заманауи бейнесін жасау болды. Осы сән
тюрьелер бағалады. Фестивальдің жүлделі
ге. Әу баста ұйымдастырушылар екі ба ғыт-
п алған болатын. Яғни жас ди
тын. Байқауға қатысуға студенттер, жас
жуық өтініш келіп түскен. Олардың ара сы-
.
жат қандар. «Аспара» халық
фес тивалінің берері көп, әрине. Ең алды-
ретіні анық. Әрі сән индустриясын да мы-
жақ сы дамып келеді. «ПОШ-Тараз» «Та раз-
ді рісін өркендетіп отыр. Өз кезегінде мұн-
бас қарушылары да бар. «Асыл-Дизайн»
Ири на Набоко болды. Сондай-ақ құрметті
оңайға соққан жоқ. Шетел діктердің аузы-
майталман сәнгерлер.
№46 (957)
20.03.2013 жыл,
сәрсенбі
www.alashainasy.kz
6
e-mail: info@alashainasy.kz
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
АЛАШ АЗАМАТЫ
Шекара бекетінде комиссиялық
алым алына ма?
Туысыммен бірге Ресеймен екі ортада жеміс-жидек тасымалдаймын.
Жуырда ол шекаралық өткізу тұрағында тауардың тексерілгені үшін
комиссиялық алым алынғанын айтты. Бұл заңды ма?
Алтынбек ҚОЙШЫБАЕВ, Қостанай қаласы
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Шекара қызметі мамандарының мәліме-
тін ше, Кедендік одақ аясында бекітілген
заң на ма лар мен ресми құжаттарға
сәйкес, қа зақ стандық-ресейлік шекарада
тауар ай на лымы еркін. Шекара қызметі
ма мандары қандай жағдайда да ше ка-
ра дан өтуші адамдардан ақша алмауы
тиіс, бұл – заңсыз. Егер мұндай жағ дай-
дың куә сі болғанда, заңсыздық нақты
қан
дай ше
кара тұрағында, кім деген
қыз мет кердің қатысуымен болғанын
баян дап, 8 (717) 271-91-55 телефонына
ха
бар
ласуға немесе Шекара қызметі
бас шы сы ның блогына жолдауыңызға
бо лады.
Ауыр жараланған адамға қандай көмек көрсету керек?
Ауыр өнеркәсіпте жарақат алып, есінен танған адамға дәрігерлер келгенше қандай көмек
көрсету керек? Есін жию үшін спирт ішкізу дұрыс па?
Абзал ЕРМАҒАНБЕТ, Ақмола облысы
ҚР Төтенше жағдайлар министр лігі дәрігер-
ле рінің кеңесі бойынша, трав матикалық жара-
қат тан есең гі реп қалған немесе денесінің көп
бө лігін күйік шалған адамға алғашқы ме ди-
циналық жәрдем көрсетуде мы на нәрселерді
есте ұстаған жөн:
зар дап шегушіні шалқасынан жат қы зып,
құсқысы келсе, басын жа ны на қарай бұру керек;
жүрек қағысын, тыныс алуын ба қы лап,
жүрегі тоқтаған болса, жа санды дем беру керек;
денесінен қан ағып жатса, тоқ
та
туға
әрекеттену керек;
сырқырауды басатын дәрі бер ген дұрыс,
егер ол болмаса аузына 50-70 г алкоголь
тамызуға болады;
жарақат алған адамды әрі-бері қозғалтып,
сүйреуге болмайды;
күйіп, денесіне жабысқан киімді шешпеу
керек;
жарақат салдарынан асқазаны, іш тұсы
қатты ауырған адамға ешқандай сұйықтықты
ішкізуге болмайды.
ДАТ!
Ғалия ҚАЙДАУЫЛҚЫЗЫ, «Алтын арқау» мәдени-этнографиялық
қоғамдық бірлестігінің төрайымы, этнограф, ҚР білім беру ісінің үздігі:
– Ғалия апай, Ұлыстың ұлы мерекесі
құт
ты болсын! Бүгінгі күні Наурыз
мерекесінің еліміздегі тойлану деңгейіне
көңіліңіз тола ма?
– Той, мерекеге қатысты «көңіл толмады»
деп айту қиын. Той деген –жақсылық, қуа-
ныш деген сөз. Сондықтан әрқашан жақ сы-
лыққа сынап қарамай, тек қуана білу керек
се кілді. Қазақтың тойларының ішіндегі Нау-
рыз тойы, Ұлыстың ұлы мерекесі – жал пы-
ха лықтық жалғыз төл мереке. Бір кездері
жо ғалтып алған мерекеміздің ұмытылмай,
жа ңарып, жасарып, Тәуелсіз еліміздің төл
ме рекесі ретінде, халқымызға қайта ай на-
лып келгеніне де ширек ғасыр толыпты. Осы
уақыт ішінде Наурыз тойы халқымыздың
ұлт тық мерекесі ретінде жаңарып келеді. Ал-
дағы уақытта заман талабына сай, кейбір
эле менттерді қоса отырып, үлкеннің де, кі-
шінің де көңілінен шығатындай дәрежеде
түр лендіріп, ұрпаққа тағылым тәрбие бе ре-
тіндей, ұлттық құндылықтарымызды әс пет-
тейтіндей, нағыз мерекеге айналарына се-
немін. «Қалай тойланып жүр, көңіліңізден
шы ға ма?» дегенде еске түседі. Тәуелсіздікке
қол жеткізбей тұрып, біз ең болмағанда осы
Ұлыс тың ұлы мерекесінің тойлануын ай-
рықша күттік. Әлі есімде ұзақ уақыт ұмы-
тылып барып 1986 жылы Желтоқсан оқиға-
сы орын алғаннан кейін, 1988 жылы Наурыз
тойы Алматыда демалыс паркінде тойланды.
Сол уақытта «наурызкөже ішейік» десем,
қасымдағы жарым «біреу-міреу көріп қойса
ұят емес пе?» дейді. Кеңестік өмір салтының
санамызға сіңгені соншалық – көпшілік ұлт-
тық мерекені тойлауға, ұлттық тағамын жеу-
ге де жалтақтайтын, өз мерекесіне өзі жат-
сы нып қарайтын кезең еді. 1986 жылдан
ке йін «ел боламыз ба, болмаймыз ба?» де-
ген үреймен, қазақ жастарын жаншыған сол
бір оқиғадан еңсемізді тіктей алмай, есең гі-
реп жүрген кезіміз еді. Кішкене болса да са-
на мызға серпін берсінші деп 1988 жылдан
бас тап Наурызды тойлауға бет бұрдық. Сол
уа қытта әлі есімде бірдеңені артық істеп
қою ға қор қақ тап, жан-жағымыздан жал тақ-
тап, не шын ниетімізбен қуанғанымызды
көр сете алмай, түсініксіз бір кейіппен Нау-
рыз ды қар сы алып едік. Өте бір аласапыран
уа қыт еді. Ол бір қа зақ бо лып туғаның үшін
өз-өзіңді қарғай тын ке зең еді. Соның бә рін
көр геннен ке йін мен бүгінгі күніме шү кір-
шілік етемін. Жыл са йын Наурыз тойының
жаңарған түрде той ланып келе жатқанына
тәу бе етемін. Еш сын айтып, мін таққым кел-
мей ді. Дегенмен Нау рыз тойының уақыт өте,
қоғамның талабын қа нағаттандыратындай
дәрежеде бейім де ліп келе жатқанын бай-
қай мыз. Сондықтан мұ ның бәрі – уақыт өте
дұ рысталатын нәрсе. Ұлыс тың ұлы ме ре-
кесінің кереметтілігі, ас тро логиялық тұр ғыда
ерек
шелігі, артық
шы
лығы талай рет ай-
тылды. Сондықтан ендігі жерде сол арт ық-
шы лықтарын мойындап, бұл күнді барынша
дәріптеп, мәртебесін одан әрі арттыруды
ғана ойлау керек.
– Қалай ойлайсыз, Наурызды той лау-
дың елімізге лайықты тұжырымдамасын
ой лап шығару керек пе?
– Қазір Наурыз тойы дегенде міндетті
түр де қаз-қатар тігілген киіз үй, әкімдердің
үкі мі, барлық мекеме қызметкерлерін ұлттық
киім киюге міндеттеу секілді көріністер елес-
тей тіні рас. Былтырдан бастап халықаралық
қауымдастық тарапынан Наурыз тойы ең
ежелгі мереке ретінде мойындалып, мәр те-
бесі көтерілсе, елімізде Ұлыстың ұлы күнін
той лау үшін үш күндік мерекелік демалыс
жа рияланды. Мұның бәрі Наурыз тойының
мәр тебесін өсірмесе кемітпейтіні анық. Қа-
зақ ежелден айт мерекесін қоспағанда та би-
ғатпен үндескен, төрт мерекені қалдырмай,
ерек ше тойлаған. Оның алғашқысы қыс тоқ-
сан – соғым соятын қысқы мерзімде бір-бі-
ріне қонаққа барып, соғым етін жеп, ерекше
той лаған. Екінші бір мерекесі – жылтоқсан
көктемгі жыл басы, Наурыз мерекесі болса,
үшін
ші мерекесі жазтоқсан – қы
мыз
мұ-
рындық кезеңі. Соңғысы күзтоқсан – сабан-
той мер зімі. Осы төрт тоқсанның ішінде бар-
ша ха лықтың басын қосатын, сыйластықтың
дә некері, адамдарды бір-бірін іздеуге, бір-
лік ке, татулыққа шақыратын, төрт тойдың
тө ресі жыл тойы – жылтоқсан мерекесінің
мәні зор. Жыл тойында пісірілетін наурыз кө-
же
нің құ
рамында қыстоқсанның соғымы
бар, жазтоқсанның ағарғаны, айраны бар,
күз тоқ санның сәні дәндер де бар. Яғни жыл-
тоқсан саналатын Наурыз тойы – осы төрт
той дың басын қосатын, берекесін кіргізетін,
негізгі той. Бір айта кетерлік жайт, осы жыл-
дар ішінде «өткенімізді жаңғыртамыз» деп,
салт-дәстүрімізді дәл сол күні қойылатын
сах налық қойылымға айналдырдық, дәл
осы күнге мадақты да айтудай-ақ айттық.
Бірақ ендігі жерде Ұлыстың ұлы мерекесін
той лаудың нақты бір тұжырымдамасы жа-
са латын, түйінделетін, тойдың өз дә ре же-
сінде кемелденетін кезі жетті. Осы орайда
мен Наурыз тойын тоғыз күн тойлаудың тұ-
жы рымдамасын жасау керек дер едім. Ұлыс-
тың ұлы тойы – ұлтымыздың ұлық мерекесі.
Де мек, біз оны сол дәрежесінде тойлауымыз
керек.
– Сіз айтып отырғандай, биыл Наурыз
ме рекесін тоғыз күн кеңінен тойлауды
ауа райы, жер жағдайы ыңғайлы өңір
са налатын Оңтүстік Қазақстан облысы
үр діске айналдырғалы отыр. Яғни Нау-
рыз мерекесін 14 наурыздан бастап 23
наурызға дейін жалғастырып, ежелден
сақ талып келе жатқан халқымыздың
салт-дәстүрін заманауи үлгіде қайта
жаң
ғыртуды көздеп отыр. Мұны сіз
бастама айтып, был тыр көтерген едіңіз.
Осы ойы ңызды таратып айтсаңыз, сіз
бас та ма ретінде ұсынып отырған тоғыз
күн той лаудың сыры неде?
– Халқымызда тоғыз – сүйінші сан. «Бір
то ғыз бас таған нар, атан түйе» деген секілді
тір кес тер тілімізде ежелден қалыптасқан.
Рас, жеті де қа сиетті сан, бірақ жеті – садақа-
ның са ны. Мә се лен, наурызкөжеге неге жеті
түрлі дән са лады? Жылдан аман, айдан есен
жеттік пе деп, жеті түрлі дәнді көжеге салады.
Кейде осы ған орай, наурызкөжені тілеукө же
деп те атайды. Сондықтан Наурыз тойын ха-
лық тық ме рекеге айналдырып, хан мен қа -
ра
ша
ның нағыз теңесетін күніне ай
нал-
дырып, тоғыз күн тойлауымыз керек. Наурыз
ха лық тың қа ба ғына қарайтын, қалауын жа-
сайтын күні. Біз тоғыз күн тойлауды көктен
алып отыр ға нымыз жоқ. Бұл мереке ежелден
осылай тойланған. Қаған заманында 365
бозбалаға қып-қызыл ма
сатыдан шапан
кигізіп, тоғыз күн қобыз бен тоғыз түрлі күй
сарнатқан. Сондай-ақ то
ғыз күн бойына
қазан көтеріп, ашты той дырып, жалаңашты
киіндірген. Ат қа мінген азаматтар тайқазанға
құдайы көже ас тырып, жоқ-жітікке таратқан.
Жалпы, бар
лық өңі
рі
мізде көріс айттан
басталып той ланған нау рыздың 23-іне дейін
жал ғас қанына бай ла нысты мысалдар өте
көп. Біз дәл осы үрдісті жа
ңа заманға
лайықтап, қай та жаңғыртуы мыз керек.
Осы орайда, былтыр айтқан ұсынысым-
ның аяқасты қалмай, биыл оңтүстік өңірде
то ғыз күн тойлана бастауы – мен үшін үлкен
қуа ныш. Бұл – айтылған сөздің тыңдайтын
құ лаққа жеткенінің белгісі. Алайда алдағы
уа қытта осы бір үрдіс жалпыхалықтық сипат
алып тоғыз күн тойлана бастаса мынау менің
сөзім, менің ұсынысым деп айтпас едім. Мен
бар болғаны халқымызда бұрыннан бар
салт-дәстүрге айналған дүниесін жүйелеп,
жаңа заманға лайықтап ұсынып отырмын.
Осы орайда Наурыз мерекесінің бір күнін
«Тән дауа» деп атауды ұсынамын. «Тазалық
– иманның жартысы» дегендей, бүкіл халық
осы күнді тәннің тазалығына арнаса... Үйінің
іші-сыртын, айналасын ғана емес, өзінің
тәнінің де тазалығына мән берсе деймін.
Осы күні телеарналардан берілетін ха бар-
лардың барлығы да осы тәннің тазалығына
арналса керемет болар еді. Тән тазалығының
ауқымы өте кең. Тағы бір күнді «Жан дауа»
деп атау, мейірімділік пен қайырымдылық
күні болса, барша халықтың бір-біріне
кешіріммен қарайтын күніне айналса деген
ойдан туындаған. Бүгінде елімізде балалар
үйі де, қарттар үйі де көбейіп кетті. Дәл осы
күні осы мекемелердегі тұрғындарға құрмет
көрсетіліп, көңілін ауласақ, араздасқан жан-
дар татуласып, тіл табысса деймін. Алғашқы
көрісу күні осы «жан дауа» күніне жатады.
«Ән дауа» – ән сайысы, жаңа әндердің жа-
рыққа шығар күні. Әртүрлі ән-жыр са йыс-
тарының бәрі осы тоғыз күнге тоғысуы тиіс.
Біз онсыз да атақ, лауазымы бар тұл ғаларды
әспеттейміз, сый-құрмет көрсе теміз. Бірақ
нақ осы тоғыз күнгі сайыста ел ішіндегі алтын
бесіктің жемістері жарыққа шығуы тиіс. Ел
ішінде дарындылар мен таланттылар жетер-
лік. Нақ осы «ән дауа» күнінде ел ішіндегі
күміскөмей әншілер, жыршылар өз өнерін
паш етіп ортаға салуы тиіс. Халқымызда бір
төбенің дауысын, екінші бір төбеге қосқан
әншілер де, қоңыр үнді, керемет әуезді
әндері де аз болмаған. Алайда бүгінгі күні
қыңсылаған, сыңсыған, ыңқылдаған, ырға-
ғы жоқ көшірме әуендер көбейіп бара жа-
тыр. Қазіргі эстрадамыз көршіден ұрлап,
кү нін көріп жатыр. Бұл – халқымыздың на-
мы сына тиетіндей дүние. Өзімізде бар дү-
ние
нің тынысын тарылтып, барымыздың
қа діріне жете алмай өзгенікін ұлық тұтудың
ақыры өнерімізге қиянат жаса луына алып
келді. Сондықтан «ән дауа» кү нінде осы бір
ол қылықтың орнын тол ты ратындай дүние-
лер орын алса деп тілеймін. Тағы бір күн –
«Сөз дауа». Халқымыз ше шен ге, сөз тауып
ай тар тапқырға кенде бол маған. Бірақ бү-
гінгі күні мектептегі оқушылар тү гіл, атқа
мін ген азаматтарымыз екі сөздің ба сын қо-
сып, ойын жеткізе алмайды. Олар дың ара-
сында қағазға қарамаса қаңғырып ке те тін-
дері де, нүкте қойып берсең, нүкте деп оқып
кететіндері де бар. Негізі, қазақ халқы сөзге
шешен, көсем болған. Сон дық тан сөз қадірін
түсінетін халықтың қасиетін қай тару үшін
«сөз дауа» күнін белгілесек дұрыс болар еді.
«Жер дауа» – «Бұлақ көрсең көзін аш», «Бір
тал кессең, он тал ек» деген сөздерімен тіке-
лей байланысты. Жер біздің анамыз. Біз қа-
зір анамыздың төсін тырнап, бауырын жа-
ралап, оңды-солды пайдаланып жатырмыз.
Ен дігі жерде жер-ананың қа ді рі не жетіп,
ал ға ны мыз ды қайтаратын кез жетті. Дәл осы
са уапты істі, жерге деген құрметті Ұлыстың
ұлы ме ре кесінің бір күніне орай лас тырсақ
дұ рыс бо лар еді. Бүгінде еліміздің кейбір
өңі рінде эко логиялық жағдай да нашарлап
кетті. Осы күні барлық хал қымыз бас-басына
бір-бір талдан отыр ғызып, сен бі ліктер жа-
сап, ластанып жатқан су ла рымызды тазар-
тып, игі істерге бастама болса деп ой лаймын.
«На мыс дауа» – спорт ойын да ры ның жа ры-
сы. Намысқа тырысып, түр лі ұлт тық спорт
ойындарының дамуына әр
кім
дер үлес
қосса, жер-жердегі әскери гар ни зон дар да
патриоттық бағыттағы іс-ша ра лар жалғасын
тапса, үздіктердің марапатталуы да осы күнге
орай ласса деймін. Сондай-ақ еліміздегі пат-
риот тық сезімнің насихаты да осы күні кү-
шей тілсе нұр үстіне нұр болар еді. «Сезім
да уа» – 21-інен 22-сіне ауған түнге сәйкес
ке луі керек. Дәл осы күні жастар бір-біріне,
тұ нық сезімдерін білдіріп жатса құба-құп.
Жас тарымыз өз елі сезімнің қадірін біл мей-
тіндей, өзгенің қаңсығын таңсық көріп, әу-
лие Валентин күніне табынып жүр. Ал бұ рын
халқымыздың қыздары көңіліндегі жі гіт ке
ұйқыашар тағамдарын сыйлап, ора мал дың
шетіне көңіліндегі жігіттің атын кес телеп жа-
зып, сыйларын ер адамға ұсынып жат са, ж і-
гіт тер де «селтеткізер» сыйларын ұсы нып,
өз ара сезімдерін білдірген. Тектен-тек ке бұл
күн ді «сезім дауа» деп белгілеп отыр ған
жоқ пыз. Осы күні бүкіл дүние ға лам дық өз-
ге ріске түсіп, жер ананың тө сі нен жаң ғырып
бір дауыс өтеді екен. Ол жаң ғы рықты судағы
балық сезіп, су бетінен ба уы ры мен шоршып,
бір аунап түссе, шақ ша қай қара торғай ұя-
сы ның аузына шығып, жер әлемге сәлем бе-
реді екен. Суыр інінің аузына шығады, төрт
түлік малдың ішінде пе йіш тің малы сана ла-
тын қой күйіс қайырғанын бір сәт тоқтады
екен. Адам түгіл, жер бе тін дегі тір ші лік ие-
ле рінің барлы ғы ның жан дү ние сі осын дай
се зімді сезініп жат қанда, адам зат тың дәл
осы күні сезім
дерін мо
йын
дауына, бас-
қаларға сезімдерін біл діруіне қо лайлы сәт
секілді. Мұндай күн нің «сезім да уа» ата лып,
жастардың се зім дерін мойын дай тын кү ніне
әбден лайық екені даусыз. Өзі міздің осындай
ерекше қасиетті күніміз тұр ғанда айдаладағы
бі реу лердің Ва лен тинін әспет тей тінімізге
қай ранмын. «Рух да уа» – бір күн, бір түн тәу-
лі гі мен халқымыздың ру хани тұрғыда же-
тілуіне, рухын көтеретін күй лер дің са й ы-
сына, рухани тұрғыдан толысуына ар на сақ
дұ рыс болар еді. Кейбір халықтың кү йі жоқ,
өзіндік үні жоқ. Біз рухы мыз ды кө теретін осы
күн нің соңын үлкен ста дион дар да күй тар-
тыс пен аяқтасақ деймін. Сон дық тан біз ме-
рекелік тоғыз күннің бір күнін хал қы мыздың
ру хы ның көтерілуіне арнасақ деп ар ман дай-
мын. Шыны керек, біз бүгінгі күні күй ле рі-
міздің қадірін біліп отырған жоқпыз. Жас
ұр пақ осы күн арқылы қазақ халқының күй-
ле рінің қадір-қасиетін білер еді. «Сән дауа»
– күнінің де маңызы зор. Неге біздің ұлт тық
киім де ріміз бір күн ғана киіліп, қал ған күн-
де рі қара сан дықтың түбінен орын алуы
тиіс?! Шын мәнінде қазақы ою-өрнектермен
көмке
ріл
ген ұлттық киімдеріміз сәнділігі
жөнінен бас қа лардың киімдерін он орайды.
Сондықтан нақ осы күні ұлттық бояуы қанық
ұл ттық киімдеріміздің бүгінгі күнге лайық-
тал ған, ықшамды, икемді күнделікті өмірде
кие алатындай түрлеріне байқау жарияласақ
деймін. Сонда ұлттық киімдеріміздің жы лы-
на бір-ақ рет емес, жыл он екі ай киілуіне
мүм кіндік туар еді. «Мән дауа» – ненің мәні
қан дай екенін ұқтыратын күн болуы керек.
Рә міздеріміздің, елдігіміздің мәнін ұқ ты ра-
тын күн болуы тиіс. Бүгінде ұлттық ерек ше-
лік тердің қадірін білмейтін, қадіріне жете
ал майтындар көп-ақ. Мұның бәрі нақ осы
мә нін ұғынып, қадіріне жете алмағандықтан
туын дап отыр деп ойлаймын. Бұл күн мал
сою дың, оны мүшелеудің, табақ тартудың,
жа қындардың қыз алыспауының, бесікке са-
лудың, сүндеттеудің, ырым-тыйымдардың
мәнін ұқтыратындай күн болуы тиіс. Қазақ
хал қы – өте дана халық. Есепсіз, мәнсіз еш-
теңе жасамаған. Мәселен, бүгінде біреулер
қа зақ өте ысырапшыл халық, әр нәрсесінің
со ңы тамақ жеуге барып тіреледі деп жүр-
гендер бар. Бұл дұрыс емес. Қазақ ысы рап-
шыл дықты жаны қаламаған, тіпті қай малды
қай уақытта сою керек, қай табаққа қандай
сүйек салу керек, кімге қандай табақ тарту
керектігін, бәрін-бәрін білген, есептеген. Бү-
гінгі күні халық арасында жаңылыс түсініктің
қа лыптасуы оның мәнін түсінбегендіктен ай-
тылып жатыр. Сондықтан ұлттық ұста ным-
дар
дың әрқайсысының мәнін ұрпаққа
кеңінен ұқтыратын «мән дауа» күнінің мәні
зор. Бұл күндердің барлығы арнайы сце на-
рий лік жоспармен халықты жалық ты рып
ал
майтындай дәрежеде, табиғи, әрі ха-
лықтың барлығы жұмыла ат салысатындай,
өз мерекесіндей сезінетіндей дәрежеде
тойлануы керек. Және бір айта кетер жайт,
осы тоғыз күннің әрқайсысының ұраны
болуы тиіс.
Тоғыз күннің наурыздың 14-інен бас-
талуы да тегіннен-тегін емес. Халықтың атақ-
ты «Дайди-дау» деген әні бар. Сонда «Жүзің
бар он төртінші айдай көркем» деген жолдар
бар. Дәл сол күні ай толысып, бүкіл табиғатқа
өзгеріс еніп, айнала ерекше түрленеді. Айта
кетер жайт, мұның бірі де менің өз сөзім
емес. Халықтың ғасырлар бойғы дәстүріне
енген ғұрыптары, тек мен соны танып-біліп,
жүйелеп халықтың өзіне қайта ұсынып
отырмын.
Достарыңызбен бөлісу: