Экономические проблемы образования и общества



Pdf көрінісі
бет28/43
Дата01.02.2017
өлшемі3,61 Mb.
#3201
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43
часть отечественных предприятий привати-
зирована,  неизбежно  будет  идти  преиму-
щественно  путем  продажи  иностранному 
инвестору  акций  акционерных  обществ, 
владеющих  предприятиями.  Поэтому  соз-
дание  вторичного  рынка  ценных  бумаг  - 
актуальнейшая проблема. 
Необходимо  предусмотреть  даль-
нейшую  дифференциацию  импортного  та-
рифа,  и,  в  частности,  ставок  пошлин  на 
машины и оборудование. Необходимо зна-
чительно облегчить импорт тех машин, ко-
торые  не  производятся  в  Казахстане,  но 
которые  способствуют  быстрому  научно-
техническому  росту  экономики.  Одновре-
менно  следует  проводить  умеренно  про-
текционистскую политику в отношении тех 
отраслей  отечественного  машиностроения, 
которые могут обновить производственный 
потенциал  казахстанской  промышленно-
сти. 
Необходимо принятие мер по сниже-
нию трансакционных издержек инвесторов, 
то есть не относящихся к прямым затратам 
на  реализацию  конкретных  проектов.  В 
этих целях следует: 
-  развивать  информационную  инфра-
структуру  инвестиционного  рынка  (кон-
салтинг,  институт  проектного  финансиро-
вания и т.д.); 
-  обеспечить  безопасность  инвесто-
ров  от  криминальной  среды,  установить 
порядок  определения  размеров  причиняе-
мого ущерба, в том числе за счет недобро-
совестной конкуренции. 
 
ЛИТЕРАТУРА 
1.  Оспанов  М.Т.,  Мухамбетов  Т.И.  Инве-
стиционный  капитал  и  инвестиции:  во-
просы  теории,  практики  привлечения  и 
использования. – Алматы, 1997 
2.  Золотогоров  В.Г.  Инвестиционное  про-
ектирование. – Минск, 2008 
3.  Уильям  Ф.  Шарп,  Гордон  Дж.  Алексан-
дер,  Джефри  В.  Бейли.  Инвестиции.  – 
М., 1997 
4.  Инвестиционно  –финансовый  портфель. 
– М., 2012 
5.  Мамыров  Н.К.,  Ихданов  Ж.  Государст-
венное регулирование экономики в усло-
виях Казахстана. –Алматы, 1998 
6.  Жапбасова  А.  Государственная  под-
держка  прямых  инвестиций  в  Республи-
ке  Казахстан.  \\  Вестник  КазГУ.  Серия 
экономическая. –2008, №11 
7.  Инвестиционный  климат  Казахстана: 
состояние  и  перспективы  развития.  \\ 
Аль-Пари- 2012, № 4-5 
 

СОЦИАЛЬНЫЕ АСПЕКТЫ ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
192 
УДК 341.3 
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ АДАМИ КАПИТАЛ 
Буткенова А.К. 
 
Адам  сияқты  шаһардың  да  тамырын 
жалғаған  қаны,  бойына  біткен  жаны 
болады.  Тек  оның  тәнін  тірі  қылатын  да, 
шаруасын  ірі  қылатын  да  –  шаһар  халқы. 
Бұл  ғұлама  Әл-Фарабидің  сөзі.  Осы  күнге 
дейін  өзектілігін  жоғалтпаған  даналықтың 
көзі.  Ең  алдымен  адами  капитал  мен 
әлеуметтік  саясаттың  жаңа  принциптерін, 
сол арқылы тұтас халықтың берекелі өмірін 
көздейтін бағыттарды басым етті [1]. 
Адами  ресурстардың  саны  мен 
сапасы  кез  келген  елдің  болашағын 
айқындайтын  негіз  құрушы  факторлар  бо-
лып  табылады.  Адами  капитал  -  бұл  инно-
вациялардың  және  экономиканың  тиімді-
лігін  арттырудың  негізгі  қозғаушы  күші. 
Болашаққа  салынған  инвестициялар  –  Қа-
зақстанның  адами  ресурстарының  сапасын 
ұзақ мерзімді кезеңде арттыру үшін қажетті 
шараларды қамтитын болады [2]. 
Нарықтық  экономика  базарлы  эко-
номика  –  еркін  кәсіпкерлік,  өндіріс  құрал-
жабдығына  меншік  нысандарының  көптігі, 
нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүр-
гізуші  субъектілер  арасындағы  шарттық 
қатынастар,  мемлекеттің  шаруашылық 
қызметке  шектеулі  түрде  араласуы  қа-
ғидаттарына  негізделген  экономика,  яғни 
тауарлар  мен  қызметтерді  өндіру,  бөлу, 
оны  бағдарламалау  және  реттеу  саласы 
нарықта біріктірілетін экономика [7]. 
Сондықтан  нарықтық  экономиканың 
дамуы  үшін  адами  капиталдың  ролі  өте 
жоғары  екенін  ату  жөн  деп  есептеймін. 
Қазіргі Қазақстан Республикасының эконо-
микасы инновациялық бағытта дамып келе 
жатыр.  Инновацияның  барлығын  қолдана 
алу  үшін,  мамандардың  білімі  тереңдей 
түсу  міндет.  Мемлекет  үшін  білімді  әрі 
білікті  мамандардың  көп  болуы  –  бола-
шаққа  жолдың  ашылуымен  тепе  тең  деп 
есептегендіктен  адами  капитал  жайлы  ой 
қозғағым келді [8]. 
Адами  капитал  -  жұмыскердің  еңбек 
ету  мүмкіндігін,  олардың  еңбегінің  жемісі 
болуын,  еңбек  өнімділігі  мен  сапасын 
керетін  білім,  біліктілік  ілім,  тәжірибе  ны-
саныңда  адамдарға  салынатын  капитал. 
Адами  капитал  заттық  (жеке)  капиталдан: 
сатылмауы  мен,  сатылып  алынбаушы-
лығымен,  тек  қана  адам  капиталы  жасаған 
қызметтер  ғана  сатылатындығымен  дара-
ланады.  Адам  капиталын  иеленуші  оның 
қожайыны да бола алады. Адам капиталын 
құру  үшін  материалдық  қаражат  жеткі-
ліксіз,  осы  капиталды  иеленушінің  еңбегі, 
сонымен  қатар  отбасы  мен  қоғамның 
рухани және мәдени салымдары қажет [3]. 
Адами капитал деген ұғым егемендік 
алғаннан  кейін  ерекше  маңызға  ие  болды. 
Тоталитарлық  социализм  дәуірінде  адами 
капитал  туралы  мәселеге  дәл  бүгінгідей 
көңіл  бөлінді  деп  айта  алмаймыз.  Адами 
капиталдың  ел  экономикасындағы  рөлін 
бағалап, оның дамуына тікелей ықпал етіп, 
көп  күш  жұмсаған  Тұңғыш  Президентіміз 
Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев.  Тәуелсіз-
діктің  алғашқы  күндерінен  бастап,  адами 
капиталды  дамыту,  оның  ішінде  халықты 
сапалы  біліммен  қамтамасыз  ету  -  Елбасы 
саясатының  басым  бағытына  айналды. 
Мемлекет  басшысы  «ақылды  экономика» 
құру  үшін  ең  алдымен  адами  капиталды 
дамыту қажет екенін бірнеше рет атап өтті 
[6]. 
Қазіргі  жағдайда  экономикалық  гүл-
денудің  ұзақ  мерзімді  негізі  адами  капи-
талдың  сапалы  сипаттамасын  дамыту  бо-
лып  табылады.  Білім  беруге  және  денсау-
лық  сақтауға,  бәсекеге  қабілетті  адами 
капиталды  құруға  инвестицияларды  құю  – 
бұл  Қазақстан  үшін  барынша  тиімді  даму 
стратегиясы болып табылады. 
Адами  капиталға  бөлінетін  инвести-
циялар жылдам өзгеретін әлемде бейімделе 
алатын  техникалық  прогрессивті,  өнімді 
жұмыс  күшін  құру  үшін  аса  қажет.  Бола-
шақтың  табысты  экономикасы  білім  бе-
руіне, халықтың дағдылары мен қабілетіне 
инвестициялайтындар  болмақ  Қазақстан 
Республикасында  білім  беруді  дамытудың 
2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасы. 
Адами ресурстарды дамыту еліміздің 
2020  жылға  дейінгі  Стратегиялық  даму 
жоспарындағы  басымдықтардың  бірі  ре-

СОЦИАЛЬНЫЕ АСПЕКТЫ ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
193 
тінде  айқындалған.  Білім  беруге  инвести-
ция  салу  арқылы  адами  капиталды  сапалы 
дамытуда нақты қол жеткен мақсаттар бар. 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді 
дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған 
мемлекеттік  бағдарламасын  іске  асыру 
нәтижесінде  2010  жылғы  1  шілдедегі 
жағдай бойынша білім берудің барлық дең-
гейі  тиісті  ұйымдар  желісімен  институ-
ционалды  қамтамасыз  етілген.  Білім  бе-
рудің  құрылымы  Халықаралық  білім  бе-
рудің  стандартты  жіктегішіне  сәйкес  кел-
тірілді. Оқытудың 12 жылдық моделін енгі-
зу  үшін  жағдайлар  жасалуда.  Техникалық 
және  кәсіптік  білім  қайта  құрылымдады. 
Мамандарды үш деңгейлі даярлау енгізілді: 
бакалавр – магистр – Ph.D докторы. Басты 
мақсаты:  Экономиканың  орнықты  дамуы 
үшін  сапалы  білімнің  қол  жетімділігін 
қамтамасыз  ету  арқылы  адами  капиталды 
дамыту,  білімнің  бәсекеге  қабілеттілігін 
арттыру. 
Елдің  адами  капиталы  тек  білім 
арқылы  ғана  көрінетіні  сөзсіз.  Ал,  білімде 
серпіліс  болмаса  –  инновациялық  дамуда 
серпіліс  болмайтыны  бесенеден  белгілі. 
Сондықтан,  қазақстандық  университеттер 
“білім  экономикасы  мен  әлеуетінің”  ұйыт-
қысы,  елдің  инновациялық  дамуының  те-
гершігі болуға тиіс. Әлемдегі білім мен ғы-
лымның,  мәдениеттің  ең  соңғы  тоғысатын 
жері  –  жоғары  білім.  Бізді  қоршаған  әлем 
үнемі  өзгеріс  үстінде  дамып  отырады.  Ол 
қаншалықты  күрделенген  сайын,  оны 
шешетін  жаңа  мүмкіндіктерге  де  кең  өріс 
ашылып отырады. 
"... Білім дамыған экономиканың қар-
жысына  айналды,  ал  зияткерлік  еңбектің 
жұмыскерлері  қоғамның  шамаларын  және 
құндылықтарды  айқындаушы  топқа  айнал-
ды.  Білім  байлықты  құрастырушы  нағыз 
қаржы және  басты  қорға  айналып  барады» 
(Питер  Ф.  Друкер.  Жаңа  нақтылықтар). 
«Байлықтың  формаларының  бірі  ғылым 
мен  технология  болып  табылады.  Ғылым 
және  технология,  немесе  бір  сөзбен  айт-
қанда  білім,  табыстың  пайда  болуына  ше-
шуші  рөльді  иемденіп  байлық  ретінде  қа-
растырылуы  керек.  Адамдар  және  мем-
лекет  білімге  деген  меншік  құқықтары  ту-
ралы  дауласады,  бұрындары  осындай  ара 
қатынас  жер  және  физикалық  капиталға 
болған» (Курт Ф. Флекснер). 
"Қазақстан - 2050" стратегиясындағы 
мемлекет  дамуының  жаңа  деңгейіне  жету 
мақсатында  Қазақстан  ұлттық  білім  беру 
жүйесіндегі  өз  басымдықтарын  толығымен 
қарап  шығуға  тиіс.  Осы  себеппен  рес-
публика білім беру үдерісін масштабты же-
тілдіруге кірісті. 
2020 жылға дейін білім  беру жүйесін 
дамыту  Бағдарламасына  тән  ерекшелік  ха-
лықаралық  талаптарға  сай,  болашақта  Қа-
зақстанды  заманауи  және  бәсекеге  қа-
білетті  кадрлармен  қамтып,  ғылыми  зерт-
теулер секторын жаңа сапалы деңгейге шы-
ғаруға  мүмкіндік  беретін  білім  беру  жүйе-
сінің  үлгісін  қалыптастыру  тапсырмалары 
болды. 
Қазақтан 
Республикасында 
2020 
жылға дейін білім беруді дамытудың ағым-
дағы  бағдарламасының  басты  мәселесі 
адам  капиталының  сапасын  көтеру  болып 
табылады.  Сонымен  қатар,  білім  беру  үде-
рісі  қолжетімді,  жағымды,  ашық,  көп  жос-
парлы  және  беделді  болатындай  мемле-
кетте  жағдай  жасалуы  тиіс.  «Бәсекеге  қа-
білетті дамыған ел болу үшін білімі жоғары 
ұлт  болуымыз  керек.  Қазіргі  заманда  жай 
ғана  сауатты  болу  жеткіліксіз.  Азамат-
тарымыз  ең  алдыңғы  қатарлы  құрал-жаб-
дықтармен,  ең  заманауи  өндірісте  жұмыс 
істеу  қабілеттерін  әрқашан  игеріп  отыруы 
тиіс»,  -  бұл  «Казақстан-2050»  стратегия-
сында  көрсетілген  ұлттық  білім  беруді 
дамыту  жаңа  тәсілдерінің  жорамалда-
рының бірі. 
Заманауи  әлемдік  үдерістерінің  жағ-
дайларында  неге  адам  капиталы  басты 
орын  алатынын  білу  үшін  жақын  арадағы 
жылдарға  және  тіпті  онжылдықтарға  елі-
міздің алдында қандай тапсырма тұрғанына 
көз жеткізу керек. 2012 жылдың желтоқсан 
айында  еліміздің  Президенті  айтып  кет-
кендей  «Қазақстан  -  2050»  мемлекет  да-
муының  жаңа  әрі  маңызды  стратегиясы 
мемлекет  дамуының  жаңа  векторын  көр-
сетіп  қана  қоймай,  Республиканы  өңірдегі 
көшбасшылар  қатарына,  және  де  Қазақ-
станда  жеке  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету 
үшін сенімді жағдай жасауға бағытталған. 
Осындай шарттардың бірі білімді, бә-
секеге  қабілетті  және  дамыған  ұлт  қалып-
тастыру болып табылады. Басқаша айтқан-
да,  болашақ  Қазақстанның  бәсекеге  қабі-
летті және қуатты адами капиталын қалып-

СОЦИАЛЬНЫЕ АСПЕКТЫ ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
194 
тастыру. 
2020 жылға қарай Қазақстан – білімді 
мемлекет,  ақылмен  құрылған  экономика 
және жоғары білікті жұмыс күші. Білім бе-
рудің  дамуы  еліміздің  экономикалық  өр-
кендеуінің  болашағы  сүйенетін  платфор-
масы болуы тиіс. 
Сапалы  адам  капиталының  болуы 
индустриялық-инновациялық  стратегияны 
ойдағыдай iске асырудың ажырамас шарты 
болып  табылады.  Бiлiм  беру  секторы 
барлық  елдер  экономикасының  тұрақты 
дамуын  қамтамасыз  ететін  басты  "отты 
нүктелердің"  бiрi  болып  отыр.  Ғаламдану 
жағдайында  экономикасы  дамыған  елдер 
неғұрлым  перспективалы  ғалымдар  мен 
жоғарғы  бiлiктi  мамандарды  шоғырлан-
дыруды  өзiнiң  басты  басым  саясаты  етіп 
алды. 
БҰҰБ-ның  2011  жылғы  «Тұрақты 
даму  және  мүмкіндіктер  теңдігі:  баршаға 
жарқын  болашақ»  баяндамасына  сәйкес 
Қазақстан  адам  әлеуетінің  дамуы  жоғары 
деңгейлі  елдердің  қатарында  (169  елдің 
арасында 86 орын). 
 
 
Сурет 1. Адам әлеуетінің дамуы 
 
 
 
Сурет 2. Қазақстанның АДИ (адами даму индексі) бойынша жылдар динамикасындағы 
орны 
 

СОЦИАЛЬНЫЕ АСПЕКТЫ ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
195 
 
Сурет 3. Білім беруді мемлекеттік қаржыландыру 
 
Соңғы  10  жылда  қаржыландыру  кө-
лемі  шамамен  10  есеге  артты.  Қаржы-
ландыру  көлемі  2011  жылы  1000,3  млрд. 
теңгені  құрады,  бұл  2010  жылғы  көрсет-
кіштерден 25,4%-ға артық. 
Жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан 
кейінгі білім беру: 
146  жоғары  оқу  орны  қызмет  етеді, 
оның  ішінде:  ұлттық  –  1,  «Назарбаев  Уни-
верситет»  ААҚ  –  1,  мемлекеттік  –  33,  ак-
ционерленген  –  16, жеке  меншік  –  73,  аза-
маттық емес – 13. 
 
 
Сурет 4. ЖОО-лар мен студенттер санының ара қатынасы 
 
Техникалық,  жаратылыстану  –  ғы-
лыми  және  ауыл  шаруашылық  мамандық-
тар  бойынша  мемлекеттік  тапсырыстың 
көлемі  ҮИИД  жобаларының  талаптарына 
сай 362 орынға ұлғайды. 36 046 білім беру 
гранты,  оның  ішінде  2  275  –  дайындық 
бөлімі үшін тағайындалды. 
 
 
Сурет 5. Білім беру гранттары 
 

СОЦИАЛЬНЫЕ АСПЕКТЫ ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
196 
Базалық  ЖОО-ларда  магистрлер  мен 
PhD  докторларды  мақсатты  даярлау  тетігі 
әзірленді:  мемлекеттік  тапсырыс  магистра-
тураға – 5159 орынды, PhD докторантураға 
– 500 орынды құрайды. 
Алғаш  рет  2011  жылы  мемлекеттік 
қаражаттың  есебінен  магистранттар  ке-
ңестік  кезеңнен  кейінгі  Еуропа,  Оңтүстік 
Шығыс  Азия,  Қытай,  Корея  елдерінің 
ЖОО-ларына бір академиялық кезеңге оқу-
ға барды. 
Назарбаев Университеті дүниедегі ең 
үздік  ЖОО-ның  30-ына  кіретін  универ-
ситеттермен ынтымастықтық туралы 11 ке-
лісім  шарт  жасасты.  Оның  ішінде  UCL 
(University  College  London),  Duke  Uni-
versity,  iCarnegie,  University  of  Wisconsin-
Madison, UPenn (University of Pennsylvania), 
LKY  School  of  Public  Policy  (National 
University of Singapore) бар. 
Қазақстандағы ғылымды дамыту: 
Ғылыми ұйымдар динамикасы, бірлік 
 
 
Сурет 6. Қазақстандағы ғылымды дамыту 
 
Ғылыми 
инфрақұрылым 
дамуда, 
ғылыми ұйымдардың желісі ұлғаюда: 
Соңғы  10  жылда  ғылыми  ұйымдар-
дың саны 60 %-ға артты. Қазіргі таңда 424 
түрлі ғылыми ұйым қызмет етуде [4]. 
Еліміз  тәуелсіздік  алғалы  айтылып 
келе  жатқан  мәселенің  бірі  адам  факторы 
болып  табылатындығы  сөзсіз.  Өйткені 
мемлекеттің іргетасын қалаушы күш болып 
табылатын  әр­бір  адам  сол  мемлекеттің 
баға  жетпес  капиталы  да.  Басқасын  айт-
пағанда, біздің жұмыссыздықты еңсеру ба-
ғытында  жеткен  табыстарымыздың  өзі 
халықаралық қауымдастықтың назарын ау-
дарарлықтай  деңгейде.  Экономикалық  да-
мудың  өтпелі  кезеңіндегі  Қазақстан  жағ-
дайында  жұмыссыздықтың  біршама  белең 
алғаны рас. Бірақ бұл өзекті мәселені шешу 
жолындағы  мемлекеттің  мақсаткерлікпен 
жүргізіп  жатқан  жұмыстары  өз  нәтижесін 
бере бастаған [5]. 
Қорыта  келгенде,  нарықтық  эконо-
мика  ол  біздің  еліміздің  дамуы  үшін  алға 
тартатын  элементтің  бірі  болып  табылады. 
Алайда  экономикада  инновацияларды  қол-
данғанда  ғана  еліміз  көркейеді  деп  санай-
мын. Адами фактор, яғни адами капитал ол 
кез  келген  экономиканың  алға  не  болмаса 
артқа  тартуына  себеп  болатын  элемент 
болып  табылады.  Себебі,  адами  капитал 
дегеніміз  -  кез  келген  салада  халықтың  бі-
лімді  болуында,  яғни  азаматтарда  жоғары 
білімнің болуы шарт не болмаса жоғары бі-
лім  болмаса  да  өз  маманының  иесі  болуы 
керек  деп  түсінемін.  Қазіргі  кезде  орта  не-
месе  кәсіби  білім  алу  үшін  көптеген  жағ-
дайлар  жасалуда.  Ол  еліміздің  саясатында 
қарастырылған.  Көптеген  жаңа  техно-
логияларды  мемлекет  шетелден  сатып 
алғанмен,  олармен  жұмыс  жасай  алу  үшін 
сол  техниканың  тілін  білетін  мамандар 
жеткіліксіз.  Егер  өзіміздің  мамандарымыз 
болса,  шетелден  басқа  мамандарды  ша-
қырмай,  қаражаттың  барлығы  өз  елімізде 
қалады.  Қазіргі  кезде  бұл  сұрақ  өте  өзекті 
болып  келгендіктен,  жан-жақты  зерттеліп 
қарастырылуда.  Нарықтық  экономикада 
адами капиталдың орны ерекше деп ойым-
ды аяқтағым келеді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. 
www.nomad.su
 

СОЦИАЛЬНЫЕ АСПЕКТЫ ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
197 
2. 2020 стратегиясы 
3.  Орысша-қазақша  заңдық  түсіндірме  сөз-
дік-анықтамалық.-  Алматы:  Жеті  жарғы, 
2008 
4. 
www.nac.gov.kz
 
5. 
http://pr-hal.kz
 
6. 
www.edu.kz
 
7.  Қазақ  Энциклопедиясы  "Қазақ  Энци-
клопедиясы", 6 том 
8.  Әкімбеков  С.,  Баймұхаметова  А.С.,  Жа-
нандаров  У.А.  Экономикалық  теория. 
Оку құралы. – Астана, 2002. 
 
 
 
УДК 352.075 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ 
БАСҚАРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Кинашева Ж.Б. 
 
Заманауи  әлемде  мемлекеттің  әл-
ауқаты  жалпы  ұлт  әлеуетін  және  жекелей 
алғанда азаматтардың мүмкіндіктерін тиім-
ді  пайдаланумен  айқындалады.  Сондықтан 
көптеген  дамыған  елдер  жергілікті  өзін-өзі 
басқару үлгісін жетілдіруге ұмтылады. 
Биліктің  осы  деңгейі  халыққа  ба-
рынша жақын, негізінен оны халық қалып-
тастырады,  оның  бақылауында  болады 
және халықтың негізгі өмірлік қажеттілігін 
қамтамасыз  ету  мәселесін  шешеді.  Жер-
гілікті  өзін-өзі  басқару  ұтымды  құрылса, 
тек  жергілікті  ресурстардың  жұмсауы  оң-
тайланып  қана  қоймай,  сонымен  қатар,  ха-
лықтың билікке деген сенімі едәуір артады. 
Мемлекет  дамуының  бүгінгі  кезеңінде 
мұндай мәселе Қазақстанның алдында тұр. 
Мемлекеттік  басқару  жүйесінің  тиімділігі 
мен  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру  жер-
гілікті  қоғамдастықтың  тыныс-тіршілігін 
тікелей  қамтамасыз  ететін  бірқатар  функ-
цияларды  жергілікті  өзін-өзі  басқаруды 
реттеу саласына беруді талап етеді. 
Азаматтық  қатысу  формаларын  да-
мыту  Қазақстандағы  жергілікті  өзін-өзі 
басқару  туралы  заңнамасына  сәйкес  Шы-
ғыс  Қазақстан  облысы  жергілікті  өзін-өзі 
басқару  институттарының  негізгі  даму  бо-
лашағы болып табылады. «Аймақтарды да-
мытудың  2011-2015  жылдарға  арналған 
бағдарламасын»  бекіту  Шығыс  Қазақстан 
облысында жергілікті өзін-өзі басқару инс-
титуттарын  алдағы  уақытта  дамытуға  ал-
ғышарт  болды  [1].  Алайда  бүгінгі  таңдағы 
тәжірибе  жергілікті  маңызы  бар  мәсе-
лелерді  азаматтардың  қатысуымен  шешу 
толығымен  жүзеге  асырылмай  отыр-
ғандығын көрсетті. Осыған орай жергілікті 
өзін-өзі  басқарудың  Қазакстандык  үлгісін 
калыптастыру  мәселелерін  зерттеу  –  стра-
тегиялық  міндеттерді  табысты  жүзеге 
асыру фактілерінің бірі болып табылады. 
Жергілікті  өзін-өзі  басқару  жүйесін 
дамыту  экономикалық  өркендеудің,  әлеу-
меттік  әл-ауқаттың  және  азаматтық  қоғам-
ды  қалыптастырудың  міндетті  шарттары-
ның бірі болып табылады. 
Қазақстан  Республикасында  жергі-
лікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы – бұл 
мемлекет  институттары  мен  азаматтық  қо-
ғамның дамуымен, елдің әлеуметтік-эконо-
микалық  дамуының  жалпы  деңгейімен, 
жергілікті  халықтың  өміріне  тікелей  әсер 
ететін  басқа  да  факторлармен  және  жағ-
дайлармен  байланысты  көп  кезеңді  және 
серпінді процесс. 
Жергілікті  өзін-өзі  басқару  анықта-
масына  сүйене  отырып,  жергілікті  өзін-өзі 
басқарудың  төмендегі  қызметтерін  бөліп 
көрсетуге болады (сурет 1): 
- халықтың жергілікті істерді шешуге 
қатысуын қамтамасыз ету; 
- муниципалды меншікті басқару; 
-  сәйкес  аймақтың  дамуын  қамта-
масыз ету; 
- қоғамдық тәртіпті қорғау; 
-  заңмен  кепілдеген  жергілікті  өзін-
өзі  басқарудың  мүдделері  мен  құқықтарын 
қорғау; 
-  халықтың  әлеуметтік-мәдени,  ком-
муналды-тұрмыстық  және  басқа  да  қыз-
меттердегі қажеттіліктерін қамтамасыз ету; 
-  муниципалды  меншікті,  яғни  жер-
гілікті  қоғамдастықтың  иелігіндегі  мүлікке 
қожалық ету. 

СОЦИАЛЬНЫЕ АСПЕКТЫ ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
198 
 
Сурет 1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қызметі 
 
Қазақстанда  белгілі  бір  экономи-
калық және қаржылық дербестікке ие, әле-
уметтік-экономикалық  қайта  құруды  жүр-
гізуде  мемлекетке  көмек  көрсетуге  және 
өздеріне  жүктелген  әлеуметтік  функция-
ларды  орындауға  қабілетті  жергілікті  өзін-
өзі  басқару  органдарының  тиімді  жүйесі 
құрылатын болады. 
Бүгінгі  күні  мемлекеттік  мекеме 
ұйымдық-құқықтық 
нысанында 
ауыл 
(село), кент, аудандық маңызы бар қалалар, 
сондай-ақ  қалалардағы  аудандар  әкім-
дерінің аппараттары қалыптасқан. Бұл рет-
те олардың дербес бюджеті жоқ, бірақ бюд-
жеттік  бағдарламалардың  әкімшісі  болып 
табылады.  Аталмыш  шығыстар  аудан 
(облыстық  маңызы  бар  қала)  бюджетінің 
құрамында  қарастырылып,  оларды  тиісті 
мәслихаттар  бекітеді.  Бұл  шығыстар  мек-
тепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  білім  беруді 
жүзеге  асыруға,  мұқтаж  азаматтарға  үйде 
әлеуметтік  көмек  көрсетуге,  елді-ме-
кендерді абаттандыру мен көгалдандыруға, 
шаруашылық  есепке  алуға  және  т.б. 
бағытталған. 
Ауыл  (село),  ауылдық  (селолық) 
округ,  кент  әкімдеріне  бірқатар  міндеттер 
жүктелген,  бірақ  олар  қаржымен  қалдық 
қағидаты бойынша қамтамасыз етіледі. Нә-
тижесінде  бұл  әкімдер  жергілікті  маңызы 
бар  мәселелерді  тиімді  шешуде  қабілетсіз, 
осылайша  халық  тарапынан  объективті 
наразылық туады. 
Бұл  мәселені  шешу  үшін  бастапқы 
кезеңде  2012  жылдан  бастап  «Өңірлерді 
дамыту»  бағдарламасы  шеңберінде  жергі-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет