«Экономика және бизнес» пәнінен дәріс жинағы


Әкімшілдік (ұйымдық құрылым)



бет16/63
Дата05.03.2023
өлшемі465,86 Kb.
#71661
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63
Байланысты:
«Ýêîíîìèêà æ?íå áèçíåñ» ï?í³íåí ä?ð³ñ æèíà?û

Әкімшілдік (ұйымдық құрылым) деп – шектеулі ресурстарды басқаружөніндегі шаруашылық құрылымдарының жауапты қызметкерлерінің міндеттері мен оларға тән заңды құқықтық ережелердің жиынтығын айтады.
Ақпараттық құрылым деп – жоғарыда айтылған құрылымдардың қызметтері туралы дәлелді мәліметтерді жинақтау мен таратуды айтады.
Қаіргі заманның келбеті – терең тарихи дамудың нәтижесінде қалыптасқан, сан-қилы экономикалық жүйелердің болуымен сипатталады. Оларды жекелеген критерилерде (белгілерді) негізге ала отырып, топтастыруға – яғни классификациялауға болады. Түрлі экономистер қоғамның тарихи даму процесін өздері қабылдаған критерилері арқылы түсіндіреді, сол себепті бұл мәселе жөнінде пікір-таластар бар. Осыған орай, экономикалық жүйені классификациялаудың кейбір түрлеріне тоқталайық.
І. Формациялық көзқарастар тек маркстік теорияға тән. Маркс үш тармақты классификацияның іргетасын қалады.
Ежелгі (көне замандағы) формацияға – алғашқы қауымдық қоғам мен азиаттық өндіріс әдісі жатады.
Бұлардың ішіндегі ең тартымдысы – азиаттық өндіріс әдісі. Оның негізін – ұжымдық меншік арқылы жерге иелік ететін және үй шаруашылықтарында өнеркәсібі қалыптасқан, егіншілікпен айналыатын қауым құрайды, бұл оларға рынокқа бармай-ақ патриархалды шарушылық шеңберінде өздеріне қажет игіліктерді өндіріп, қажеттіктерін толық қанағаттандыруға мүмкіндіктер жасады.
Азиаттық өндіріс көптеген халықтарда өмір сүрді, соның ішінде Азия елдерінде ол ұзақ сақталды (20 ғасырдың бас кезіне дейін). Оның ұзақ өмір сүруінің себебі – диқаншы қауымда алғашқы коммунистік принциптердің орнауына байланысты болды. Екінші, жеке меншікке негізделген құл иеленуші, феодализм, капитализм, К.Маркс туынды формация деп атады.
Үшіншісі, коммунистік формация деп – жеке меншікті жоюға негізделген және екі сатыдан тұратын, оның бастапқы сатысы – социализм өндіріс әдісін айтады.
Формациялық көзқарастар экономикалық жүйелерді бес өндіріс әдісіне, яғни, алғашқы қауымдық, құл иеленуші, феодалдық, капиталистік, коммунистік деп жіктеді.
Өркениетті көзқарастар - өркениеттің (цивилизацияның) сатылап алмасуына негізделген адамзат тарихын біртұтас алып зерттейді.
"Цивилизация" – латын сөзі civillis- "азаматтық", "қоғамдық" деген мағына береді. Бұл термин мәдениеттің дәрежесі мен ауқымын (мысалы, ежелгі, азиаттық, еуропалық) анықтау үшін пайдаланылады.
Өркениетті көзқарастар жалпы адамзат проблемаларының өзара байланысы мен тәуелсіздігінің күшейе түсу фактілеріне, бүкіл адамзаттың ортақ мұраларына, яғни оларды – ұлттық, таптық мүдделерден жоғары бағалауға негізделеді.
Ауылшаруашылығында алғашқы рет өркениет революциясы болды (ол 6 – 8 мың жыл бұрын болған). Бұдан кейін өнеркәсіпте болды (ол 20 ғ.ортасынан басталады). Ол халықты адам қажеттіктеріне қызмет көрсететін сфераларға (сауда, қызмет көрсету, транспорт, білім беру, ғылым, мәдениет, басқару және т.б) ауыстырады.
Экономикалық мүдделер- өндірісті дамытудың, бүкіл экономикалық жүйенің қозғаушы күші. Экономикалық мүдделердің маңызды сипаты – оның объективтілігі. Ол экономикалық қатынас арқылы қалыптасады. Әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдделер ретінде көрініс алады.
Қазіргі қоғамның экономикалық мүдделер жүйесі мемлекеттің, ұжымның және жеке адам мүдделерін қамтиды. Олай болса мүдделерді нақты білдіруші – қоғам, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, аймақтар, өндірістік ұымдар, қоғам мүшелері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет