«Экономика және бизнес» пәнінен дәріс жинағы



бет55/63
Дата05.03.2023
өлшемі465,86 Kb.
#71661
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   63
Байланысты:
«Ýêîíîìèêà æ?íå áèçíåñ» ï?í³íåí ä?ð³ñ æèíà?û

А. Өндірістік үрдіс

  • Өндірістік үрдіс пен оның негізгі кезеңдерін сипат-таңыз, олардың әрбірі үшін уақытты және қажетті қорларды белгілеңіз. 

  • Өндірістік қажеттіліктерді сипаттаңыз: шикізат, жеткі-зушілер, сапаны қадағалау тәсілі және т.б.

  • Қандай құрал-жабдық/көлік пайдаланасыз?

  • Сіз өндірістік үрдіс пен дүкен (сауда кеңсесін) қызмет
    көрсетуді қалай ұйымдастырайын деп жатырсыз?

В. Басқару

  • Фирманың ұйымдық құрылымы қандай?

  • Бизнесті кім басқарады?

  • Басқарушылардың өкілеттіліктері қандай?

  • Штатты қадағалау қалай жүзеге асырылады?

С. Штат

  • Сізге қанша қызметкер керек?

  • Олардың біліктілігі қандай болуы керек?

  • Өзіңізге қажетті қызметкерлерді қайдан табасыз?

  • Оларды қалай оқытасыз?

  • Олардың еңбегіне төлемді қалай жасайсыз? 

  • Сіз қандай сыртқы ақыл-кеңестерге мұқтажсыз?

Келесі бөлім бизнес-жоспар үшін аса маңызды болып табылады.
Қаржылық мәліметтер. Бизнесіңіздің өміршеңдігі және пайдалылығына баға беру:
•Сіз бір жыл ішінде жеке қажеттіліктеріңізге қанша ақша жұмсайын деп отырсыз?

  • Бірінші жылғы кірісіңіз қандай бағаға ие?

  • Фирманы құру қанша тұрады?

  • Сіз қандай қор қайнар көздерін қарастырып отырсыз
    және олар неге арналған?

  • Сіздің жалпы қаржылық қажеттіліктеріңіз қандай?

  • Келесі 3 жылдыққа болжамдалған кірісіңіз қандай?

  • Қызметтің бірінші жылы ай сайынғы ақшалай қаражат
    қозғалысы қалай болады?

  • Жарғылық қор активі мен пассивінің болжамы қандай?

  • Табыстылықтың шегі қандай болады?

Көптеген кәсіпкерлер қаржы қиындықтарынан қорқады. Мұны жеңу мүмкін емес бір нәрсе деп ойлаудың қажеті жоқ. Сіздің бизнесіңіз қаншалықты жай немесе күрделі. Егер сіз қаржылық көрсеткіштердің мақсаты мен оларды жасау тәсілін, сондай-ақ бизнесіңізді басқаруда оларды қалай пайдалану керек екендігін білсеңіз, онда сіз жақын арада бәрі онша қиын емес екендігін байқайсыз.
Сіз өзіңіз бастағыңыз келген бизнеске және сіздің тауарыңыз/көрсететін қызметіңіз шығатын нарыққа қатысты барлық мәліметтерді жинап алғаннан кейін, бір жыл ішінде сауда көлемін есептей аласыз.
Бірінші жыл үшін ай сайын, ал келесі 2-5 жылдар үшін жылдық баға беріп отырған дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет