10.4 Кәсіпкерлік этикасы. Іскерлік этикет.
Кәсіпкерлік этика мен іскерлік этикет жөнінде қарастырмас бұрын «Этика» түсінігіне тоқталайық. Этика гректің «ethos» деген сөзінен шыққан және әдеп-ғұрып деген мағынаны білдіреді.
Кәсіпкерлік этика адалдық, адамгершілік, ар-ождан, абырой, мәрттік, сыпайылық, сыйластық, атаққұмарлық, намысшылдық,арсыздық, екіжүзділік, табалаушылық, кек алушылық,арамдық, дөрекілік және т.б. түсініктермен тығыз байланысты.
Кәсіпкерлік этиканың міндеттері келесілер болып табылады:
іскерлік қатынастар облысындағы тәжірибелерді үйрену;
субъектілердің экономикалық іс-әрекетіне мәдени құндылықтардың ықпалын талдау;
корпоративті және әмбебап этиканың өзара әсерін қарастыру;
кәсіпкерліктің халықаралық мәдениетімен, оның моральдық – психологиялық стандарттарымен интеграциясы;
бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі проблемаларын зерттеу;
кәсіпкерлік қызмет субьектілерін адамгершілік және өнегелілік тұрғысынан тәрбиелеу;
белгілі бір іскерлік жағдайлар бойынша этикалық қағидаларды әзірлеу.
Кәсіпкерлік этиканы реттеу жүйесінің төрт деңгейін бөліп көрсетуге болады:
этикалық қағидалар;
кәсіпорын қызметкерлерінің іс-әрекетін реттейтін нормативтік актілер;
кәсіпорынның еңбек ұжымы;
кәсіпорын қызметкерлерінің жеке мотивтері.
Іскерлік этикет – кәсіпкерлердің экономикалық мүдделерін жақындастыруға, іскерлік қатынаста жетістікке жетуге мүмкіндік беретін, айтарлықтай лайықты іс-әрекет формалары мен ережелерін ұзақ уақыт бойына іріктеу нәтижесі.
Ікерлік этикеттің келесідей құрамдас бөліктерінің белгілі –бір нормаларын орындау кәсіпкерлер үшін маңызды болып табылады:
вербальды және вербальды емес этикет;
телефонмен сөйлесу этикеті;
көпшілік алдында сөз сөйлеу этикеті;
іскерлік байланыстар
Іскерлік этикет пен іскерлік қарым-қатынас этикасын сақтау бизнесте жақсы жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Сондықтан оның бірнеше ережелеріне қысқаша тоқталайық:
Бірінші ереже – барлық жағайда мұқият болыңыз.
Екінші ереже – артық ештеңе айтпаңыз.
Үшінші ереже - өзіңіз туралы ғана емес басқалар туралы да ойлаңыз.
Төртінші ереже – дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |