12.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау көрсеткіштері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы деп оның өз қызметін қаржыландыру мүмкіншілігін (қабілетін) айтамыз. Ол кәсіпорынның дұрыс жұмыс жасауы үшін қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуін,олардың ұтымды орналастыру мен тиімді пайдалануды,басқа жеке және заңды тұлғалармен қаржылық өзара қарым -қатынасын ,төлем қабілеттілігін мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау кезінде бірқатар нақты көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады.Оларды төмендегідей топтарға бөліп өарастыруға болады
1 ) кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау көрсеткіштері;
2) кәсіпорынның өтімділігін бағалау көрсеткіштері;
3) кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау көрсеткіштері;
4) кәсіпорынның іскерлік белсенділігін бағалау көрсеткіштері;
5) кәсіпорынның рентабельділігін бағалау көрсеткіштері;
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерін топтарының бірінші тобына мүліктік жағдайды бағалау көрсеткіштерін жатқызамыз.
Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау оның өз мүлкін пайдалану тиімділігін сипаттайды. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын негізгі қорлардың жаңару,тозу,жарамдылық,істен шығу коэфиценттері,негізгі қорлардын активтік бөлігінің үлесі арқылы сипаттауға болады.Сонымен қатар қор сиымдылығы,қор қайтарымдылығы,қормен жарақтану көрсеткіштері де пайдаланылуы мүмкін.
Оларға ағымдығы өтімділік коэффициенті,жылдам өтымділік коэффициенті және абсолютті өтімділік коэффициенті жатқызылады.Бұл көрсеткіштер кәсіпорын басшылығы үшін ғана емес,сырқы субъектілер үшін де үлкен қызығушылық туғызады.
Абсолютті өтімділік коэффициенті (ақшалай резервтер нормасы) кәсіпорынның ақшалай қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық салымдарының (тез өткізілетін бағалы қағаздардың) қысқа мерзімді міндеттемелеріне қатынасымен анықталалды.Бұл көрсеткіштің мәні қысқа мерзімді міндеттемелерінің қандай бөлігі тез арада жабыла алатындығын көрсетедеті.
Кәсіпорынның қаржылық жағлайын бағалаудың келесі көрсеткіштер тобына қаржылық тұрақтылық көрсеткіштеріжатқызылады.
Қаржылық тұрақтылық- табыстың шығыннан тұраұты дәрежеге артыу. Ол ақшақаражаттарын пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өнім өндіру және өткәзу үрдісінің үздәксәз болуына жағдай жасайды.
Кәсіпорынныі қаржылық жағдайын бақылаудың келесі көрсеткіштер тобына кәсіпорынның іскерлік белсенділік ккөрсеткіштері жатқызылады.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі оның өз капитаының қаншалықты тиімді пайдаланылғандығын көрсеттетін бірқатар айналымдылығын коэффициенттермен сипатталады.
Сапалық өлшемдерге-өткізу нарықтарының (ішкі және сыртқы) кеңдігі, кәсіпорынның іскерлік беделі,оның бәсекеге қабілеттілігі,тұрақты жабдықтаушылары мен сатып алушыларының болуы және т.б. жатады.Абсолютті көрсеткіштер қатарына дайын өнімді(тау-арды ),(орындалған жұмысты,көрсетілген қызметті)сату көлемін,табысын,активтерінің мөлшерін жатқызуға болады. Ал салыстырмалы көрсеткіштер кәсіпорын ресурстарын пайдалану тиімділігін сипаттайды.
1) Активтердің айналымдылық коэффициенті- өнімді сатудан түскен табыстың есепті кезең ішіндегі активтердің орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады.Сонымен қатар бұл коэффициент активтердің 1 теңгесіне сатылған өнімнің қанша теңгесі келетінін көрсетеді. Басқаша айтқанда, активтердіің әрбір ақша бірлігіне сатылған өнімнің қанша ақша бірлігі келетінін көрсетеді.
2) Айналымнан тыс активтердің айналымдылық коэффициенті- өнімді сатудан түскен табысты айналымнан тыс активтердің орташа жылдық құнына бөлу арқылы есептеледі. Ол талдау жасалып отырған кезең ішінде мобильді емес активтердің айналым жылдамдылығын көрсетеді.Сонымен қатар, негізгі құралдардың айналымдылық коэффициенті де қарастырылады. Бұл көрсеткіш негізгі құралдардың орташа жылдық құнына бөлу арқылы есептеледі.
3) Ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті сатудан түсикен табыстың есепті кезең ішіндегі ағымдағы активтерідің орташа жылдық құнына қатвнасымен есептеледі. Ол талдау жасалып отырған кезең ішіндегі ағымды активтердің айналым жылдамдығын немесе санын көрсетеді.
4) Меншікті капиталдың айналымдылық коэффицменті өнімді сатудан түскен табыстығ меншікті капиталдың орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады. Коммерциялық көз-қарас тұрғысынан,сатудың артықтығы немесе жеткіліксіздігін,қаржылық жағынан – салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдылығымен, ал экономикалық тұрғысынан, кәсіпорынның меншік иелері тәуекелге барып,салып отырған ақша қаражатынының белсенділігін көрсетеді.
5) Тауарлы-материалды қорлардың(өндірістік қорлардың) айналымдылық коэффициенті сатылған өнімнің өзіндік құнының өндірістік қорлардың (шикізаттар мен материалдардың, аяқталмаған өндірісітің,дайын өнімнің) орташа жылдық құнына қатынасымен есептеледі. Өндірістік қорлар оларды дайындау (сатып алу) құны бойынша есептелгендіктен, айналым коэффициентін есептеу үшін сатудан түскен табыс емес сатлыған өнімнің өзіндік құны пайдаланылады.
6) Дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті сатудан түскен табыстың есепті кезеңінде дебиторлық берешектің орташа жылдық құнынаи қатынасымен анықталадыОл талдау жасалып отырған кезеңдн днбиторлық берешектің қанша айналым жасағанын (айналым санын көрсетеді).Айналымдылық жылдамдаған кезде бұл көрсеткіштердің мәні төмендейд,бұл өз кезегінлде дебиторлармен есептесу жақсарғанын көрсетеді.
7) Кредиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті. Ол сатудан түскен табысты еместі кезеңдегі кредиторлық берешектің ортша жылдық құнына қатынасымен есептеледі.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен қаржы нәтижелерінің салыстырмалы сипаттамасы рентабельділік болып табылады. Кәсіпорын қызметін талдау кезінде табыстылықтың абсолютті көрсеткіштері (сатудан түскен табыс,жалпы табыс ,қардыландырудан түскен табыс т.б.) оның қаншаықты тиімді жұмыс істеп отырғанын (жақсы немесе жаман) толық сипаттай алады.
Рентабельділік көрсеткіштері кәсіпорынның салыстырмалы табыстылығын сипаттайды , яғни, әрүрлі тұрғыдан капиталдың немесе қаражаттардың шыңындарға қатынасының пайыз түрінде өлшенуі немесе есептелуі. Қор биржасында тіркелген кәсіпорындар үшін жоғарыда аталған көрсеткіштер мен бірге басқа да бірқатар көрсеткіштер есептеледі. Олар кәсіпорынның бағалы қағаздар нарықтағы жағдайын көрсетеді.
Қор биржасында тіркелген кәсіпорынның бағалы қағаздар нарығындағы жағдайын бір акцияға келетін табыс,акцияның құедылығы, акцияның рентабельділігі,дивиденд төлеу коэффициенті көрсеткіштері арқылы бағалауға болады. Сондықтан осы кқрсеткіштерге қысқаша толықталайық.
1) Бір акцияға келетін (түскен) табыс артықшылығы акциялар бойынша есептелген дивидент көлемін шегергеннен кейін қалған таза табысты акциялардың жалпы санына қатынасымен анықталады.
2) Акцияның құндылығы акцияның нарықтық бағанысың акцияға түскен табысқа қатынасы арқылы есептелді. Ол акционерлер немесе инвесторлардың акцияға түсетін табыстың қанша үлесі тиетінін көрсетеді және ол акцияның нарықтық бағасына айтарлықтай дәрежеде ықпал етеді.
3) Акцияның рентабельділігі бір акцияға тқленетін дивиденттің оның нарықтық бағасына қатынасы арқылы есептеледі. Бұл көрсеткішкәсіпорын акцияларына салынған капиталды қайтару пайызын көрсетеді.
4) Дивидент төлеу коэффициенті акциялар бойынша төленетін дивидентті акцияларға түскен табысқа бөлу арқылы есептеледі. Бұл көрсеткішті бір акцияға түскен дивидендті бір акцияға түскен табысқа бөлу арқылы есептейді. Ол акционерлерге дивиденд түрінде төленген таза табыстың үлесін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |