Экономика айнасы



Pdf көрінісі
бет21/29
Дата28.02.2017
өлшемі10,39 Mb.
#5045
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА,

Қа

Қа

ра

ра

ға

ға

нд

нд

ы

ы

                

www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№46 (957) 



20.03.2013 жыл, 

сәрсенбі


 

Головкин жапон жігітімен жұдырықтасады

Қазақстан – Германия кездесуінде кімдер төрелік етеді?

ДОДА


Көптеген БАҚ 22 наурызда елорданың «Астана-Арена» стадионында Қазақстан–Германия құрамаларының кез-

де сетін діктерін жазып жатыр. Менің сұрайын дегенім, сол ойында кім қазылық жасайды? Төрешілер қай елден келген?

Айдар ДАУТАЕВ, Астана қаласы

ФИФА «Әлем чемпионаты–2014» іріктеу до 

да 

сының 


аясында 22 наурыз күні «Астана-Арена» ста дионында өтетін 

Қазақстан–Германия кездесуінің ар битрлар алқасын анық-

тады. Бас төреші мен оның кө мекшілері Грекиядан келмек.

Бас төреші – Анастасиос Какос (Грекия)

Бас төрешінің көмекшілері: Кристос Акри вос (Гре кия) жә-

не Димитриос Татсис (Грекия)

Резервтегі төреші: Анастасиос Гиакос (Грекия)

Матч инспекторы: Збигнев Пржес миц кий (Польша)

Матч комиссары: Балаш Макрай (Венгрия)

Анастасиос Какос 1970 жылдың 15 тамызында Гре кияның 

Керкира қаласында дүниеге келген. Ха лықаралық дәрежедегі 

ФИФА төрешісі. Чемпиондар ли гасы мен Еуропа лигасында, 

сондай-ақ Еуропа жә не әлем біріншіліктерінің іріктеу дода-

сында бас тө реші қызметтерін атқарып, біраз тәжірибе жи-

нақ 

таған. ФИФА төрешісі дәрежесіне 2008 жылы қол 



жеткізген.

Бейресми дерек көздеріне сүйенсек, 2008 жылдан бері 

Какос халықаралық ойындарда орташа есеппен әр кездесуде 

бес сары қағаздан көрсеткен екен. Тіпті бір сәтте бірден екі 

ойыншыны алаңнан қуған кезі де болған. Шамамен әрбір 

бесінші кездесуінде пенальти беріп отыратыны тағы бар. 

Дегенмен сарапшылар тарапынан әрдайым жоғары баға алып 

жүрген төреші.  

ВЕЛОСПОРТ

ФУТЗАЛ


Тас жолдағы 

бәйгелерден 

алдамыз

Ұлттық құрама 

Белоруссияға 

аттанды

Велоспорттан Үндістанда 

жалауы желбіреген ХХХІІІ 

Азия чемпионаты аяқталды. 

Соңғы күнгі бәйгелер Қазақстан 

велошабандоздары үшін аса сәтті 

болды.

Кеше футзалдан 

Қазақстанның ұлттық құрамасы 

таң алакеуіммен Мәскеу арқылы 

Белоруссия астанасына ұшып 

кетті. Минскіде қысқа мерзімді 

оқу-жаттығу жиынын өткізетін 

жерлестеріміз «Еуро – 2014» 

іріктеу додасына қатысу 

үшін Латвия астанасы Ригаға 

аттанады.

– Денис, алдымен Канаданың Кве-

бек қаласында өткен Әлем кубогына 

тоқ 

талсаңыз. Командалық спринтте 

Че ботькомен тізе қосып, бас жүлдеге 

ие болдыңыз. Жарыс алдында жеңіске 

сенімді болдыңыздар ма?

– Жұрттың бәрі бұл жеңіске сенсация 

деп баға берді. Жасыратын несі бар, шы-

нымен де ешкім күтпеген нәтижеге қол жет-

кіздік. Негізі, финалға шығуымыздың өзі 

ерлік болатын. Одан кейін алдымызға жаңа 

мақсат қойып, алғашқы алтылықтан көріну 

үшін барымызды салдық. Бірақ жарыс 

барысында айымыз оңынан туды. Күш-

жігеріміздің үздік үштіктен көрінуге 

жететінін сезіп, одан сайын алға ұмтылдық. 

Бір кезде күтпеген жерден жарыс көш бас-

шысы саналған швед спортшысы омақаса 

құлап, шаңғысы да сынып кетті. Содан ке-

йін соңғы айналымда Чеботько ресейлік 

шаң ғышыны қуып жетіп, мәреге бір қадам 

қалғанда басып озды.

– Шыны керек, біз әрдайым коман-

да лық спринтте жүлдегер атанып жа-

ШАЙБ


А

ЛЫ ХОККЕЙ



Сочи Олимпиадасынан жүлдесіз қайтпаймыз

тамыз. Мұның сырын немен түсіндірер 

едіңіз? Неліктен басқа бағдар ла ма-

лар да көсіле шаба алмаймыз?

– Шаңғы спорты дамыған елдерді 

алып қа расаңыз, оларда спорттың бұл 

түрімен ай налысатындар көп. Спринттік 

жа рыс тарға дайындалатындар бөлек те, 

клас си калық бағдарламаларда өнер көр-

се тетіндер көбіне басқалар болып келеді. 

Әр жарыс бағдарламасына жеке-жеке да-

йын далады. Ал бізде дайындық бағ дар-

ламасы мүлдем бөлек. Қазақстан шаң-

ғышылары әмбебап. Классикалық сынға 

түскендер спринтте де жарыса береді. 

Сондықтан біз, негізінен, шыдамды болып 

келеміз. Ал командалық спринтті клас си-

калық жарыс деп те, таза спринттік бағ-

дар лама деп айта алмаймыз. Екеуінің қо-

сын 

 

дысы секілді. Яғни әмбебап 



СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ

емес. Ал 2009 жылы қайтадан Қазақстанға 

кел дім. 

– Отбасыңыз әлі Омбыда тұра ма?

– Иә, олар сол баяғы жұмыстары бо-

йын ша сол жақта қызмет атқарып жүр. 

Мен ғана Қазақстандамын. Бірақ Қазақ-

станда болғанда қалай, спортшы бол ған-

дықтан әр жақта жүре береміз ғой. Кө бі-

несе жарыстар бойынша түзде жүреміз.Ал 

әке-шешеммен анда-санда ғана, тек 

маусым аяқталғанда көрісемін.

– Денис, Ресейде тұрдыңыз, сол 

елдің ұлттық құрамасында да өнер 

көрсеттіңіз. Айтып өтіңізші, бізге көрші 

елдің шаңғы спортынан не үйренуіміз 

керек?

– Ресейдің спринттерлері өте жүйрік. 

Олар бүгінде Норвегияны да, Швецияны 

да артта қалдырып жүр. Өйткені спринт-

тер лерді дайындайтын арнайы бөлімдері 

бар. Меніңше, бізге де сондай бөлім ашып, 

спринтерлерді жеке бағдарлама бойынша 

дайындау қажет сияқты. Негізі, біздің бас-

шылар да осы жағын қолға алуға ниет ті. 

Бірақ төрт жылдай болды, әлі сең қоз-

ғалған жоқ.

– Енді соңғы сұрағымызды қойсақ, 

Сочи Олимпиадасынан не күтеміз? 

Жүлделерден дәмете аламыз ба?

– Әлбетте, Олимпиадаға сол үшін ғана 

қатысамыз ғой. Полторанин бар, ко ман-

да лық спринт бар, әйтеуір, медальсіз қал-

маспыз. Дегенмен Сочи додасында шаң-

ғы 


шыларға оңай болмайын деп тұр. 

Жақында сол трассада Әлем кубогының 

кезеңі өтіп, жарыс жолын сынап қайттық. 

Мәреге жеткен сайын биіктей түседі екен. 

Сон дықтан алдын-ала барып дайын дал-

маса, кеш қаламыз.

– Сұхбатыңызға көп рақмет!

Сұхбаттасқан 

Әзиз ЖҰМАДІЛ

Нұрғазы САСАЕВ

Жартылай финалға үздіктер шықты

Ширек финалдық дода төрт жеңіске 

дейін созылған. Ширек финалда додаға 

түс кен жұптар ел біріншілігінің негізгі бө лі-

гін дегі ойындардың қорытындысы  бо йын-

ша түзілген-ді. Яғни бірінші орын алған 

клуб, сегізінші орынға табан тіреген ко ман-

дамен кездесті. Әрі қарай: 2-орын – 

7-орын, 3-орын – 6-орын, 4-орын – 

5-орын.


Бірден айтайық, төрт жұпта да ел чем-

пио 


натының негізгі бөлігінде алғашқы 

төрт тікке орналасқан командалар жеңіске 

жет ті. Екі жұптағы ойындар төрт матчта та-

мамдалса, қалған екі жұптағы дода бес 

кездесуге созылды. Енді осы матчтарға рет-

ретімен, қысқаша тоқталып өтсек.

Биылғы ел біріншілігінің негізгі дода-

сын да топ жарған Көкшетаудың «Арланы» 

сегізінші орынды иеленген «Астана» 

хоккейшілерімен кездесіп, төрт ойында да 

жеңіске жетті. Өз айдынындағы екі матчта 

5:0 және 6:3 есебімен басымдық танытса, 

елордада 7:2 және 3:0 есептерімен жеңіске 

жетті. Сөйтіп, жартылай финалға аса қи-

нал май  шықты.

Ал ел чемпионатының негізгі бөлігінде 

«Ар ланмен» үзеңгі қағыстыруға жараған 

«Ертіс-Павлодар»  Астананың «Барыс-2» 

клу бын көкшеліктер сияқты төрт ойында 

тізерлете алмады. Оның да өзіндік себебі 

бар сияқты. «Барыс» Құрлықтық хоккей 

лигасындағы плей-офф додасынан 

шығып қалған соң, кейбір ойыншыларын 

ел чемпионатында бақ сынап жатқан 

қосалқы құрамына жіберіпті. Атап 

айтқанда, «Ертіс-Павлодар» клубымен 

өткен ойындарда «Барыс-2» құрамын 

Павел Полуэктов, Ми 

хаил Рахманов 

секілді талантты жастар ны ғайт ты. Содан 

болар, екпінді ертістіктер ел ор далықтарды 

оңайшылықпен ала ал мады. Керекудегі 

екі ойында 4:1 және 6:2 есептерімен 

жеңіске жеткендерімен, Астанадағы 

шектен тыс тартысты өткен үшінші матчта 

4:5 есебімен ұтылып қалды. Есесіне 

ел о р да да ғ ы   е к і н ш і   ке зд е суд е 

астаналықтарды 7:0 есебімен ойсырата 

жеңді. Ал Керекуде өткен бесінші матчта 

4:1 есебімен басым түсіп, жартылай фи-

налға шықты.

Теміртаудың «Арыстанына» да «Ал-

маты» клубын жолынан ығыстыру үшін 

бес матч қажет болды. Өз айдынындағы 

екі ойында 2:1 және 3:0 есептерімен ұтып, 

түз дегі алғашқы ойында да 3:1 есебімен 

басым түсті. Бірақ Алматыда өткен екінші 

ойында айдын иелері 4:1 есебімен же ңіс-

ке жетіп, өздеріне деген сенімділіктерін 

оят қандай болып еді. Алайда Теміртауда 

ысқырығы безілдеген бесінші ойында 

«Арыстанның» айдарынан жел есті. Өте 

тартысты өткен кездесуде айдын иелері 3:2 

есебімен жеңіске жетіп, жартылай фи-

налға шықты. Бірден айта кетейік, ширек 

фи 


налдағы төрт кездесудің ішінде осы 

жұптағы ойындар біршама тартысты өтті.

Ал ел біріншілігінің негізгі бөлігінде 

ала-құла ойынымен жанкүйерлерін жа-

сыт  қан «Бейбарыс» өзінің өкшесін басқан 

Руд ныйдың «Горнягын» үй демей, түз де-

мей ұтып, үстемдік көрсетті. Өз айдынында 

6:2 және 6:0 есебімен әлімжеттік жасаса

түздегі екі матчта 2:0 және 3:0 есептерімен 

жеңіске жетті. Бір қызығы, төрт ойында да 

«Горняк» бірінші кезеңде атыраулықтарға 

дес берген жоқ. Тіпті соңғы екі кездесуде 

ойын тағдыры соңғы кезеңдерде ғана ше-

шілді. Десек те, «Горняк» үш ойында 

«Бейбарыстың» қақпасына гол соға алмай, 

пұшайман болды.

Енді жартылай финалда «Арлан» мен 

«Бейбарыс», ал «Ертіс-Павлодар» клубы 

мен «Арыстан» кездеседі. Екі жұптағы 

ойын дар да қызықты болуы керек. Әсіресе 

соң ғы ойындарда қарқынын үдеткен, елі-

міздің соңғы екі маусымдағы чемпионы 

«Бей барыс» пен биылғы маусымда қам-

шы 


ны басқан «Арлан» арасындағы 

ойындар өте тартысты өтетін сияқты.

Алғашқы екі ойын 27-28 наурыз күн-

дері Көкшетау мен Керекуде өтеді. Өйткені 

«Ар лан» мен «Ертіс-Павлодар» ел чем пио-

на тының негізгі бөлігінде өз қарсы ла с та-

рынан жоғары орналасқан. Содан кейінгі 

екі матчтың ысқырығы 31 наурыз бен 1 

сәуірде Атырау мен Теміртауда безілдейтін 

болады. Бұдан кейін қажетінше (төрт 

жеңіске дейін) екі жұптағы командалар өз 

ай дындарында бір ойыннан өткізетін бо-

лады (Көкшетау – Атырау – Көкшетау және 

Пав лодар – Теміртау – Павлодар). Бұл үш 

ойын 4, 7 және 10 сәуір күндері өтеді деп 

жоспарланған. 



ШИРЕК ФИНАЛДАҒЫ 

КЕЗДЕСУЛЕР НӘТИЖЕСІ:

/1/ «Арлан» (Көкшетау) – /8/ «Астана» 

(Астана) – 4:0 (5:0, 6:3, 7:2, 3:0)

/2/ «Ертiс-Павлодар» (Павлодар) – /7/ 

«Барыс-2» (Астана) – 4:1 (4:1, 6:2, 4:5, 7:0, 

4:1)


/3/ «Арыстан» (Теміртау) – /6/ «Алматы» 

(Алматы) – 4:1 (2:1, 3:0, 3:1, 1:4, 3:2) 

/4/ «Бейбарыс» (Атырау) – /5/ «Горняк» 

(Рудный) – 4:0 (6:2, 6:0, 2:0, 3:0)



ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДЫҚ ЖҰПТАР

/1/ «Арлан» (Көкшетау) – 

/4/ «Бейбарыс» (Атырау)

/2/ «Ертiс-Павлодар» (Павлодар) – 

/3/ «Арыстан» (Теміртау)

Осы екі жұпта жеңіске жеткен коман-

далар финалға шығып, чемпиондық 

атақты сарапқа салса, жеңіліске ұшыраған 

клубтар қола жүлде үшін таласады.

Шайбалы хоккейден 

Қазақстан чемпионаты 

ең қызықты тұсына 

жетті. Ел біріншілігінің 

негізгі бөлігінде алғашқы 

сегіздікке ілігіп, ширек 

финалда сынға түскен 

командалар арасында 

жеңімпаздар анықталды. 

Яғни жартылай финалда 

бақ сынайтын командалар 

екшелді.

Азия чемпионатының соңғы күндері 

тас жолдағы аламан бәйгелер өткен бола-

тын. Жасөспірімдер арасындағы 99,4 ша-

қы  рымдық аламан бәйгеде Қазақстан боз-

ба 


 

лалары ерледі. Ерлан Пернебеков 

ал  тынмен апталып, Дмитрий Риве кү міс-

пен күптелді. Максим Штырбулов 4-орын-

ға ие болды. 

Жастар арасындағы аламан бәйгеде 

Нұр болат Күлімбетов күміс медаль ол жа-

лап, Владислав Горбунов қола жүлдеге қол 

жеткізді. Бірінші орынды Иран вело ша бан-

дозы Әли Хадеми иеленді. 

Ересектер арасындағы аламан бәйгеде 

Андрей Мизуров үшінші орынға ие болды. 

Осы жарыс өткен күннен бір күн бұрын 40-

қа толған тәжірибелі велошабандозымыз 

үнді жеріндегі Сарықұрлық біріншілігінде 

екінші рет ел қоржынына жүлде салды (бір 

күміс – жекелей сыннан, бір қола – аламан 

бәйгеден).

Жалпы, тас жолдардағы бәйгелерде 

Қа зақстан велошабандоздары үздік шық-

ты. Сарапқа салынған 10 медаль жиын ты-

ғы ның (30 жүлденің) тоғызын (3 алтын, 4 

күміс, 2 қола) біздің велоспортшылар 

еншілеп, бейресми жалпы командалық 

есепте бірінші болды. 

Ал велотректе Қазақстан велоша бан-

доздары Азияның көшбасшылары қа та-

рына әлі іліге алмай келеді. Тректегі бәй ге-

лерден алты медаль (2 алтын, 2 күміс, 2 

қо ла) иеленіп, бейресми жалпы коман да-

лық есепте 7-орынмен шектелдік. Мұнда 

Оң түстік Корея велотрекшілері 26 жүл де-

мен (12 алтын, 7 күміс, 7 қола) өзгелерден 

қара үзді.



Әлихан ЖАППАР

Бразилиялық маман Каку баптайтын 

Қа зақстан ұлттық құрамасының алдына 

топ та екінші орын алу міндеті қойылған. 

Оңай емес, әрине. Қарсыластар да қа-

рымды. Яғни команда капитаны Дін мұ-

хамед Сүлейменов бастаған жігіттер Ри-

гада алаң иелері Латвия құрамасынан 

бө 

лек, Ресей және Румыния құ 



ра 

ма-


ларымен додаға түсулері керек. Осыған 

бай ланысты Какау өзімен бірге Бе ло рус-

сияға еліміздің ең үздік 14 ойыншысын 

ертіп кетті. Дегенмен бір қызығы, тізімде 

«қайраттықтар» Игита мен Лео жоқ болып 

шықты. Бейресми ақпарат көздеріне сен-

сек, жақында ғана Қазақстан азаматтығын 

ал ған бұл екеуінің құжаттары әлі дұрыс 

рет телмеген  көрінеді.

Сонымен, Минскіде өткізетін оқу-жат-

тығу жиынында Қазақстан құрамасы екі 

жолдастық кездесу өткізбек. 21 наурызда 

жерлестеріміз Белоруссия құрамасына 

қарсы алаңға шықса, наурыздың 23-інде 

Гомельдің «БЧ» командасымен кездеседі.

Айта кетейік, «Еуро – 2014» іріктеу до-

дасының қорытындысы бойынша, алты 

топтың үздіктері және өз топтарында 

екінші орын алған құрамалардың ішінен 

көрсеткіштері жоғары бес команда ақтық 

сынға жолдама алады.  

 

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ



Қақпашылар: 

Виталий Халявин («Қайрат»), 

Григорий Шамро («БТА Футзал»).

Алаңдағы ойыншылар: 

Дінмұхамед Сүлейменов, Серік 

Жаманқұлов, Тимур Мырзабаев, 

Николай Пенгрин, Виталий 

Александров, (бәрі де – «Қайрат»), 

Шыңғыс Есенаманов, Михаил 

Першин, Александр Довгань, Роман 

Шорин (бәрі де – «Тұлпар»), Қайрат 

Құлбарақов («БТА Футзал»), Николай 

Казаков («СКА-Юг»).

Бас бапкер: Какау.

Бас бапкердің көмекшісі – 

Марсело Галлина.

Асфендияр ЖАНАДІЛ

шаң  ғышылар  үшін  өте  қолайлы.



– Енді өзіңіз жайлы біраз сыр 

шерт сеңіз. Қазақ жерінде дүниеге 

кел ге ніңізді білеміз. Бірақ кейін 

Ресейге кө шіп кеттіңіздер. Жоғары 

білімді сол жақ та алдыңыз. Жал-

пы, көр ші ел ге қоныс аударуға не 

себеп болды?

– Туған жерім – жер жан 

наты 

Бурабай. Мектепті сонда оқы 



дым. 

Бірақ 10-сыныбымда әке-шешемнің 

жұмыс бабы бо 

йынша Ресейдің 

Омбы қа ласына қоныс аударуымыз 

ке рек болды. Олар көшіп кетті де, мен 

11-сыныпты аяқтаған соң ғана кеттім. 

Бармас едім, әке-шешем, бауыр-

ларым сол жақ 

та болғандықтан 

кетуге мәж бүр болдым. Жоғары оқу 

ор нын сол жақта оқыдым. Жат  тық-

тырушылық диплом алып шықтым.

– Бірақ қазір Ресейдің емес, 

Қазақ стан  құ ра ма сы ның  намысын 

қорғап жүр сіз ғой...

– Өйткені мен қазақтарға сіңісіп 

кеткен адам мын. Ол жақты өзіме жылы қа-

былдай алмадым. Менің ниетім алғашқы 

бап керім Васильев Виктор Петровичке де 

мәлім еді. Кейін ол Қазақстан ұлттық құ-

рамасының бас бапкері болып, мені ша-

қырды. Қуана-қуана келісімімді бердім. 

Асы ра сілтегенім емес, Қазақстан құ ра-

масы менің жаныма жақын. Алғаш шаң-

ғыны Бурабайда тептім. Кейін 15 жа сым-

нан бастап шаңғы спортымен Щучинскіде 

кәсіби түрде айналыса бастадым. Тек 18 

жасымда ғана Ресейге көштім.



– Ол жақтың бапкерлері сізді Ресей 

ұлттық құрамасына шақырмады ма?

– Шақырды. Мен, тіпті 2007-2008 

жыл дары Ресейдің спринттерлер коман да-

сында да өнер көрсетіп жүрдім. Ішкі бі рін-

шіліктерде көбіне бірінші келетінмін. Ха-

лықаралық аренада да жетістіктерім аз 

Б

А

СКЕ



ТБО

Л

ТОҒЫЗҚҰМА



ЛАҚ

 «Каспий» 

«Астананы» 

тізе бүктірді

Суперлиганың 

бірінші кезеңі 

аяқталды

Баскетболдан ерлер 

арасындағы Қазақстан Ұлттық 

лигасының аясында көшбасшы 

«Астана» мен Ақтаудың 

«Каспийі» кездесіп, қонақтар 

сенсация жасады. Елорда 

төрінде өткен текетірестің 

бірінші кездесуінде ақтаулықтар 

алаң иелерін тізе бүктіріп кетті.

15-18 наурыз күндері 

Қостанайда тоғызқұмалақтан ең 

үздік спортшыларымыз 

арасындағы доданың бірінші 

кезеңі аяқталды.

«Астанадан» Қазақстанның коман-

далары ғана емес, ВТБ Біріккен баскетбол 

ли гасының ұжымдары да сескенетіні жа-

сы рын емес. Азуы алты қарыс «Химкидің» 

өзін тізе бүктірген Маттео Боничиолли 

шәкірттері ТМД аумағында үлкен беделге 

ие. Бірақ елордаға қонаққа келген «Кас-

пий» бұл жолы алаң иелерінің атына да, 

затына да қарамады. Әсіресе бірінші 

ойында.

«Астана» ойыншыларын бірден тұ-



саулап тастаған қонақтар кездесу соңына 

дейін сауатты қорғанып, әр шабуылын 

сәтті аяқтап жатты. Нәтижесінде, бірінші 

кездесу 80:72 есебімен ақтаулықтардың 

жеңісімен аяқталды. Бұл «Астананың» 

биылғы ұлттық біріншіліктегі бірінші 

жеңілісі еді. Екінші ойында да қонақтар 

өрнекті ойын үлгісін көрсеткенімен, бұл 

жолы «Астананың» алдында тізе бүгуге 

мәжбүр болып, 60:82 есебімен жеңілді.

 

 

Әзиз ОРАЗБАЕВ



Бұған дейін хабарлағанымыздай, елі-

міздегі ең үздік алты тоғызқұмалақшы ара-

сында жеке дода өткізілуде. Ол тіпті супер-

ли га деп аталады. Оған ұлттық өнеріміздің 

осы түріндегі республикалық рейтингте 

1-6 орындарға орналасқан үздіктер 

қатысуда. Осы суперлиганың бірінші кезеңі 

бір айналымдық жүйе бойынша бес турға 

созылды. Яғни спортшылардың бәрі бір-

бірімен бір мәрте кездесіп шықты.

Осы ойындардың қорытындысы бо-

йынша 1-орынға бес ұпаймен Нұрбек Қа-

биев (Ақтөбе) ие болды.  Екінші орында 

– төрт ұпаймен Жанат Қаймолдин (Пав-

лодар). Ғалымжан Темірбаев (ОҚО) 2,5 

ұпай мен үшінші орынға орналасты. Серік 

Ақ таев (ОҚО) 1,5 ұпаймен төртінші орын-

ды иемденуде. Ал  бір ұпайдан еншілеген 

Ха кімжан Елеусінов (Қызылорда) және 

Айдос Сейітжан (Астана) 5-6 орындарды 

өзара бөлісіп тұр.

Суперлига додасы төрт кезеңнен тұра-

ды. Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша 

6-орынға табан тіреген тоғызқұмалақшы 

су перлигадан шығып қалады. Оның ор ны-

на ҚР тоғызқұмалақ федерациясының 

рей 

тингінде 7-орынды иеленіп тұрған 



спорт шы  қосылады. 

Суперлига додасы аясында басқадай 

ша ралар өткізілді. Мәселен, С.Мәуленов 

атындағы гимназияда және А.Байтұрсынов 

атындағы ҚМУ-інде суперлига додасына 

қатысушылар Қостанай қаласының жас 

тоғызқұмалақшыларымен жолдастық 

кездесулер өткізді.



Айқын ЖАППАР

Шаңғы спортына артып 

отырған үмітіміз мол. 

Қазақстанда ғана емес, әлемде 

де көш бастаушылардың бірі 

болған Алексей Полторанин 

бар. Оған керемет серік бола 

білген Николай Чеботько 

бар. Сондай-ақ бұлардың 

соңынан ілесіп келе жатқан 

Денис Волоткаға да артылар 

сенім ерекше. Ол да биыл 

Әлем кубогының бір кезеңінде 

алтынмен апталған болатын. 

Жақында елге демалысқа 

келген Д.ВОЛОТКАНЫ әңгімеге 

тартып, өзі туралы біраз 

мағлұматқа кенелген едік.

Кеше АҚШ-та кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің жуырда өтетін жекпе-

жегіне қатысты баспасөз жиыны өтіпті. Сонда Генаның келесі қарсыласы кім 

болмақ? Әрі осы жекпе-жектің қашан, қай жерде өтетінін білуге бола ма? 

Марат АҚБЕРГЕНОВ, Қарағанды облысы

Кеше Манхэттенде (АҚШ, Нью-Йорк) 

Геннадий Головкиннің алдағы жек пе-жегіне 

қатысты баспасөз жиы ны өтті. WBA және IBO 

тұжы рым дары бойынша орта салмақ тағы 

әлем чемпионы Геннадий Голов кин нің ке лесі 

жекпе-жегі 30 наурыз күні Монте-Кар лода 

(Монако) өтеді. Қар сы ласы – жа пон бокс-

шы сы Но бу хиро Иши да. Ол WBO тұжырымы 

бо  йынша  орта  сал мақ тағы  әлем  чемпионы 

атағынан үміткер бол ған. Кәсіп қой боксшы 

шаршы алаңында 34 кез десу өт кізіп, соның 

24-інде  же ңіс ке  жет кен  екен.  Осы  же ңіс те-

рінің то ғызын но каут пен аяқтаған. Сегіз рет 

жеңіліп қалып, екі жекпе-жегін тең аяқтаған. 

Бойы – 186 см.

Өздеріңіз білесіздер, Геннадий кәсіпқой 

бокста жеңілістің кермек дәмін әлі татып 

көр  ген жоқ. 25 жекпе-жек өткізіп, бәрінде 

де же ңіске жетті. Тіпті 22-сінде қарсы лас-

тарын нокаутқа түсірген болатын.

Геннадий кеше жапон жігітінің өзімен ай-

қасуға келісім бергеніне алғыс білдіріп, Но -

бухиро Ишиданың осал боксшы емес екен-

  дігін атап өтіпті. Бұл орайда оның кей бір 

жекпе-жектерінде нокаутпен жеңіс ке жетіп, 

Пол Уильямс, Дмитрий Пирог се кіл ді әлем 

чемпиондарымен 

кез дес кенін, 

яғ ни 


тәжірибесі мол екен дігін тілге тиек ет кен.

Ал Нобухиро Ишида болса, біздің 

Генаны әлемдегі ең үздік боксшылардың 

бірі деп санайтындығын, әйтсе де жеңісті 

қолдан бермейтіндігін баса айтқан. Тіпті 

«мен айқасқа дайынмын, ұтылу деген 

қаперіме кіріп те шықпайды, нағыз қиян-

кескі айқасты күтіңіздер» депті.

Ендеше күтейік. Геннадий өзінің нағыз 

батыр жігіт екендігін сөзбен емес, іспен 

(қуатты соққыларымен) дәлелдеуге бейім 

спортшы ғой. Геннадийден тағы да жеңіс 

күтеміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет