«Экономика және Бизнес факультеті»


«Үш жүз» партиясының бағдарламасы



бет2/4
Дата30.03.2022
өлшемі140,89 Kb.
#29204
1   2   3   4
Байланысты:
№2.БОӨЖ История

«Үш жүз» партиясының бағдарламасы. «Үш жүз» партиясы өз қызметін Кеңес өкіметінің бағыт-бағдарын қолдаумен бастады. Мысалы, кеңес өкіметі дүниеге келген сәттен-ақ жарияланған Декреттері- нан туралы, жер туралы, бейбітшілік туралы болған болса, оның бәрі «Үш жүз» партиясы жағынан қызу қолдау тапты. Сонымен қатар, үшжүзшілер Кеңес өкіметіне және жергілікті жердегі жұмысшылар, солдаттар және шаруалар кеңестеріне толық сенім білдіретіндігін жариялады. Партия басшылығына К.Тоғысовтың келуіне байланысты үшжүзшілер арасында халықтар достығы, әсіресе, қазақ пен орыс халықтарының арасындағы достық қарым-қатынас туралы көзқарас қалыптаса бастады.
Сөйтіп, «Үш жүз» партиясы буржуазиялық- демократиялық Алаш партиясымен бір мезгілде дүниеге келді. Бірақ осы екі партияның қазақ автономиясы туралы көзқарастарының айырмашылығы болды. Ә.Бөкейханов «көп ұлтты Қазақстан жеке автономия болса, ішіміздегі орыстар оны қолдайды» деп үміттенді, ал үшжүзшілер «көп орыс аз орысты қазаққа бауырлата қоймайды» деп есептеді. Сонымен бірге «Үш жүз» партиясы көп мәселеде Алашпен тоқайласып тұрды. Айталық, дін, сот ісі, құқық мәселелерінде, земство, жер, соғыс пен бейбітшілік мәселелерінде де бір сөзге келмеді. «Үш жүз» партиясы мұсылман дініне үлкен құрметпен қарады. Қазақтың болашақ заң жинағына шариғаттық әділдік пен адалдық жөніндегі қағидаларын енгізуді ұсынды. Партияның жетекшілері қазақ даласында өкімет билігін халыққа беріп жергілікті жердегі басқару жұмысын халық сайлаған қазақ комитеттерінің өз қолына алуын талап етті. Үшжүзшілер пролетариат диктатурасын мойындамады, коммунистер партиясының қоғамдағы басшылық рөлін танымады.
Дегенмен қазақ социалистік партиясы, «Үш жүздің» өмірі тым қысқа болды. 1918 жылғы мамыр- маусым айларынан бастап, Еділ, Сібір және Қазақ өлкесінің солтүстік, шығыс облыстарын ақ гвардияшылар басып алып, Колчак бастаған «Сібір үкіметі» құрылды. Осыдан бастап «Үш жүз» басшыларына қарсы «ақ террор» басталды. Көп ұзамай К.Тоғысов, Ш.Әлжанов, Ы.Қабенов, С.Төленгітовті Колчак жендеттері азаптап өлтірді.
«Үш жүз» партиясының тірі қалған белсенді мүшелері Ә.Досов, Ж.Сәдуақасов, Қ.Дүйсекеев, М. Мусин, Т.Арыстанбеков, С.Аманжолов, Қ.Жүнісбеков кейіннен кеңестік социалистік қоғам құрушылар қатарынан орын алды.
Өздерін саяси партия ретінде жариялаған алғашқы күннен бастап-ақ үшжүздіктер Алаш партиясына қарсы ұстанымда болды. Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлау науқанына дербес тізіммен түсіп, сайлауда бірде-бір өкілін өткізе алмады. Үшжүздіктердің қазақ қоғамы арасында беделінің жоқтығы басшылығында ел мойындаған саяси тұлғаның болмауына, сондай-ақ партияның халықты соңына ерте аларлық нақты бағдарлама ұсына алмауына байланысты еді.
«Үш жүз» қазақ арасындағы мұсылмандықты қолдайтындығын және қорғайтындығын айта отырып, сонымен бірге атеистік ұстанымдағы большевиктермен қоян-қолтық жұмыс істеуге күш салды. Өз ретінде большевиктер үшжүздіктерді Алаш партиясының беделін түсіру мақсатында пайдалануға тырысты. Өзін социалистік ұстанымдағы партия санаған «Үш жүздің» қызметінде үйлесімсіз қайшылықтар көп еді, сондықтан да оның қызметі ұзаққа созылған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет