«Экономика және қаржы» кафедрасы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарының студенттері үшін


Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы



бет41/55
Дата05.04.2022
өлшемі361,63 Kb.
#29996
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   55
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы

13.1 Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәні,қажеттілігі,негізгі бағыттары мен механизмі

Қазақстанда кәсіпкерліктің қарқынды дамуы экономикалық реформаларды табысты жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамыту арқылы бірқатар маңызды міндеттерді шешуге қол жеткізіледі.Ең алдымен,жаңа жұмысқа орындарының ашылуы мен жұмыссыздықтың азаюына,ішкі нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз етуге,бизнес-идеяларды жүзеге асыру мен инновацияның дамуына,салықтық түсімдердің өсуіне және өзге де әлеуметтік-экономикалық мәселелердің оң шешімін табуына септігін тигізді.Бірақ қазіргі бәсекелік ортаның күшеюі жағдайында мемлекет тарапынан белгілі бір шамада қолдау мен реттеуді қажет етеді.Дегенмен нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысу деңгейі шектеулі болады.

Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуы кезінде мынандай қағидалар сақталуы керек:

1)заңдылық;

2)негізділік;

3)шектеулілік;

4)жарысқа қатыспаушылық.

Мемлекет кәсіпкерлік қызметке заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу және мемлекеттік кәсіпорындар құру арқылы қатыса алады. Сонымен қатар мынандай жағдайларда кәсіпкерлік қыметке қатысады:

– мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін,қорғаныс қабілетін немесе қоғам мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің өзге мумкіндігі болмаған жағдайда;

– мемлекеттік меншіктегі стратегиялық обьектілер пайданылған кезде;

– қоғамдық өндірістің бәсекелестік жоқ немесе бәсекелестік жеткілікті дамымаған салаларындағы тауарлар өндірісіне қоғамдық қажеттілік болған жағдайларда айқындалатын әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу мақсатында.

Қазақстан Республикасының Конституциясынан бастап еліміздің даму стратегиялары,бағдарламалары,тіпті Елбасының жыл сайынғы жолдауларының барлығында да кәсіпкерлікті,әсіресе шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен мемлекеттік қолдау мәселесі қамтылған.Оны төмендегі кестеден(22-кесте) көре аламыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет