«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен дәріс жинағы



бет33/58
Дата22.11.2022
өлшемі318,07 Kb.
#51737
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58
Байланысты:
ЭБ лекция (1)

Жұмыс күші дегеніміз – адамның бойындағы белгілі бір тұтыну құндарын өндірерде оны өзі әрдайым іске қосып отыратын күш-қайрат және рухани қабілеттердің жиынтығы. Адамның еңбекке қабілеттілігі ретінде, жұмыс күші тарихи түріне байланыссыз қандай қоғамда болса да болады. Қай уақытта және қандай жағдайда жұмыс күші тауарға айналады?
Біріншіден, жұмыс кұші иесінің бас бостандығы болуы керек. Нарықта жұмыс күшінің иесі сатушы ретінде сатып алушы ретіндегі ақша иесіне қарама-қарсы тұрады. Жұмыс күшін сату-сатып алу қатынастарының сақталуы үшін, оның иесі өзінің еңбекке қабілеттілігін мәңгілікке емес, белгілі бір мезгілге ғана сатуы керек. Егер мәңгілікке сатса, ол ерікті адамнан құлға, тауар иесінен кәдімгі тауарға айналар еді.
Екіншіден, жұмыс күші, оның иесі өндіріс құрал-жабдықтарынан және күн көру қаражатынан айырылған күнде ғана тауарға айналады. Егер оның өндіріс құрал-жабдықтары болса, ол нарықта, өзінің жұмыс күшін емес, ұсақ тауар өндірушілер – шаруалар мен қолөнершілер сияқты өз еңбегімен өндірілген тауарларын сатқан болар еді.
Жұмыс күшінің – тауар ретінде екі қасиеті болады: жұмыс күшінің құны және тұтыну құны.
Жұмыс күшінің құны дегеніміз оны ұдайы өндіруге, оның үстіне қалыпты сапалы етіп, ұдайы өндіруге қажетті тіршілік заттарының құны болып табылады. Өндірістің дамуына, өндіріс құрал-жабдықтарының прогресіне байланысты жұмыс күші де өзгеріп отырады. Жұмысшының іскерлігі, шеберлігі, тәжірибесі күшейе тұседі. Адамның қажеттері де артады. Өндірістің әрбір даму сатысына өзіне тән жұмыс күшінің қоғамдық қалыпты сапасы сай келеді. Жұмыс күші құнының төменгі немесе минимальды шегі жұмысшының өмір сүруі үшін, оның еңбекке қабілеттілігін сақтау үшін қажетті тіршілік заттарының құнынан құралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет