Экономические проблемы образования и общества


СОЦИАЛЬНЫЕ АСПЕКТЫ ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ



Pdf көрінісі
бет29/43
Дата01.02.2017
өлшемі3,61 Mb.
#3201
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43

СОЦИАЛЬНЫЕ АСПЕКТЫ ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
199 
лікті  маңызы  бар  өзекті  мәселелерді  шешу 
үшін өңірлерді қаржылық қолдау тетігі іске 
асырылуда.  Осы  тетіктің  маңызды  буыны 
іс-шараларды  іріктеу  мен  бөлінген  қара-
жатты  бөлу  кезінде  халықтың  қатысуы 
болып табылады. 
Қазіргі  уақытта  жергілікті  басқа-
рудың  ең  төменгі  деңгейінде  дербес  бюд-
жеттерді  қалыптастыру  аудандық  бюджет-
тердің  көбі  субвенциялы  болғандықтан 
тежелуде.  Төменгі  басқару  деңгейіндегі 
бюджет  қалыптасқан  жағдайда,  ол  да  суб-
венциялы  болуы  мүмкін  (мысалы:  Ақмола 
облысының  барлық  17  ауданы  облыстық 
бюджеттен  субвенция  алады,  Қарағанды 
облысындағы  9  ауданның  8  ауданы 
субвенциялы) деп күтуге болады. 
Жергілікті өзін-өзі басқаруды тікелей 
жүзеге асыруда бірқатар шешілмеген мәсе-
лелер де бар. 
Қолданыстағы  заңнамада  жиналыс-
тардың  (жиындардың)  жүргізілу  тәртібі 
мен  шешімдерін  қабылдауды  облыстық, 
республикалық  маңызы  бар  қала  және 
астана  мәслихаттары  айқындайтыны  және 
бұл  ретте  әрқайсысы  жиындарды  жүргі-
зудің  өз  тәртібін  қабылдауы  тиіс  екендігі 
көзделген. 
Алайда  заңнамада  көзделген  жина-
лыстарда  (жиындарда)  жергілікті  маңызы 
бар  мәселелерді  талқылауға  азаматтардың 
қатысуы  жөніндегі  нормалар  бүгінгі  іс 
жүзінде  орындалмай  отыр.  Заңнамада 
жиналыстардың  (жиындардың)  қалыптас-
тырылу, өткізілу тәртібі мен өкілеттігі рег-
ламенттелмеген. Ауылдық деңгейдегі әкім-
дердің  жүктелген  функцияларды  жүзеге 
асыруы  кезінде  олардың  жеткіліксіз  дер-
бестігін  айқындайтын  негізгі  проблемалық 
сәттердің  бірі  дербес  қаржы  қаражатын, 
мүлікті  және  басқа  да  ресурстық  мүм-
кіндіктерді  иелену  және  оларға  билік  ету 
құқығының шектелуі болып табылады. 
Ауыл әкімдерінің шаруашылық және 
әлеуметтік  салаларда  шешімдер  қабыл-
даудағы  қолда  бар  жергілікті  ресурстарды 
–  жер,  мүлікті  қалай  пайдалануға  бо-
латындығы,  шағын  және  орта  бизнестің 
өсуіне  нақты  жәрдемдесу  мәселелерін  ше-
шуде  өкілеттіктерін  кезең-кезеңімен  ке-
ңейту қажет. 
Басқарудың  төменгі  деңгейінде  елді 
мекенді  кешенді  әлеуметтік-экономикалық 
орнықты  дамытуды  қамтамасыз  ету  үшін 
ауданды  (облыстық  маңызы  бар  қаланы) 
дамытудың  қолданыстағы  бағдарлама-
ларына  осы  аумақтағы  тұрғындардың  бі-
рінші кезектегі қажеттіліктері мен мұқтаж-
дықтары көрініс табатын, жергілікті қоғам-
дастықтың  тіршілігін  қамтамасыз  етуге 
бағытталған  бюджеттік  бағдарламаларды 
қалыптастыру үшін негіз болып табылатын 
кіші бөлім енгізу қажет. 
Жергілікті өзін-өзі басқару тиімділігі 
көбінесе  өзін-өзі  басқарудың  құқықтық, 
ұйымдастырушылық  және  экономикалық 
негізін  қамтамасыз  ететін  қажетті  заңдар-
дың  барлық  кешенінің  болуына  ғана  емес, 
сондай-ақ  халықтың  жергілікті  өзін-өзі 
басқару  жүйесінде  өзінің  құқықтары  мен 
мүмкіндіктерін  түсінуіне,  жергілікті  өзін-
өзі  басқаруды  жүзеге  асырудың  нақты 
қабілетіне де байланысты болады. 
Ауыл  тұрғындарының  көпшілігінің 
жергілікті  өзін-өзі  басқаруды  жүзеге  асы-
рудағы  өз  құқықтары  мен  мүмкіндіктерін 
түсінуге  қатысты  құқықтық  сауаттылы-
ғының  ағымдағы  деңгейін  ескере  отырып, 
халыққа  қоғам  мен  мемлекеттегі  өзін-өзі 
басқарудың  рөлі  мен  орнын  түсіндіруде 
ақпараттық-насихаттау  ісін  жандандыру 
қажет. 
Тұрғындары жинақы тұратын төменгі 
деңгейдегі  әкімшілік-аумақтық  бірлікте 
жергілікті  өзін-өзі  басқару  тиімді  жұмыс 
істейтінін  әлемдік  тәжірибе  айғақтайды. 
Қазақстанда  –  бұл  ауыл,  село,  ауылдық 
(селолық)  округ,  кент,  аудандық  маңызы 
бар қала, қаладағы аудан. 
Жергілікті  өзін-өзі  басқару  орган-
дарына өкілеттіктерді кезең-кезеңімен беру 
қажет,  әйтпесе  өзін-өзі  басқару  органдары 
өздерінің  алдарына  қойылған  міндеттерді 
орындай алмауы мүмкін. Мемлекеттік инс-
титуттар  тарапынан  болсын,  азаматтар  та-
рапынан болсын жергілікті өзін-өзі басқару 
органдарына  деген  сенім  олардың  жұмыс 
процесінде ғана пайда болады. 
Қазақстан  Республикасының  2020 
жылға  дейінгі  Стратегиялық  даму  жос-
парында жалпы саяси жүйені одан әрі жаң-
ғыртудың,  оның  ішінде  жергілікті  өзін-өзі 
басқаруды  дамытудың  басымдығы  анық-
талған. Қазақстанда 2020 жылға қарай өкіл-
ді  биліктің  маңызы  арта  түсетіндігі,  үздік 
халықаралық  стандарттарға  сәйкес  келетін 

СОЦИАЛЬНЫЕ АСПЕКТЫ ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
200 
жергілікті  өзін-өзі  басқару  және  азаматтық 
қоғамның  тиімді  институттары  құрылады 
деп күтіледі [2]. 
Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Да-
му  стратегиясының  ережелерін  негізге  ала 
отырып,  2012  жылы  қабылданған  Жер-
гілікті  өзін-өзі  басқару  Тұжырымдама-
сының мақсаты – біздің елімізде жергілікті 
өзін-өзі  басқару  жүйесін  одан  әрі  дамы-
тудың  негізгі  тұжырымдамалық  бағыт-
тарын айқындау [3]. 
Көрсетілген  мақсатқа  қол  жеткізу 
үшін  жоғарыда  аталған  түйінді  пробле-
маларды  ескере  отырып,  мынадай  мәсе-
лелерді шешу көзделеді: 
1) ауылдар (селолар), кенттер, аудан-
дық  маңызы  бар  қалалар  деңгейлерінде 
басқару  шешімдерін  қабылдау  кезінде  ха-
лықтың  қатысуын,  мүдделілігін  және  жау-
апкершілігін  ынталандыру  жолымен  жер-
гілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) ар-
қылы  жергілікті  маңызы  бар  мәселелерді 
шешуде халықтың рөлін біртіндеп арттыру; 
2)  қалалар  деңгейінде  жергілікті  ха-
лықты толғандыратын ең маңызды пробле-
маларды  шешу  үшін  басқару  шешімдерін 
қабылдау процесіне халықтың белсенді бө-
лігін тарту тетігін енгізу; 
3)  аудандық  маңызы  бар  қалаларда, 
ауылдық  (селолық)  округтерде,  ауылдық 
(селолық)  округтердің  құрамына  кірмейтін 
ауылдарда  (селоларда)  әкімдерді  тағайын-
дау немесе сайлау кезінде мәслихаттардың 
рөлін арттыру; 
4) жергілікті маңызы бар мәселелерді 
шешуде  басқарудың  төменгі  деңгейінің 
қаржылық  және  экономикалық  дербестігін 
кеңейту. 
Аталған  мәселелерді  іске  асыру 
кезеңі: 
- бірінші кезең (2013–2014 жылдар) – 
басқарудың төменгі деңгейлеріндегі қолда-
ныстағы жүйенің әлеуетін кеңейту; 
-  екінші  кезең  (2015–2020  жылдар)  – 
жергілікті  өзін-өзі  басқаруды  одан  әрі 
дамыту. 
Күтілетін нәтижелер: 
1)  жиналыс  пен  жиын  арқылы  ха-
лықтың  еркін  білдіру  бөлігінде  жергілікті 
өзін-өзі  басқаруды  жүзеге  асыруға  деген 
азаматтардың конституциялық құқығын іс-
ке асыруды қамтамасыз ету; 
2)  2013  жылдың  соңына  дейін  ау-
дандар  (қалалар)  мәслихаттарының  сайлау 
арқылы аудандық маңызы бар қалалардың, 
ауылдық  (селолық)  округтердің,  ауылдық 
(селолық)  округтердің  құрамына  кірмейтін 
ауылдардың  (селолардың)  әкімдерін  сай-
лауды енгізу; 
3)  басқару  шешімдерін  қабылдауға 
қатысу арқылы халықтың рөлін, оның елді 
мекендерді  абаттандыру  мәселелерін  сапа-
лы  шешуге  қатысуын  арттыру,  сапалы 
тұрғын  үй-коммуналдық  қызметтерді  алу-
ға,  санитарлық  жағдайды,  қоғамдық  тәр-
тіпті  жақсартуға  халықтың  мүдделілігін 
арттыру; 
4)  қала  халқын  жергілікті  пробле-
маларды шешуге белсенді тарту; 
5)  жергілікті  маңызы  бар  пробле-
маларды  шешуге  бөлінген  бюджет  қара-
жатын пайдаланудың мониторингіне жергі-
лікті халықтың қатысуы; 
6)  жергілікті  маңызы  бар  өзекті  мә-
селелерді шешуде төменгі деңгейдегі  әкім-
дердің  дербестігін  кезең-кезеңімен  және 
дәйекті нығайту; 
7) ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын 
жүргізу  арқылы  қазақстандықтардың  қо-
ғамның  тыныс-тіршілігінің  маңызды  про-
блемаларын  шешуде  азаматтық  белсен-
ділігін арттыру. 
Қазақстанда  белгілі  бір  экономи-
калық  және  қаржылық  дербестікке  ие, 
әлеуметтік-экономикалық  қайта  құруды 
жүргізуде  мемлекетке  көмек  көрсетуге  жә-
не  өздеріне  жүктелген  әлеуметтік  функ-
цияларды  орындауға  қабілетті  жергілікті 
өзін-өзі  басқару  органдарының  тиімді 
жүйесі құрылатын болады. 
Қазіргі  уақытта  мемлекеттік  функ-
цияларды  жүзеге  асыруда  жергілікті  өзін-
өзі басқару органдарының қатысуын қамта-
масыз  ету  қажет.  Бұл  мемлекеттік  басқа-
рудың бірқатар мәселелерін жергілікті жер-
де  шешудің  барынша  орындылығымен 
түсіндіріледі.  Өз  кезегінде  жергілікті  өзін-
өзі басқару органдары мен мемлекеттік би-
лік  органдары  арасындағы  осындай  өзара 
қатынастар  схемасы  басқарудың  деңгей-
лері  арасында  өкілеттіктерді  қайта  бөлуге 
әкеледі, бұл ретте біздің  еліміздің  біртұтас 
құрылымын  сақтай  отырып  бұл  орган-
дардың өңірлік міндеттерді шешуге бірлесе 
қатысуын қамтамасыз етеді. 
Өскемен  қаласында  16  жылдан  бері 

СОЦИАЛЬНЫЕ АСПЕКТЫ ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
201 
бері жұмыс істеп келе жатқан өзіндік жер-
гілікті  өзін  –  өзі  басқару  жүйесі  қа-
лыптасқан.  1996  жылдан  бастап  қала  Жер-
гілікті  өзін-өзі  басқару  комитеттерінің  фи-
лиалдарының  басшылығындағы  10  ықшам 
ауданға бөлінді. 
Қазіргі  кезде  қала  аумағы  14  ықшам 
ауданға  бөлінген,  оның  әрқайсысында 
«Өскемен  қ,  әкімдігінің  істерін  басқару» 
КМҚК  филиалдары  жұмыс  істейді.  Фи-
лиалдар  қала  әкімінің  толық  құқылы  өкіл-
деріне  айналды.  Оларды  міндеті  –  жер-
гілікті  билік  пен  тұрғын  халық  арасында 
байланыстырушы  буын  қызметін  атқару. 
Филиалдардың  басты  қызметі  -  жергілікті 
жердегі  атқарушы  биліктің  ведомствосына 
тиесілі  аумағындағы  тұрғын  халықтың 
тіршілік  әрекетін  қамтамасыз  ету,  азамат-
тардың  конституциялық  құқықтары  мен 
бостандығын  қорғау,  олардың  жеке  бас-
панасын,  жылжитын  және  жылжымайтын 
мүлігінің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету 
болып табылады [4]. 
Филиалдарға  төменгі  дей  міндеттер 
жүктеледі: 
1)  жеке  және  заңды  тұлғалардың  өз-
деріне  бөлінген  және  бекітілген  аумақ-
тарын көркейту және санитарлық күту ере-
желерін орындауын бақылау; 
2)  ПИК-пен  (КСК)  тұрғын  үй  қорын 
жұмыс күйінде ұстау, оны уақытында жөн-
деу және қыс маусымына әзірлеу бойынша 
өзара қарым-қатынас ұйымдастыру; 
3)  ПИК  барлық  мүшелерінің  Тұрғын 
үй  қатынастары  туралы  заңын  және  ПИК 
жарғысын орындауын бақылау; 
4)  тұрғындарға  коммуналдық  қызмет 
көрсететін  жеткізушілермен  және  қала  ау-
мағында жөндеу  және  тазалап  сыпыру  жұ-
мыстарын  орындауға  конкурсты  жеңіп 
алған  кәсіпорындармен  өздерінің  келісім-
шарттық  міндеттерін  уақытында  және  са-
палы орындалуы бойынша жұмыс істеу; 
5)  жеке  және  заңды  тұлғаларға  бекі-
тілмеген  қала  аумағын  күтіп  ұстау  бойын-
ша жұмыстар ұйымдастыру; 
6) 
басқа 
билік 
органдарының 
араласуын  қажет  етпейтін  әртүрлі  даулы 
жағдайларды шешу; 
7)  тұрғын  халық  арасында  мүлік  жә-
не жер салығын ұйымдастыру және жинау; 
8)  сайлау,  пікір-терім  және  рефе-
рендум  әзірлеу  және  өткізу  жұмыстарына 
қатысу; 
9) аумақ мәселелерін шешу үшін аза-
маттардың жиынын өткізу; 
10) жергілікті деңгейде мерекелік жә-
не  басқа  да  жалпы  қалалық  іс-шараларды 
ұйымдастыру. 
Өздерінің  аумақтық  бөлінуіне  қарай 
филиалдар  қаланың  барлық  ықшам  аудан-
дарын  қамтиды.  Олар  әлеуметтік-демогра-
фиялық сипаттағы деректер қорын әзірлеп, 
аумақ  паспортын  жасады.  Қазіргі  кезде 
барлық  филиалдар  көлікпен,  ұйымдастыру 
техникасымен: компьютерлермен, принтер-
лермен,  факстермен  қамтамасыз  етілген. 
Олар  өздерінің  қызметін  Конституцияға 
және  ҚР-ның  заңына  сәйкес  әзірленген 
Жарғы  негізінде  жүзеге  асырады.  Фи-
лиалдар  белгілі  бір  филиалдың  аумағында 
орналасқан  кәсіпорындардың  еңбек  ұжым-
дарымен,  пәтер  иелерінің  кооператив-
терімен,  учаскелік  инспекторларымен  ты-
ғыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. 
Қазіргі  кезде  филиалдар  әкімдіктің 
ведомствосындағы  құрылым  болып  табы-
латынына  қарамастан,  олар  мемлекеттік 
билік  пен  тұрғын  халық  арасындағы  бай-
ланыстырушы буын рөлін атқарып, тұрғын 
халыққа  жергілікті  мәселелі  сұрақтарын 
шешімін  табуға  іс-тәжірибелік  көмек  көр-
сетеді. 
Ел  дамуының  қазіргі  кезеңінде,  мем-
лекеттік  басқарудың  тиімділігін  арттыру 
қажеттігін  ескере  отырып,  реформаларды 
жүзеге  асыру  орталығын  мемлекеттік  бас-
қарудың  төменгі  деңгейлеріне  көшіру  мен 
жергілікті  өзін-өзі  басқарудың  нақты 
жүйесін  құру  сұрақтары  басым  болып 
отыр. 
Дамыған  елдердің  демократиялық 
дәстүрлері  жергілікті  өзін-өзі  басқарудың 
тиімді қызмет атқаруының белгілі бір жал-
пыға  бірдей  қағидаларын  тұжырымдауға 
мүмкіндік береді. Оларға келесілер жатады: 
- қаражат пен шаруашылық дербестік 
сұрақтарындағы  кең  мүмкіндіктер  мен  құ-
қықтар, соның ішінде, тұрғындарға, кәсіпо-
рындар мен ұйымдарға, саналы салық салу 
арқылы; 
-  аталған  аумақта  тұрып  жатқан  тұр-
ғындардың  тіршілігін  қамтамасыз  ету  сұ-
рақтарында  әрекет  етудің  айтарлықтай  кең 
мүмкіндіктері; 
- мемлекеттік араласудың, тек заңмен 

СОЦИАЛЬНЫЕ АСПЕКТЫ ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
202 
белгіленген өрісімен шектелуі; 
-  құқықтық  реттеу  жүйесін  халыққа 
қызмет көрсету  салаларына тікелей шаруа-
шылық басқару жүйесінен ажырату; 
-  жергілікті  өзін-өзі  басқарудың  дең-
гейлерін, әр біреуіне бір-біріне кереғар кел-
мейтін  ықпал  ету  өрісі,  құзыретін  анықтау 
арқылы нақты айыру; 
-  алмастырылатын  және  тұрғындар 
алдында  жауапты  сенімділердің  сайлау  ар-
қылы  өзін-өзі  басқару;  шешім  қабылдау 
мен басқару процесстерінің кең әлеуметтік 
негізі. 
Президенттің  «Қазақстан  2050»  атты 
Қазақстан  халқына  Жолдауында  Қазақстан 
Президенті  Н.  Назарбаев  басқару  жүйеле-
рін  орталықтан  жергілікті  деңгейге  орта-
лықсыздандыру, басқару стратегиясындағы 
ең  негізгі  қағида  екендігін  атап  өтті,  яғни 
«Біз 
басқаруды  орталықсыздандыруды 
сауатты  жүргізуіміз  керек.  Орталықсыз-
дандыру  идеясының  мәні  –  шешім  қа-
былдау  үшін  құқықтар  мен  қажетті  ре-
сурстарды  орталықтан  өңірлік  билік 
органдарына  беру.  Біз  2013  жылы  жауап-
кершілік  пен  өкілеттіктерді  орталық  пен 
өңірлер  арасында  бөлу  жөнінде  нақты  ша-
ралар  қабылдауымыз  қажет»  деп  атап  өтті 
[5]. 
Жергілікті  өзін-өзі  басқарудың  да-
муы  мемлекеттік  басқаруды  орталықсыз-
дандыру  үрдістерін  жүзеге  асырудың  не-
гізгі  элементі  болып  көрінеді.  Бұл  үрдісті 
жүзеге  асыру  үшін,  демократиялық  мемле-
кеттің  қызмет  атқару  талаптарына  жауап 
беретін,  қоғамдық  басқарудың  бүтін  жүйе-
сін  құруға  мүмкіндік  беретін,  дәйекті  іс-
шаралар кешенін дайындау қажет. 
Әлемдегі  жергілікті  өзін-өзі  басқа-
рудың  дамуының  тарихи  тәжірибесі,  оның 
үнемі  мемлекетпен,  мемлекеттік  басқару-
мен  тығыз  байланыста  болғандығын,  жер-
гілікті  деңгейде  оның  жалғасы  ретінде 
болып,  сонымен  қатар,  дербес,  көп  ретте 
мемлекеттік  құрылымдардан  тәуелсіз  асы-
рылатын,  айтарлықтай  өкілеттікке  ие  бол-
ғандығын айғақтайды. 
Нақты  қызмет  атқаратын  жергілікті 
өзін-өзі  басқару  институтын  құру  мемле-
кеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару 
арасындағы  мемлекеттік  жүйелерді  орта-
лықсыздандыру  реформаларын  ары  қарай 
жалғастырусыз  мүмкін  емес,  бұл  қадам 
жергілікті  билік  деңгейлерінің  өкілет-
тігімен,  оларды  орындаудағы  жауапкер-
шілікті нақты бекітуге мүмкіндік береді. 
Мемлекеттік  басқаруды  жетілдіру 
міндетті  түрде  басқарудың  орталықсыз-
дандыруымен  қоса  жүруі  керек.  Бұл  жер-
гілікті өзін-өзі басқарудың табиғи жолы, ол 
қазіргі күні бар тәжірибемен және шетелде 
муниципалды  құрылымдарды  құрудың 
тарихымен дәлелденеді. 
Қорыта  келе,  жергілікті  өзін-өзі  бас-
қару  жүйесінде  бюрократияны  болдырмау 
үшін  біреуі  басқарып,  екіншісі  иеленіп, 
үшіншісі тек еңбек етпеуі керек. Керісінше, 
ол басқаруы керек, жұмыс істеуі керек жә-
не  иеленуі.  Яғни  үш  қызмет  те  бір  тұл-
ғаның  бойынан  табылуы  керек.  Жергілікті 
өзін-өзі  басқару  органдарының  өкілетті-
лігін белгілеу  ісіне аса жауаптылықпен қа-
рау керек. Халық билігінің аталған инстит-
уты  толық  күшінде  жұмыс  істеуі  үшін  заң 
деңгейінде  қызмет  етудің  материалдық 
негізін  анықтау  керек,  бірінші  кезекте  – 
тұрақты  қаржы  көздері.  Қалыптасу  мен 
даму  кезеңінде  салық  төлемдерін  төлеуде 
жеңілдіктер берілуі қажет. 
Әрине,  өзін-өзі  басқарудың  болашақ 
жүйесі тиісті экономикалық жағдайлардың, 
мемлекет  пен  жергілікті  өзін-өзі  басқару 
арасындағы  басқару  нысанын  ажыратып 
беретін  нақты  құқықтық  базаның  болуын, 
бұқаралық  сана-сезімнің,  құқықтық  мәде-
ниет және адамдардың мінез-құлқының өз-
геше  сапалы  деңгейінің  болуын  көздейді. 
Бұл  үрдіс  ұзақ  мерзімді  және  күрделі,  заң 
шығарушылардың,  жергілікті  мемлекеттік 
басқару органдарының тәжірибелік жұмыс-
керлерінің,  үкіметтік  емес  ұйымдардың 
және  қоғамдастық  өкілдерінің  тарапынан 
парасатты  және  еңбекті  көп  керек  ететін 
жұмысты талап етеді.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Өңірлерді  дамытудың  2011-2015  жыл-
дарға арналған бағдарламасы / Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 
шілдедегі № 862 қаулысымен бекітілген.  
2. Қазақстан Республикасының 2020 жылға 
дейінгі  стратегиялық  даму  жоспары  / 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
2010  жылғы  ақпанның  1-індегі.  №  922 
жарлығы 
3. Қазақстан Республикасындағы жергілікті 

СОЦИАЛЬНЫЕ АСПЕКТЫ ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
203 
өзін-өзі  басқаруды  дамыту  тұжырым-
дамасын  бекіту  туралы  /  Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің 
2012 
жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығы 
4.  Чернышов  О.  Қазақстан  Республи-
касында  жергілікті  өзін-өзі  басқаруды 
қалыптастырудың  мәселелері  мен  бола-
шағы / Өскемен, 2012.-273б.  
5.  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
–  елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан 
халқына  Жолдауы/  «Қазақстан-2050» 
Стратегиясы  -  қалыптасқан  мемлекеттің 
жаңа саяси бағыты. - 14 желтоқсан, 2012. 
 
 
 
УДК 364 
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, ПРОБЛЕМАЛАРЫ 
МЕН ДАМУ БАҒЫТЫ 
Макаримов Б.М. 
 
“Әлеуметтік қорғау“ түсінігі отандық 
әдебиетте  90  жылдардың  басында  пайда 
болды.  Бастапқыда  бұл  түсініктің  мағы-
насы халықтың кейбір  санаттарына атаулы 
әлеуметтік  көмек  көрсету  деп  танылды. 
“Әлеуметтік  қорғау“  түсінігі  көбінесе  сая-
саттық  мақсатта  қолданылып,  қоғамдағы 
нақты  мемлекеттің  қабылдаған  әлеуметтік-
экономикалық  шешімдеріне  сай  келмеді. 
Шет  ел  сөзінің  “social  security”  аударымы 
әлеуметтік  қорғау  емес,  әлеуметтік  қауіп-
сіздік деп анықталады. 
1980-1990 жылдар аралығында “әлеу-
меттік  қорғау“  түсінігі  “әлеуметтік  сақтан-
дыру”  мен  “әлеуметтік  қамсыздандыру“ 
түсінігі  ретіне  қарастырылып,  әлеуметтік, 
экономикалық  өзгерістердің  зиянды  зарда-
бынан  қорғау  шаралары  деп  анықталған. 
Дегенмен,  90-жылдары  бұл  түсініктің 
мағынасы одан әрі қарай дамытылып, оның 
маңызы  өмір  деңгейі  мен  сапасын  бір 
қалыпты  ұстау  саясатының  әдістері  мен 
түрлері деп танылды. 
Ресей  профессоры  М.Г.  Назаров 
«әлеуметтік  қорғау  әлеуметтік  топтарға  ең 
төменгі  күнкөріс  деңгейін  қамтамасыз  ете-
тін  экономикалық,  құқықтық,  әлеуметтік 
кепілдіктердің  заң  жүзінде  бекітілген  тәр-
тібі,  әдістері,  нысандары  деген  анықтама 
берген [1]. 
Қазіргі жағдайда “әлеуметтік қорғау“ 
категориясының  мазмұны  әлі  де  түсініксіз 
болып тұр. Бұл мәселеге арналған әдебиет-
терде  кейбір  авторлар  әлеуметтік  қорғау 
деп  мұқтаж  топтарды  қамтамасыз  ететін 
мемлекеттік  қызмет  деп  қарастырса,  бас-
қалары адамның арнайы өмір деңгейін қам-
тамасыз ететін кепілдік жүйесі деп атайды. 
Үшіншілері - өз азаматтарына материалдық 
көмек  ретінде  қоғамның  қолданатын 
нысандары  мен  әдістерінің  жиынтығы  деп 
қарастырады. Өте жиі кездесетін түсініксің 
бірі  “әлеуметтік  қорғау“  категория  ретінде 
халықты  әлеуметтік  қорғаудың  нысан-
дарын,  мазмұнын,  жиынтығын  топтасты-
рады. 
Әлеуметтік  саясатпен  айналысатын 
көптеген  авторлар  “әлеуметтік  қорғау“  ка-
тегориясына  түсінік  бермей  “әлеуметтік 
қамсыздандыру”  мен  “әлеуметтік  сақ-
тандыру»  төңірегінде  ізденістер  жасаған. 
Басқа  кейбір  авторлар  “әлеуметтік  қорғау“ 
категориясының  орнына  жаңа  “әлеуметтік 
амортизаторлар”  деген  ұғымды  енгізіп, 
“әлеуметтік 
амортизаторлар”  экономи-
калық және тиімділік қағидаттарының қай-
шылықтарын  шешу  механизмі  деп  қа-
растырады. 
“Әлеуметтік қорғау“ категориясының 
мазмұнысының  әр-қилылығы  оны  зерттеу 
тарихының ойдағыдай дамымағанымен жә-
не  әлеуметтік  қиыншылықтардың  үдеріс-
теріне де байланысты болып отыр.  
Әлеуметтік  қорғау  категориясының 
мазмұнын  айқындауда  көптеген  ғылыми 
көзқарастар бар. 
Қазіргі  жағдайда  мүгедектерді,  же-
тімдерді қорғайтын секторалдық, аймақтық 
бағдарламалардың 
әртүрлі 
нысандары 
жүзеге асырылады. Қаржыландыру көздері 
әлеуметтік трансферттердің түріне, бюджет 
көлеміне  және  жұмыс  берушілердің  қар-
жылық  мүмкіндіктеріне  байланысты.  Мы-
салы,  отбасыларына  берілетін  мемлекеттік 

СОЦИАЛЬНЫЕ АСПЕКТЫ ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
204 
жәрдемақы  жүйесін  қамтамасыз  ету  үшін 
республикалық  бюджет,  жергілікті  бюд-
жеттер, әлеуметтік сақтандыру қаржылары, 
кәсіпорынның қаржылары қолданылады. 
Әлеуметтік  қорғаудың  құқықтық  - 
нұсқаулық жағынан қамтамасыз етілмеуі де 
қосымша  қиындықтарды  туғызады.  Қазіргі 
жағдайда  әлеуметтік  қорғаудың  кейбір 
элементтерінің ресми мәртебесі анықталып 
келе  жатыр.  2003  жылдан  бастап  қа-
былданған 
“Мемлекеттік 
әлеуметтік 
сақтандыру  туралы”  Заң  бірінші  рет  би-
ліктің  “әлеуметтік  сақтандыруды”  айқын-
даудағы көзқарасын білдіре бастады.  
Ерікті әлеуметтік  сақтандыру сияқты 
әлеуметтік  қорғаудың  түрлері  мемлекеттік 
заңдық  құжаттарда  тек  қана  арнайы 
сұрақтарды шешуде қолданылады, мысалы, 
мемлекеттік  емес  зейнетақы  қорлары  бой-
ынша  немесе  зейнеткерлерге  қызмет  көр-
сету барысында. 
Шет  елдерде “әлеуметтік  қорғау“ ка-
тегориясын зерттеудің ұзақ тарихы бар. Бі-
рінші  рет  “social  security”  (әлеуметтік  қа-
уіпсіздік)  деген  термин  1935  жылы  АҚШ-
та  Ф.Д.  Рузвельттің  “жаңа  курс”  саясаты 
ауқымында  әлеуметтік  бағдарламаларды 
дайындау  барысында  енгізілді.  1940 
жылдары  оны  Халықаралық  еңбек  ұйымы 
конвенциялардың  негізіне,  әлеуметтік  қор-
ғаудың  мәселелерін  талқылауда  қолданды. 
Халықаралық  еңбек  ұйымының  зерт-
теулерінің  арқасында  “social  security”  (әле-
уметтік  қауіпсіздік)  кең  ауқымда  қолда-
ныла бастады және бұл ұйымның зерттеген 
әлеуметтік  стандарттары  осы  күнге  дейін 
өзектілігін  жойған  жоқ.  1939  жылғы  №  67 
конвенцияның  деректеріне  сүйенсек,  “so-
cial  security”  (әлеуметтік  қауіпсіздік)  тер-
мині  қолданылмай  тұрғанда  ”income 
maintenance”  (“табысты  қолдау”),  деген 
ұғым барлық құжаттарда қолданылды.  
”Income  maintenance”  (“табысты  қол-
дау”),  деген  ұғымды  қолдану  сол  кездегі 
халықты  әлеуметтік  қорғаудың  мақсатта-
рына  сай  келді,  өйткені,өмір  сүрудегі  ең 
қажетті  қаржылар  тек  қана  жеке  табыстар 
арқылы  қамтамасыз  етілді.  Халықаралық 
еңбек  ұйымының  1920-1930  жылдары 
қабылдаған  тұжырымдамасына  бұл  түсінік 
сай  келетін,  өйткені  “әлеуметтік  сақтан-
дыру”  деп,халықтың  қоғамдық  еңбек 
процесіне қатыспаған топтарын қорғау ша-
раларын жатқызатын. 
Дегенмен,  соғыстан  кейінгі  демокра-
тиялық  өзгерістер,экономиканың  өсуі,  ха-
лықтың өмір сүру деңгейі өскен сайын қо-
ғамдық  өмірде  гуманизациялық  процестер 
күшейді. 
Осы 
факторлар 
әлеуметтік 
қорғаудың  нысандары  мен  әдістерінің 
дамуына  жағдай  жасады,  сондықтан  жаңа 
“social  security”  (әлеуметтік  қауіпсіздік) 
тұжырымдама дайындалды. 
Халықаралық 
еңбек 
ұйымының 
анықтамасы  бойынша  “social  security” 
(әлеуметтік  қауіпсіздік)  –  қоғамның  өз 
мүшелеріне  мүгедектіктен  аурудың  салда-
рынан,  жұмыссыздықтан  айлықтың  төмен-
деуіне  байланысты  пайда  болатын  эконо-
микалық  және  әлеуметтік  апаттардан  қор-
ғаудың  шаралар  жиынтығы.  Осыдан  көріп 
отырғанымыздай,  бұл  терминнің  негізгі 
мазмұны  “security”  (қауіпсіздік)  емес 
“қорғау”(protection) болып отыр [3]. 
П.Д.  Павленок  әлеуметтік  қорғауды 
«қоғамның  әр  түрлі  құрылымдары  жүргі-
зетін  өмір  сүрудің  ең  төменгі  стандарт-
тарын  қамтамасыз  ететін  шаралар  жиын-
тығы» ретінде қарастырады[2]. 
Айта  кету  қажет,  Еуропа  елдері 
Халықаралық  еңбек  ұйымының  термино-
логиясын  толығымен  қабылдады,  ол  1965 
жылы  қабылданған  Әлеуметтік  Хартия-
дада,  1968  жылғы  “Әлеуметтік  қамсыз-
дандыру туралы Еуропалық Кодексте, 1991 
жылғы  “Әлеуметтік  саясат  туралы  хат-
тамада  да  және  басқа  Еуроодақтың  құжат-
тарында қолданылды. 
“Social  security”  (әлеуметтік  қауіп-
сіздік)  терминімен  бірге  Еуропада  “social 
қорғау” (protection) жиі-жиі қолданыла бас-
тады. Мысалы, Еуропа комиссиясының осы 
сұрақтар бойынша коммюникесі 12.03.1997 
жылғы  “Әлеуметтік  қорғауды”  (protection) 
жақсарту және модернизациялау деп атады.  
«Қауіпсіздік»  пен  “қорғау”  деген 
түсініктердің  арасында айырмашылық  бар. 
Шет елдердің даму барысындағы дағдарыс-
тары халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің 
көлемін  төмендету  мен  оны  ұйымдас-
тырудың  тиімділігін  арттыруды  қажет 
етеді.  Жалпылама  әлеуметтік  қауіпсіздік-
тен  бас  тартып,  халықты  еңбекке  баулуға, 
жұмыспен қамтуға көшу қажет болды. 
Егер Халықаралық еңбек ұйымы әле-
уметтік  қауіпсіздіктің  басты  мақсаты  ын-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет