«Экономика және қаржы» кафедрасы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарының студенттері үшін



бет43/55
Дата05.04.2022
өлшемі361,63 Kb.
#29996
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   55
Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс.

Іскерлік мәдениетінің деңгейін көтеру мен кәсіпкерлік бастаманы ынталандырудың маңызы үлкен. Ол үшін төмендегідей шаралар қажет:



  • Шағын және орта бизнестің бірлестіктер мен кооперацияларға ұмтылысын көтермелеу, оларды қолдау мен көтермелеудің жүйесін жасау, жергілікті бизнес-бастамаларды көтермелеу және мейлінше аз, бірақ қатаң реттеу есебінен ішкі нарықты дамыту.

  • Бизнеске жасанды бөгеттер тудыратын мемлекеттік шенеуніктер үшін жаңа, әлдеқайда қатаң жауапкершілік жүйесін енгізуді қарастыру.

  • Жаңа жағдайларды,соның ішінде біздің Еуразиялық экономикалық кеңістікке қатысуымызды, алда Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіретінімізді ескере отырып, отандық кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін жетілдіру және олардың мүдделерін қорғау мен ілгерілету үшін қажетті барлық шараны қабылдау.

6

ҚР Президентінің «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.

27.01.2012ж.



Жолдаудағы жүзеге асырылуға тиісті 10 бағыттың бірі Қазақстандықтардық жұмысқа тартылуы деп аталады. Онда мынадай үш маңызды міндет қойылған:

Біріншіден, оқыту мен жұмысқа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау.

Екіншіден, ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамытуға септесу.

Үшіншіден, еңбек ресурстарының жинақылығы, Қазақстанның экономикалық тұрғыдан белсенді орталықтарында жұмысқа орналастыруға басымдық беру.



7

ҚР Президентінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауы.

28.01.2011ж.



Бүкіләлемдік банктің 2010 жылғы баяндамасында Қазақстан бизнес мүддесі үшін реформа жүргізуде көшбасшы деп танылған. Бизнеске неғұрлым қолайлы ахуал жасау жөніндегі әлемдік рейтингте Қазақстан 183 елдің арасынан 59-орынды иеленеді. Тұтастай алғанда мемлекеттік органдардың шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне негізсіз араласу фактілері тыйылды деуге жақын қалды.

8

ҚР Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы.

29.01.2010ж.



Әртараптандырудың өзегі кәсіпкерлік болады. Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды игеруге, инновациялар өндіруге дайын қуатты кәсіпкерлер тобын көргіміз келеді. Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады. Осыған байланысты Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын. Оны “Бизнестің жол картасы-2020” деп атауды ұсынамын.

9

ҚР Президентінің «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 06.03.2009ж.

Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көлемінде бұрын соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды. Негізгі салықтар бойыншы ставкаларды әлдеқайда төмендеткен жаңа Салық кодексі іске қосылды. Инвестицияларды жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін салық преференциялары көзделген. Осының бәрі экономиканың шикізаттық емес секторын, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың аса маңызды ынталандырғышының біріне айналды.

Мемлекеттік сатып алулар туралы Заң отандық өндірісшілерге артықшылық береді, мұның өзі де шағын және орта бизнеске қолдау білдіруге бағытталған.



10

ҚР Президентінің «Қазақстан халқының әл – ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 16.02.2008ж.

Үкімет шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру жөніндегі дәйекті жұмысты жалғастыруға тиіс.

Шағын несие ұйымдарының жұмысын, соның ішінде мемлекет қаражаты есебінен де қолдау керек. Олар біздің жүз мыңдаған азаматтарымыздың өз ісін ашуына қолдау көрсетуде. Шағын несие берудің қолжетімділігін арттыру және көптеген қазақстандықтар үшін жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі шараларды ойластыру қажет. Дамыған кәсіпкерлік сектор – кез келген ел экономикасының негізі.

Осыған байланысты әкімшілік реформа аясында Үкіметке бизнеске түсетін әкімшілік салмақты батыл азайтуды, рұқсат беру жүйесін, ең алдымен лицензиялауды, сертификаттауды, аккредиттеуді одан әрі оңайлатуды тапсырамын.


Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы кәсіпкерлер Кеңесінің мәжілісінде де Елбасы кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мәселесіне ерекше көңіл бөліп,мынандай бірқатар жүйелі міндеттерді қамтитын іс-әркеттер бағытын көрсеткен болатын:

Біріншіден қазақстандық кәсіпкерлік ұлттық экономиканың жетекші күші болуы керек.Шағын және орта бизнестің үлесін,кем дегенде,екі есеге ұлғайту қажет;

Екіншіден,кең ауқымды жетекшілендіру екінші толқынның жүргізу міндеті қойылды.Оның субьектілері әрекет қабілеті және тиімді қазақстандық кәсіпкерлер болуы тиіс;

Үшіншіден,ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді орта деңгейге жеделдетіп көшіруді ынталандыратын іс-шараларды тез арада әзірлеп, іске асыру керек;

Төртіншіден, бизнесті кооперациялау,әсіресе,өңірлік деңгейде іске асыру үшін жағдай жасау маңызды.

Бесіншіден,жаңа саяси бағытқа мемлекеттің экономикалық қызметі реттеу мәселесіне қатысуының жаңа қағидалары сәйкес келуі керек.Мұнда кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың сапалы деңгейі жөнінде мәселе қозғалып отыр.

Сонымен кәсіпкерліктің жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан белгілі бір дәрежеде қолдау көрсетілуі керек.Осыған байланысты кәсіпкерлік бастаманы қолдау және жеке кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан әртүрлі қолайлы экономикалық,құқықтық және өзгеде жағдайлар жасалуы тиіс.

Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңында елімізде жеке кәсіпкерлікті қолдауға арналған арнайы бір тарау (4тарау)бар.Осы заңда анықталған бағыттар мен жолдарды атап көрсетуге болады.

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:


  • жеке кәсіпкерлікті реттеу мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру;

  • жеке кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын,бизнес-инкубаторларды,технопарктерді индустриялық аймақтарды және жеке кәсіпкерлік инфрақұрлымының басқа да обьектілерін құру және дамыту;

  • бюджет қаражаты есебінен жеке кәсіпкерлік субьектілерінің қызметін оқу-әдіснамалық,ғылыми-әдістемелік және акпараттық қамтамасыз ету;

  • жеке кәсіпкерлікті қаржылық қолдау.

Қазіргі кезде кәсіпкерліктің дамуына айтарлықтай әсер ететін негізгі факторлардың бірі қаржылық қолдау болып табылады.Елімізде мемлекет тарапынан қаржылық қолдау мұнандай жолдармен асырылады :

  1. тауарлардың (жұмыстардың,көрсетілетін қызметтердің) кепілдік берілген көлемін сатып алу;

  2. екінші деңгейдегі банктер арқылы несие беруді ұйымдастыру;

  3. экономика салаларында әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру;

  4. арнайы инвестициялық бағдарламаларды іске асыру;

  5. бюджет қаражаты есебінен қарыздар беру;

  6. жеке кәсіпкерлік субьектілеріне қаржы институттары беретін несиелер,лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау;

  7. жеке кәсіпкерлік субьектілерінің несиелеріне ішінара кепілдік ;

  8. лизингті дамыту.

Мемлекеттік қаржылық қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субьектілерінің қызметі жүзеге асырылатын экономика саласын (салаларын)қаржылық қолдау тәртібін,нысанын,мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін таратылатын заңды тұлғаны (тұлғаларды),қаржылық қолдау мөлшері мен мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін қажетті басқа да талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамытуды жүзеге асыру жолдары ретінде келесілерді атауға болады:


  • мемлекеттік органдардың жаныңнан жеке кәсіпкерлік проблемаларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзірлейтін ғылыми зерттеу институттарын құру;

  • орталық мемлекеттік және жергілікті артқарушы органдардын жанындағы сарапшылық кеңестерді ұйымдастыру;

  • жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамытудың қаржы институттарын құру;

  • бизнес-инкубаторлардың және индустриялық аймақтардың қызметін ұйымдастыру;

  • жер телімдерін,ғимараттарды үй-жайларды сату не тұрғын үй-жайларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын емес үй-жайға ауыстыру.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың бірнеше мемлекеттік бағдарламалары қабылданды. Атап айтсақ,қазіргі кезге дейін шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 6 мемлекеттік бағдарламасы (1992-1994жж,1996-1998жж,1991-2000жж,2001-2002жж,2004-2006жж.,2005-2007жж.)қабылданып,жүзеге асырылды.

2010жылдан бастап елімізді бизнесті қолдаудың жүйелі шаралары қабылданып жүзеге асырыла бастады.Осыған байланысты бірнеше мемлекеттік бағдарламалар қабылданып,жүзеге асырылып жатыр. Олар:«Бизнестің жол картасы-2020» , «Өнімділік-2020», «Экспорт-2020», «Жұмыспен қамту-2020», «Инвестор-2020», «Дағдарыстын кейінгі қалпына келтіру(бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру)»бағдарламалары. Осы аталған бағдарламалдың барлығы да белгілі бір дәрежеде кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді.Ал «бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы тікелей кәсіпкерлікті қолдауға арналған бағдарлама болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы «13» сәуірдегі № 301 қаулысымен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бекітілді.

Бұл бағдарламаның мақсаты:



  • экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орынықты және тенгерімді өсуін қамтамасыз ету;

  • қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру.

Нысаналы индикаторлар:

  • жалпы сомасы кемінде 400млрд.тг болатын несиелерді арзандату;

  • 2015жылғы:

  • ЖІӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін кемінде 12,5%-ға ұлғайту ;

  • экспорттың жалпы көлеміндегі шикізат емес экспорт үлесін кемінде 40% денгейіне дейін ұлғайту;

  • шикізат емес экспорт көлемін өңдеу өнеркәсібінің жиынтық өндірісі көлемінің кемінде 43%-ы деңгейіне дейін ұлғайту ;

  • өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін кемінде 1,5 есеге ұлғайту.

Бұл бағдарлама 2010-2020 жылдар аралығында қамтиды және осы кезде мынандай 4 бағыт бойынша іске асырылады:

  1. жаңа бизнес-бастамалардың қолдау;

  2. кәсіпкерлік секторды сауықтыру;

  3. кәсіпкелердің валюталық тәуекелдерін төмендету (экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді қолдау);

  4. кәсіпкерлік әлеуетті күшейту.

Осы аталғандарды келесі сурет(19-сурет) түрінде көрсетуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет