаң,күл,күйе) және химиялық заттармен ластануы да денсаулыққа ықпал етеді. Соның нәтижесінде тыныс алу, ас қорыту мүшелерінің, қанның, т.б аурулары көбеюде. Денсаулыққа экологияның зияндыәсерін азайту үшін тек таза су ішу, экологиялық таза өнімдерді пайдалану, көбінесе қала сыртында таза ауада, өзен, көл жағасында жиі болып, серуендеу қажет. Дұрыс гигиеналық тәртіпті сақтау, жүйелі түрде денені шынықтыру және шынығу жаттығуларымен айналысу адам денсаулығын нығайтып, ағзаның қорғаныш күшін арттырады.[1]
Салауатты өмір салтының ережесін сақтау денсаулықты нығайту. Ұлы адамдардың пайдалы кеңестері есте сақтап, табиғатты аялау керек. Ежелгі грек философы, шипагер Гиппократтың айтуынша “Табиғат- аурудың дәрігері”. Дәрігер және философ Аристотель: “Біз нені қажет етсек, сол денсаулыққа пайдалы, бұл ең әуелі су мен ауа”.
Қазақстанда ірі қалаларда өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптер дамыған, соңғы бес жылда бұл салалардың өсу қарқыны артып келеді. Атмосфераның ластануының артуына, қоршаған ортаның және жалпы Қазақстан территориясының нашарлауына әкелетін ірі өнеркәсіптік нысандар салынып, пайдалануға беріліп жатыр.Қазақстанда «ҚазГидромет»-тің инфрогрфикасы бойынша ең таза қала-Орал, ал ең ластанған қала –Алматы.
Урбанизация бір жағынан халықтар өмірінің жағдайын жақсартса, екінші жағынан табиғи жүйенің жасанды жүйемен ығыстырылуына қоршаған ортаның ластануына, адамдар ағзасында химиялық, физикалық және психикалық жүктемелерінің артуына әкеліп соғады. Ірі қала табиғи ортаның барлық компоненттерін, биосфераның өсімдіктерін, топырақтарын, жер бедерін, гидрогрфикалық тораптарын, жер асты сулары мен грунттарын тіпті климатын да өзгертеді. Қала мен оның маңайының арасындағы температураның шамамен ылғалдылығының Күн радиациясының өзгеруі кейде 20 градус белдеуінде табиғи жағдайға жылжуымен өлшенеді. Қаланың жер қойнауына әсері 0,5- тең 4 тіпті 8 мың м тереңдікке дейін таралады. Жер асты суларының толығу жағдайы, оның химиялық құрамы өзгеше болады.[3]
Үлкен қалалардың, тіпті тек инфекциялық ауруларды есепке алмағанның өзінде көптеген аурулардың таралуы туралы деңгейінің жоғары екені байқалады мысалы, 1млн тіпті одан да артық халқы бар қалаларда ауылдық жерлерге қарағанда өкпе ісігі 2 есе көп кездеседі. Сондай-ақ, қалаларда бронхитпен аурушаңдық қазіргі таңда көптеп тараған. Халықтың денсаулығына аса қауіпті ісік ауруын туғызып отырған бірден бір себеп- атмосфераның ластануы. 50-жылдардың басында Англия қаласынаң тұрғындарында өкпе ісігімен ауырған адамдардың саны едәуір артқан.Көптеген елдер басқа да жаңа түзілген аурулардың ішінде өкпе ісігі бірінші орын алып отыр. Әсірісе ер адамдар арасында.
Қалалардағы өнеркәсіп мекемелерінің шоғырлануы, көшелерде автомобильдердің күрт көбеюі, соған байланысты қоршаған ортаның ластануынның артуы, еліміздің миллиондаған тұрғындарының денсаулығына шындап қауіп туғызып отыр. Қала халқының жағдайы барған сайын автомобильдердің бөгеліп қалуына байланысты қиындай бастайды.
Көптеген капиталистік елдердің қалаларында ауылды жерлермен салыстырғанда психикалық аурулар 105-2 есе көп. Шектен тыс жүйкенің қиналуы үлкен қалалардың тұрғындарының ұйықтатын және тыныштандыратын дәрілік препараттарды кеңінен пайдалануға мәжбүр болады. [2]
Қала ортасына тән адамдардың байланысының жоғарлылығы бір жағынан жас буындарды белгілі бір жүйке тұрақтылығының дамуына, психикалық жаттығуына, кәсіптік және шығармашылық шабыттануына мүмкін туғызатын жағымды фактор ретінде пайдалы болса, бұл екінші жағынан үлкен көлемдегі ақпараттарды өңдеу барысында жүйке- жүйесі адаптацияның бастапқы деңгейіндегідей жұмыс жасауына жарамсыз. Бұл кейбір жағдайларда невроз немесе жүйке ауруына шалдығуына әкеліп соғатын, жаңа динамикалық стереотиптің қалыптасуын туындатады.
Ауаның ластануына ең сезімтал келетін- балалар. Урабанизацияның әсернен қалалы аймақтарда тұратын балалардың иммунды жүйесі зардап шегуде,соның әсерінен аллергиялық, тыныс алу жүйесінің аурулары жиілеуі байқалуда.
Қазіргі заманда өндіріс күштерінің даму қарқыны мен маштабының өсуі қоршаған ортаны қорғай және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелеріне деген қатынасты өзгертуді талап ету. Бұл талаптар экономикалық және саяси тұрғыдан алғанда аса маңызды. Өйткені адамдардың денсаулығы мен еліміздің ұлттық байлығы шаруашылықпен, үнемшілдікпен мұқият қарау керек. Ал бұл келер болашақтыңда мәселесі. Осы мәселелерді шешумен біздің кейінгі ұрпақтарымыздың да тұрмыс жағдайының тағдыры шешілмек.
Адам денсаулығының төмендеп, ауруға шалдығуын ағзаның ортағатолық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзлік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз – бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық,психологиялық және әлеуметттік қолайлылық.
Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50-52%-ы-өмір сүру салтына, 20-25% -ы –тұқым қуалау факторларына, 18-20%-ы –қоршаған орта жағдайларына, ал 7-12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады.Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады.[4]
Адам денсаулығына зиянды әсер ететін факторларпдың ішінде әртүрлі ластаушы заттар бірінші орын алаады.Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн-нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаған жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксеиобиотиктер(грек.аударғанда xenos-бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар.
Аурулардың көбейуі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, біртипті тұрғын жерлерге және т.б., әғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа әлекметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр.
Ауру мен өлімнің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі жекелеген мемлекеттер мен аймақтар мысалынан көрінеді.ДДСҰ-ның мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде шамамен 500мың адам пестециттермен уланады және оның 5мыңы өліммен аяқталады. Мұндай құбылыстар әдетте «үшінші әлем» елдерінде жиі кездеседі.АҚШ- пен салыстырғанда бұл елдерде улану 13 есе артық.Америка ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90%-ы қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. Германияда соңғы 10 жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер кісілерде 15-тең 23% -ға дейін, ал әйелдерде 17 ден 25%-ға дейін артқан. Аурулар индустриалды және ластанған аудандарда жиі кездеседі.[5]
Біздің елімізге қарасты Арал аймағы экологиялық апат аймағы болып табылады.Бұл аймақ аурулар мен өлімдердің жоғары болуымен сипатталады. Мысалы, Қарақалпақстанда (Өзбекстан) балалар өлімінің жиілігі туылған мың балаға 87-ге келеді, ал Скандинавия елдерінде 7-8, Жапонияда-5. Бұрынғы КСРО-да 80-жылдардың соңында орташа балалар өлімінің жиілігі 24-25 болған.
Аурулар туғызатын заттар мен факторларды мынандай топтарға бөліп көрсетуге болады:
1)концерогендер (лат.аударғанда cancir-рак, генезис-шығу тегі) қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта шамамен 500 осындай заттар белгілі. Олардың ішіндегі ең күштілеріне ультракүлгін сәулелер, радиоактивті изотоптоар, антридтер және т.б жатады;
2)мутагендер (лат.аударғанда mutasio-өзгеру)-хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға: рентген сәулелер, гамма сәулелері, нейтрондар, кейбір вирустар және т.б жатады;
3)тератогендер( грек.аударғанда teras, teralos –құбыжық) –жеке дамуда кемістіктерге әкелетін, кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар.Көбінесе тератогендерге мутагендер, сондай-ақ пестециттер, тыңайтқышатар, шу және т.б жатады.
Эмбриогендер (грек.аударғанда embrio-ұрық) эмбрионалдық даму кезеңінде зақымдануларға әкелетін заттар: тератогендер, мутагендер және басқа да заттар жатады.
Экология мәселесі мен адам денсаулығына қатысты еліміздің Жамбыл облысын қарастыратын болсақ. Біздің облыстағы осы мәселе дұрыс шешілмей отыр. Қалалардағы адам экологиясына тән нәрсе – бұл табиғи экологиялық факторлардан оқшаулану болып табылады. Қажетті мөлшерде өсімдіктер, тірі топырақпен, сумен қамтамасыз етілген. Адамның биолгиялық табиғаты мен оның табиғатқа қарсы іс-әрекетінің нәтижелері арасындағы қайшылық, әсіресе қала жағдайында шиеленісе түседі. Қазіргі кещде қала күрделі әлеуметтік-экономикалық ағза. Ол демографиялық, экономика-географиялық, инженерлік- құрылыс, сәулеттік факторлардың әсерінен, қоршаған экономикалық кеңістік пен табиғи ортаның алуан түрлі өзара әсерлі нәтижесінде қалыптасады. Көбінесе, қалалар мен қоғамдық процестің көптеген белгілеріне байланыстырады. Бірақ қала өркениеті – қолайлы жағдалар, тұрмыстың жеңілдеуіне әкелгенмен , коммуникация тығыздығы, әр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктері- тек барлық жағынан қолайлы орта емес . Қала ортасы адамның басты сапасы- оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық-түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транспорттық қалдықтармен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, ауаның дезионициялануы, тұрмыстық химияландырылуы, шектес тыс көп ақпараттардың ағыны, уақыттың жетіспеуі, гиподинамия, эмоциогенді қысым, дұрыс тамақтанбау, зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы- осылардың барлығы қосылып адам денсаулығын нашарлатады. Қала халқының басым бөлігі демалатын қаладан тыс, табиғи жағдайда өткізуге тырысады.[3]
Жалпы облыс бойынша 189 арнайы тұрмыстық қалдықтар жинайтын алаңдар бар. 2019 жылдың шілде айының 7-сі кунгі мәліметтерде облыс бойынша тұрмыстық қалдықтар 5,9млн тоннаны немесе жалпы қалдықтардың 6%-н құрап отыр.Ал Тараз қаласы бойынша 1,88 млн тонна. Бұл қоқыс төгетін жерлердің санитарлық және экологиялық талаптарға сай емес екенін көрсетіп отыр.
Қоршаған орта өндірістік қалдықтар мен автокөлік түтіндерінен ластанғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы төмендеп, сол арқылы адамдардың денсаулығы нашарлайды.Осының саладарынан әсіресе көктем мезгілінің соңы мен жаз айының басында адамдар уланып, ауруханаға түсіп жатады.[4] Сондықтан азық-түлік, жемістер мен көкеністер құрамындағы химиялық заттардың мөлшері мен құрамына қатаң бақылау жасап отыруы тиіс.Сонымен қатар қоршаған ортаға қауіпті заттардың қатарына кіретін ауыр металдар, нитраттар, нейтриттер және т.б айтып өтуге болады. Кеңінен таралған химиялық заттардың ішіндегі өте қауіптісі – бензапирин. Бқл затпен ластану Тараз, Қаратау қалаларында байқалып отыр. Адам ағзасына ауаның құрамы, су және азық-түлік арқылы түсетін бұл улы зат тыныс органдарын, өкпе мен қолқаның қызметін бұзады.
Бұдан кейін айтар мәселе –судың ластануы. Ауа бассейінің ластануының негізгі себебі – тазартылмаған ағын суларды өзен – көлдерге жіберу болып табылады. Жамбыл облысы бойынша үлкен үш өзен негізгі су көзі болып табылады.Олар:Талас, Аса, Шу. [2]


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет