Экономические проблемы образования и общества


СОЦИАЛЬНЫЕ АСПЕКТЫ ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ



Pdf көрінісі
бет30/43
Дата01.02.2017
өлшемі3,61 Mb.
#3201
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   43

СОЦИАЛЬНЫЕ АСПЕКТЫ ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
205 
тымақтастық  қағидаты  негізінде  халықтың 
барлық  тобын  толық  және  әмбебап  ны-
сандармен  қорғау”  деп  таныса,  Еуроодақ 
әлеуметтік  қорғауды  “жұмыспен  қамтуға 
жағдай жасау” деп түсіндіреді. 
Осындай  үрдіс  АҚШ-та  байқалып 
отыр,  бұл  елде  1990  жылдардағы  әлеу-
меттік  бағдарламалардың  негізіне  әлеу-
меттік  жәрдемақы  алушылардың  санын 
қысқарту  мен  еңбек  етіп  алған  табыстар 
көзін ұлғайту жатқызылған. 
Терминологияның даму процесіне ха-
лықты  әлеуметтік  қолдаудың  және  оның 
мемлекеттің қаржылық жағдайына сай келу 
ерекшеліктері әсер етті. 
Айта  кету  қажет,  халықаралық  және 
әлеуметтік  бағдарламалар  шеңберіндегі 
әлеуметтік  бағдарламаларды  дайындау  ба-
рысында  әлеуметтік  қорғаудың  сұрақтары 
көбінесе  теориялық  емес,  нұсқамалық 
мазмұнға ие. 
1970-1980  жылдары  халықты  әлеу-
меттік  қорғау  жүйесін  қаржымен  қамтама-
сыз  ету  мәселелері  ең  көп  ғылыми 
қызығушылық  танытты.  Осы  жылдары 
әлеуметтік  саясаттың  мәселелері  берекелі 
мемлекет”  “welfare  state”  теориясының  не-
гізгі  элементі  ретінде  қарастырылды.ХХ 
ғасырда  батыстың  өнеркәсібі  дамыған 
елдерінде  мемлекеттен  адамдар  үшін  әл-
ауқат  стандарттарын  талап  ететін  тұжы-
рымдамалар  мен  доктриналар  кеңінен 
тарай  бастады.  Әсіресе  теория  мен  тәжі-
рибеде  “берекелі  мемлекет”  “welfare  state” 
деген  ұғым,  яғни  ауқымдық  әлеуметтік 
шараларды,  ең  алдымен  әлеуметтік  қам-
сыздандыру  шараларын  жүзеге  асыратын 
мемлекет деген ұғым қалыптасты. 
ЖІӨ-нің  құрылымында  әлеуметтік 
шығындар  көбейе  түсті,  осы  көрсеткішті 
экономистер  “берекелі  мемлекет”  теория-
сының негізі деп санады. 
Бірақ кейіннен,экономикасы дамыған 
елдерде  мемлекеттік  әлеуметтік  шығын-
дардың  ұлғаюмен  қатар  жұмыссыздық, 
өмір  деңгейінің  төмендеуі,  инфляцияның 
өсуі пайда болды. Бұл “берекелі мемлекет” 
теориясының  дағдарысына  әкеліп  соқты. 
Ғалымдар  экономика  мен  әлеуметтік 
сфераның  ара-қатынасын  зерттей  бастады. 
Көптеген  елдерде  “берекелі  мемлекет” 
теориясының 
қағидаттарына 
қайшы 
келетін  әлеуметтік  бағдарламаларды  өз-
герту  шаралары  іске  асырылды,  бұл  сая-
саттық мәселелерге әкеп соқты. 
Осы  күнге  дейін  әлеуметтік  қорғау-
дың 
теориялық 
сұрақтары 
ағылшын 
ғалымы,  мемлекеттік  қайраткер  У.  Беве-
ридждің  1942  жылғы  шығарған  ғылыми 
ізденістеріне  сүйенеді. Бұл ғылыми жұмыс 
1930-1940  жылдары  Дж.М.  Кейнс  дәлел-
деген  нарықты  мемлекеттік  реттеу  мен 
либералдық  коллективизм  идеологиясы 
негізінде  жазылған.  Егер  Дж.  М.  Кейнсті 
нарықты  реттеу  экономикасының  архитек-
торы  деп  атаса,  У.  Бевериджді  рынокты 
әлеуметтік  реттеудің  архитекторы  деп 
атайды. 
У. Беверидждің әлеуметтік қорғау тұ-
жырымдамасы 3 қағидаттар тұрады: 
1) әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру 
тек қана жалпы әлеуметтік прогресстің не-
гізгі бөлігі деп қаралады; 
2)  әлеуметтік  қорғау  мемлекет  пен 
жеке  индивидтің  кооперациясы  арқылы 
ұйымдастырылуы  қажет,  бұл  жағдайда 
мемлекет  ең  төменгі  кепілдіктерді  қамта-
масыз  етеді,  ал  қосымша  қамсыздандыру 
жеке тұлғаның үлесі арқылы жүргізіледі; 
3)  әлеуметтік  қорғаудың  негізгі  әдісі 
ретінде  әлеуметтік  сақтандыру  іске  асы-
рылады.  Бұл  жағдайда  мемлекет  үш 
шартты  орындау  қажет:балалар  жәрдем-
ақысы  арқылы  балаларға  тәрбие  беруде 
біркелкі жағдай жасау, жалпыға бірдей ме-
дициналық  қызмет  көрсету  мен  жалпылай 
жұмыссыздыққа жол бермеу. 
У.  Беверидж  бірінші  рет  әлеуметтік 
қорғаудың  үш  сатылық  жүйесін  дәлелдеп, 
зерттеді.  Оларға  міндетті  әлеуметтік  сақ-
тандыру,  мемлекеттік  әлеуметтік  көмек, 
ерікті сақтандыру жатады. 
Бұл  ұсынылған  модель  нағыз  про-
гресивті  модель  болды,  бірақ  ол  да  кем-
шіліктерден кенде емес еді. 
Біріншіден,  одан  балаларға  берілетін 
жәрдемақылар,  медициналық  қызметке  ар-
налған  шығындар  шығарылып  тасталды. 
Бұл  түрлер  барлық  азаматтарға  біркелкі 
жағдайда берілетін көмекке жатқызылды. 
Екіншіден,  У.  Беверидждің  әр  әлеу-
меттік  сақтандыру  жүйесіне  қатысушыға 
төленетін  жарнаның  бірдей  сомада  болуы 
және ең төменгі әлеуметтік сақтандырудың 
бәріне  бірдей  көрсетілуі  -  сақтандырудың 
негізгі  қағидаттарының  бірі  жұмыс  қа-

СОЦИАЛЬНЫЕ АСПЕКТЫ ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
206 
білетін  жоғалтқан  жағдайда  орта  және 
жоғары  табыс  алатын  қызметкерлердің 
табыстарын  жалақы  арқылы  өтеу  толы-
ғымен қамтамасыз етіле алмады. 
Үшіншіден,  жұмыссыздық  кезінде 
әлеуметтік  қорғауды  жәрдемақы  төлеу 
арқылы  шектеу  және  мемлекет  тарапынан 
жұмыспен  қамту  жұмыссыздық  қазіргі 
жағдайда  экономиканың  негізгі  атрибуты 
болып тұрғанда утопия ретінде көрінді. 
Шет  ел  тәжірибесінен  көріп  отырға-
нымыздай,  әлеуметтік  қорғаудың  бұл  түр-
лері  әлеуметтік  қорғау  жүйесіне  жатқы-
зылды  және  зейнетақы  мен  табыс  жо-
ғалтқан  жағдайда  берілетін  жәрдемақылар 
бекітілген  көздер  арқылы  қаржыланды-
рылды. 
У.  Беверидж  бірінші  болып  әлеу-
меттік  қорғаудың  анықтамасын  оның 
тікелей атқаратын қызметі – жоғалтқан жа-
лақыны  өтеу  арқылы  айқындады.  Оның 
көзқарасы  бойынша  әлеуметтік  қорғау 
жұмыссыздық  кезінде,  ауырған  кезде,  ба-
қытсыз  жағдайларға  душар  болған  кезде, 
қартайғанда  зейнетақымен  қамтамасыз 
етуде,  асыраушысынан  айырылған  жағ-
дайда  айлықтың  орнына,  адамның  тууына, 
некеге  тұруына  байланысты  шығындарын 
өтеуде  берілетін  төлемақы.  У.  Беверидж 
бұл қорғаудың көлемі үлкен болмауы керек 
екендігін  және  адамның  тезірек  жұмысқа 
шығуына  ынталандыруын  қажет  деп 
санайды. 
Бірақ  соңғы  жылдары  әлеуметтік  –
экономикалық  өсуге  байланысты,  аза-
маттардың  әлеуметтік  құқы  мен  ер-
кіндігінің  нығайтуына  байланысты  әлеу-
меттік  қорғаудың  мазмұнын  айқындау 
тәсілдері  өзгере  бастады.  Бірінші  кездері 
әлеуметтік  қорғаудың  негізгі  мақсаты  - 
жоғалтқан  еңбек  ақыны  өтеу  болса,  кейін-
нен  табыстың  көлемін  ұстап  тұру,  “әлеу-
меттік  стандарттар»  негізінде  қоғамдық 
жұмысқа  қатысуына  қарай  кедейшіліктің 
алдын  -  алу  шараларымен  ұлғая  бастады. 
Ұлттық  байлықты  бөлуде  ынтымақтастық 
қағидаты  негізге  алынып,  әлеуметтік  қор-
ғау  жүйесінің  негізгі  мақсаты  табыстарды 
қайта бөлу және ол әлеуметтік тәуекелдікті 
бөлумен  байланысты  емес,  бай  халық  топ-
тары  мен  кедей  топтарының  табыстарын 
бөлу деп қарастырылды. 
Әлеуметтік  қорғаудың  тұжырым-
дамасын  іске  асыруда  адамның  қаржылық 
қатысуы  міндеті  өзгертіліп,  ”барлық  аза-
маттарға  жарналарының  көлеміне,  еңбекке 
қатысу  өтіліне  қарамастан  базалық  әлеу-
меттік көмек көрсету” деп танылды. 
Әлеуметтік  қорғау  жүйесі  “берекелі 
мемлекеттің”  негізгі  атрибуты,  ал  кейбір 
жағдайларда  анықтама  парадигмасы  деп 
саналады.Мысалы, американдық экономист 
Е.Д. Берковиц “берекелі мемлекет” деп үкі-
мет  барлық  азаматтарын  қорғауға  кепілдік 
береді және олар еңбек етпін табыс табуға, 
инвестиция  жасаудан  гөрі  осы  кепілдікке 
бейімделеді деп санайды [1]. 
1970  жылғы  дағдарыстан  кейін  эко-
номика  деңгейінің  төмендеуіне  байла-
нысты  әлеуметтік  қорғауға  деген  көзқарас 
біршама  өзгерді,  бірақ  оның  жалпы 
мазмұны  –  халықтың  өмірін  қалыпты 
деңгей де ұстап тұру өзгерген жоқ. 
Ең  көп  тараған  көзқарас  ол  әле-
уметтік қорғауға көп бағыттылық ұйымдық 
-  қаржылық  құрылым  негізінде  кешендік 
жүйе  ретінде  қарау.  Оның  ішіне  мем-
лекеттік  трансферттерден  бастап  ерікті 
корпоративтік  немесе  жеке  сақтандыру 
жүйелері  енеді.  Айта  кету  қажет,  ерікті 
корпоративтік  немесе  жеке  сақтандыру 
жүйелері  мемлекеттік  бюджеттің  тап-
шылығының  өсуіне,  экономикаға  салық 
ауыртпалығының жоғарылауына байланыс-
ты  әлеуметтік  қорғау  жүйесінің  негізгі 
компоненттері  деп  саналып  отыр.  Кейбір 
экономистер  мемлекеттік  міндетті  әлеу-
меттік  қорғау  жүйесін  толығымен  ерікті 
жүйеге  ауыстыру  қажет  деп  санайды. 
Қазіргі жағдайда халықтың қартаюына, ме-
дициналық  қызметтің  бағасының  өсуіне 
байланысты  зейнетақымен  және  ақысыз 
медицинамен  қамтамасыз  ету  үлкен  мә-
селеге  арналып  отыр.  Әлеуметтік  қорғау-
дың  жалпыға  бірдей  қорғау  қағидаттары 
сынға  түсті,  мұқтаждарды  атаулы  жәр-
демақы  арқылы  қорғау  альтернатива  ре-
тінде қаралады. 
Жоғарыда  айтылған  ұсыныстар  ба-
тыс  елдерінің,  американдық  экономис-
тердің  көзқарастарын  көрсетеді.  Жапония-
ның  Халықты  зерттеу  Ұлттық  институты-
ның  экономистерінің  көзқарасы  бойынша 
қазіргі  жағдайда  тәуекелдікті  бөлу  емес, 
табысты  қайта  бөлуді  қамтамасыз  ететін 
әлеуметтік  қорғау  жүйесі  қажет  деп  са-

СОЦИАЛЬНЫЕ АСПЕКТЫ ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
207 
найды.  Олардың  айтуынша,  тарихи  жағ-
дайда  әлеуметтік  қорғау  екі  модельден  тұ-
рады:  әлеуметтік  сақтандыру  және  әлеу-
меттік қамсыздандыру. 
Әлеуметтік  сақтандыру  тәуекелдікті 
бөлуді  қамтамасыз  етсе,  әлеуметтік  қам-
сыздандыру  халықтың  арасында  табысты 
бөлуді  қамтамасыз  етеді.  Тәуекелдіктердің 
әрқилылығына  байланысты  және  негізгі 
әлеуметтік  тәуекелдіктің  өте  аз  табыс  табу 
тәуекелдігіне  айналғандығына  байланысты 
тәуекелдік  пен  табыстың  арасындағы 
айырмашылық  жоғалады.  Жапонияның 
әлеуметтік  қорғау  Комитеті  өзінің  ұсы-
ныстарында  “қазір  әлеуметтік  қорғау 
жүйесі  өмір  сүруге  кепілдік  берсе,  келе-
шекте  тұрмыс  салтының  әр  түрлі  деңгейін 
таңдауға мүмкіндік береді”деп көрсетеді. 
Мұндай  әлеуметтік  прогрессивтік 
көзқарас  нақты  экономикалық  базисті  қа-
жет  етеді.  Соңғы  үш  онжылдықта  Жапо-
нияның  экономикасы  өте  жоғары  тиім-
ділікпен,  қалыпты  дамып  келе  жатыр,  ал 
әлеуметтік  дамуға  арналған  шығындары 
басқа елдерге қарағанда өсіп отыр. 
Еуропа елдерінің экономикалық жағ-
дайы,  керісінше,  экономикаға  түскен  әлеу-
меттік  ауыртпалықты  қысқартуға  мәжбүр 
болып  отыр,  әлеуметтік  бағдарламаларды 
еңбек  етуге,  өзін-өзі  қамтамасыз  етуге  ба-
ғыттап  қайта  өзгертіп  отыр.  Ұлыбри-
танияның  әлеуметтік  қорғау  жүйесін  ре-
формалауға  бағытталған  мемлекеттік  бағ-
дарламалары  көрсетіп  отырғандай,  “бұл 
жүйе  адамдардың  айлықтары  мен  қорлану 
қорларының  азаюына  емес,  көбеюіне  ық-
пал жасауы қажет”деп санайды. 
Шет  елдердегі  әлеуметтік  қорғау  ка-
тегориясының  түсініктерін  талдай  келіп, 
мынадай  қорытынды  жасауға  болады. 
Біріншіден,  әлеуметтік  қорғау  саясаттық 
мазмұнға  ие,  екіншіден,әлеуметтік-эконо-
микалық  жағдайға  байланысты  ылғи  да 
өзгеріп отырады. 
Әлеуметтік  қорғауды  анықтаудағы 
көптеген  көзқарастардың  ішінде  екі  негізгі 
бөлігін көрсеткен жөн. Оларға классикалық 
және  кеңейтілген  немесе  ұлғайтылған 
тәсілдемелер  жатады.  Классикалық  (дәс-
түрлі) көзқарас бойынша әлеуметтік қорғау 
белгілі  бір  жағдайларда  түрлеріне  қарай 
шектеліп,  табысты  жоғалтқан  жағдайда  ең 
төменгі  қажеттіліктерді  қамтамасыз  ететін 
шараларды жатқызады. 
Кеңейтілген немесе ұлғайтылған көз-
қарас бойынша әлеуметтік қорғау “берекелі 
мемлекет”  теориясы  негізінде  анықталып, 
барлық  азаматтарға  бірдей  жеке  табыс-
тарына  қарамай,  қоғамдық  жұмысқа  қаты-
суына  қарамай  қалыпты  деңгейде  тір-
шілікті қамтамасыз ету шаралары жатады. 
Әлеуметтік қорғаудың түсінігін зерт-
теу барысында дәстүрлі көзқарасты негізге 
алу қажет, өйткені адамның өсіп-өнуі тәуе-
келдік мазмұнға ие болуда. 
Қазіргі  жағдайда  мемлекеттік  әлеу-
меттік  сақтандыру  мен  әлеуметтік  қамсыз-
дандыру  халықты  әлеуметтік  қорғау  жүйе-
сінде  өз  орнын  алды.  Ұзақ  даму  эволюция 
негізінде  әлеуметтік  тұрақтылық  пен  әді-
леттікті  қамтамасыз  ету  мақсатында  әлеу-
меттік  көмектің  негізгі  саналудан  түрлері 
қалыптасты.  Оларға  біріншіден,  бүкіл  аза-
маттарды  ең  төменгі  көлемде  табыспен 
қамтамасыз ету шығындары, екіншіден, ба-
лаларға берілетін жәрдемақы, бала туу жағ-
дайында  жанұялардың  табысын  төмен-
детпеу  мақсатында  берілетін  жәрдем-
ақылар, үшіншіден, әлеуметтік  сақтандыру 
құқтары  жоқ  азаматтарға  -  мүгедектерге, 
жетімдерге, жұмыс істемейтіндер берілетін 
жәрдемақылар,  төртіншіден,  халықтың 
кейбір  медициналық  көмек  қажет  ететін 
санаттарына  берілетін  натуралдық  түрдегі 
жәрдемақылар жатады [4]. 
Әлеуметтік  –экономикалық  прогресс 
даму  барысында  мемлекеттік  әлеуметтік 
қамсыздандырудың  құрылымдық  жүйе-
сінде  кедейлерге  берілетін  мемлекеттік 
жәрдемақылардан  гөрі  балалар  мен  жұмыс 
істеу  қабілеттері  жоқ  адамдарға  берілетін 
жәрдемақылар басым болуы шарт.  
Әлеуметтік  қорғау  деп  қоғамдық  да-
мудың  нақты  жағдайларына  сәйкес  аза-
маттарға  қалыпты  тіршілік  әрекетінің  ке-
пілдікті  деңгейін  қамтамасыз  етуге  ар-
налған басымдықтардың және оларды мем-
лекеттік  және  басқадай  институттар  ар-
қылы  жүзеге  асыру  механизмдерінің  жүй-
есін  айтады.  Бұл  деңгей  қоғамның  әлеу-
меттік-экономикалық  дамуының  ахуалына, 
жалпы  ішкі  өнімнің  мөлшерлеріне  қол-
данылатын  ұлттық  байлыққа  және  оларды 
бөлудің  сипатына,  жүйені  іске  асыру  ме-
ханизмдерінің  жұмыс  тиімділігіне  бай-
ланысты болады. 

СОЦИАЛЬНЫЕ АСПЕКТЫ ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
208 
Әлеуметтік  қорғаудың  қаржылық 
тұлғалануы арнаулы ақша қорларын қалып-
тастырумен  және  пайдаланумен  байланыс-
ты  қайта  бөлгіштік  қатынастарда  көрініп, 
білінеді,  бұл  қорлардан  халыққа  әр  түрлі 
әлеуметтік  төлемақылар  беріледі.  Аза-
маттарды  әлеуметтік  қорғау  белгіленген 
құқықтық  актілерге  сәйкес,  мөлшерлі  жұ-
мыс  істеу  жағдайында  емес  және  ол  егер 
жеткілікті  қаржылық  негіз  (қаржылық 
ресурстар) болмаса және соған сәйкес қам-
тамасыз  етілмесе,  тек  қағаз  жүзінде  қалып 
қояды.  Қаржы  теориясына  сәйкес,  әле-
уметтік қорғау деп қоғамдық дамудың нақ-
тылы  жағдайларына  сәйкес  азаматтарға 
қалыпты тіршілік әрекетінің кепілдікті дең-
гейін  қамтамасыз  етуге  арналған  басым-
дықтардың  және  оларды  мемлекеттік  және 
басқа да институттар арқылы жүзеге асыру 
механизмдерінің жүйесін айтады.  
Біздің  ойымызша  халықты  әлеумет-
тік қорғау жүйесінің негізі сол қоғамда қа-
лыптасқан  әлеуметтік  стандарттардың  ке-
пілдігін  қамтамасыз  ететін  механизмдер 
жиынтығы. 
Біздің  ойымызша,  мемлекеттің  әлеу-
меттік  қорғауға  арналған  бағдарлама-
ларының  макродеңгейде  жеке  салымдарға 
тигізетін  ықпалы  шамалы.  Өйткені,  бірін-
шіден,  салық  түрінде  немесе  әлеуметтік 
қорғауға  арналған  жарналар  ретінде  та-
быстан  алынатын  қаржылар  ең  төменгі 
күнкөріс  деңгейін  қамтамасыз  етуге  және 
адамның  ұдайы  өсіп-өнуіне  жұмсалады. 
Әлеуметтік  қорғау  жүйесі  болмаса  мем-
лекет басқа нысандар түрінде бәрібір қара-
жаттар қорын құруға мәжбүр болатын еді. 
Арнаулы қаржылық құралдар мен те-
тіктерге  жататындары:  зейнетақылар  және 
зейнетақылық  жүйе,  жәрдемақылар,  төле-
мақылар мен жеңілдіктер, мақсатты салық-
тар  мен  салықсыз  табыстар,  әлеуметтік 
қамтамасыздандыру мен әлеуметтік сақтан-
дыру әдістері, әлеуметтік қорғауды қаржы-
ландыру  мен  кредиттеу,  жеке  тұлғалық 
шоттар  мен  жинақталған  капитал  және  тө-
лемақы нысаны және т.б.  
Халықты  әлеуметтік  қорғау  жүйесін 
қаржыландыруды  тар  және  кең  көзқараста 
қарастыру қажет. Тар көзқараста ол қаржы-
лардың орындалуының өзінің бірінші атқа-
рымдарымен  байланысты  түсіндіріледі, 
яғни  әлеуметтік  қорғау  саласындағы  көп-
шілік  –  құқықтық  және  жеке  –  құқықтық 
табыстарының  құрылу  үдерісіне  қызмет 
етеді  немесе  қаржылық  ресурстарды  та-
быстар  нысандары  мен  басқа  да  ақшалай 
түсімдерге жұмылдырады. 
Мысалы, 
Қазақстандағы 
Зейне-
тақыны  қорғау  институты  өзіне  мемле-
кеттік жинақтаушы зейнетақы қорын, мем-
лекеттік  емес  зейнетақы  қорын  және  олар-
ды ұйымдық құрылымдық басқаруын кірік-
тіреді,  ал  сондай  –  ақ  міндетті  және  өз 
еріктілігімен  зейнетақылық  қамтамасыз-
дандыру  мен  сақтандыруды,  ақшалар  ағы-
нының қозғалысына бақылау жүргізетін ор-
гандарын,  қаржылық  құқықтық  қамсыз-
дандыру  және  тағы  басқа  жүйелерді  кірік-
тіреді.  Әлеуметтік  қорғаудың  атаулы  қар-
жылық  институттары  халықты  әлеуметтік 
қорғау  саласында  мақсат  пен  міндетті  жү-
зеге  асыруды  қамтамасыз  етеді.  Олар  жос-
парлау  мен  бағаны  жүзеге  асырады  және 
қаржылық  құралдардың  (табыстар  мен 
түсімдердің)  қажетті  көздерін,  қаржылық 
ресурстарды  шоғырландырады,  қаржылан-
дыру  үдерістерін  ұйымдастырады және  тә-
сілдерін  анықтайды,  сонымен  бірге  шы-
ғыстарды  қаржыландырады,  операция-
лардың  заңдылығына  және  қаржылардың 
тиімді пайдаланылуына бақылау жүргізеді, 
басқа да функцияларды орындайды.  
Қазіргі  кезде  Қазақстан  халқын  әле-
уметтік  қорғау  жүйесі  негізгі  екі  эле-
менттен тұрады: әлеуметтік төлемдер және 
әлеуметтік қызметтер көрсету. 
Әлеуметтік төлемдер әлеуметтік қам-
сыздандыру  мен  әлеуметтік  көмекті  қам-
тиды. 
Әлеуметтік қамсыздандыруға зейнет-
ақылар және мемлекеттік жәрдемақыларды 
төлеу жатады. 
Әлеуметтік  көмекке  адресті  атаулы 
көмектер, тұрғын үйге берілетін көмек, ба-
ла туылғанда берілетін бір жолғы төлемдер 
жатады. 
Әлеуметтік қызмет көрсетулерге про-
тездік-ортопедиялық  бұйымдармен  қамта-
масыз  ету,  дәрігерлік-әлеуметтік  мекеме-
лерде қызмет көрсету, үйде әлеуметтік қыз-
мет  көрсетулер  жатады.  Әлеуметтік  қор-
ғауды  қаржыландыру  жүйесінің  қазіргі 
институционалдық  үлгілері  мынандай  қар-
жылық  институттардың  қызметі  арқылы 
жүзеге асырылады:  

СОЦИАЛЬНЫЕ АСПЕКТЫ ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
209 
1) 
мемлекеттік  міндетті  зейнет-
ақылық қамсыздандыру; 
2)  мемлекеттік  медициналық  қорғау-
ды қамтамасыз ету ; 
3)  радияциялық,  техногендік,табиғи 
және  басқа  да  апаттардан  зардап  шеккен 
азаматтарды  жәрдемақылармен  мемлекет 
тарапынан қамтамасыз ету;  
4)  жұмыссыздарды  мемлекеттік  қам-
сыздандыру (сақтандыру) ; 
5)  жұмыскерлерді  мемлекеттік  мін-
детті  әлеуметтік  сақтандыру  (уақытша  ең-
бекке  қабілетсіз  жағдайларда  зейнета-
қылық, сондай – ақ екі қабат және босанған 
кездерінде,  өндірісте  бақытсыздық  жағ-
дайлардан және кәсіптік аурулар, жерлеуге 
қосымша шығындар тәуекелдері және т.б;  
6)  аз  қамтамасыз  етілген  отбасы-
ларына  (тұлғаларға)  мемлекеттік  әлеумет-
тік көмек (мұқтаж азаматтарға) көрсету; 
7)  мемлекеттік  әлеуметтік  жеңіл-
діктер беру;  
8)  мемлекеттік  емес  (корпоративтік) 
ерікті зейнетақылық сақтандыру;  
9)  мемлекеттік  емес  (корпоративтік) 
ерікті әлеуметтік сақтандыру; 
10)  кәсіпорындардың  (корпорация-
лардың) өз жұмыскерлерін әлеуметтік ерік-
ті және міндетті сақтандыруы. 
Қазақстанда  жоғарыда  көрсетілген  7 
–  10  тармақшаларында  көрсетілген  халық-
ты  әлеуметтік  қорғаудың  түрлері  толық 
дамымаған. Ол өзінің қалыптасу және даму 
жолында көптеген қиыншылықтардан өтті. 
Осы  салаларда  қазіргі  кезеңде  шешілмеген 
проблемалар аз емес
Отандық  жағымсыз  және  жағымды 
тәжірибелерді  дұрыс  бағалау  халықты 
әлеуметтік  қорғауды  қаржыландырудағы 
басымдылықтарды анықтау үшін қажет. 
Әлеуметтік  қорғаудың  мақсаты  ха-
лықты  ұдайы  өндірудегі  тәуекелдіктің  за-
лалдарының  шығынын  өтеу  және  шама 
келгенше  шығынның  мөлшерін  төмендету 
және олардың алдын алу. Сондықтан, әлеу-
меттік  қорғауды  ұйымдастырудың  нәти-
жесі  ретінде  әлеуметтік  және  эконо-
микалық жағымсыз жағдайлардың қай мер-
зімде  пайда  болуына  қарамастан  әр  адам-
ның  өмір  деңгейі  мен  сапасы  қоғамда  бе-
кітілген  стандарттарға  сәйкес  келуі  –  ха-
лықтың  әлеуметтік  қорғалуы  деңгейін 
көрсетеді. 
Қазақстандық  ғалымдар  әлеуметтік 
қорғауды  «қоғамдық  дамудың  нақтылы 
жағдайларына  сәйкес  азаматтарға  қалыпты 
тіршілік әрекетінің кепілді  деңгейін қамта-
масыз етуге арналған басымдықтардың жә-
не оларды мемлекеттік және басқадай инс-
титуттар  арқылы  жүзеге  асыру  меха-
низмдер  жүйесі»  ретінде  қарастырады  [5]. 
Әлеуметтік  қорғау,  біздің  түсінігіміз  бой-
ынша,  қоғамда  орын  алған  өмір  сүру  дең-
гейінің әлеуметтік стандарттарын әр адамға 
қамтамасыз етудегі әлеуметтік тәуекелдікті 
басқару жүйесі. Әлеуметтік қорғау –эконо-
микалық  категория  ретінде  әлеуметтік 
тәуекелдік  пайда  болған  уақытта  адамның 
қайта  жаңғыруын  қамтамасыз  ету  мақса-
тымен  ұлттық  табысты  бөлу  кезіндегі 
пайда  болатын  экономикалық  қатынастар 
жиынтығы. 
Экономиканың  өсуі  қоғамдық  –  құ-
қықтық  және  жеке  -  құқықтық  табыс-
тардың құрылуына тікелей ықпал жасайды 
және  осы  қаражаттардың  халықты  әлеу-
меттік  қорғау  жүйесіне  бағытталуын  кү-
шейту  үшін  қолданылатын  нысандар  мен 
тәсілдерді ауқымды түрде қолданып, қоғам 
мүшелеріне  тек  қана  өмір  сүруіне  кепілдік 
беріп  қана  қоймай,  келешекте  тұрмыс  сал-
тының  әр  түрлі  деңгейіне  қол  жеткізуін 
қамтамасыз  ететін  қаржыландыру  жүйесін 
құруға жағдай жасайды. Бұл өз ретінде елі-
міздің  алдыңғы  қатарлы  дамыған  мемле-
кеттердің  әлеуметтік  деңгейге  жетуіне  ық-
пал етеді.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Закон  Республики  Казахстан  «Об  обя-
зательном  социальном  страховании»  от 
25 апреля 2003 года 
2.  "Қазақстан  Республикасында  мүгедек-
тердің  әлеуметтік  қорғалуы  туралы"  За-
ңы, 15 қараша 2005 жыл 
3.  "Қазақстан  Республикасындағы  арнаулы 
мемлекеттік  жәрдемақы  туралы"  Қа-
зақстан Республикасының заңы, 14 сәуір 
2006 жыл 
4.  "Қазақстан  Республикасында  мүгедек-
терді  әлеуметтік  қорғау  туралы"  ҚР  За-
ңы, 7 ақпан, 2006 жыл 
5.  Қазақстан  Республикасындағы  халықты 
әлеуметтік  қорғау  тұжырымдамасы  // 
Егеменді Казахстан.- 2001.- 21 тамыз 
6. Исахова П.Б. Состояние системы соци- 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет