«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен дәріс жинағы


Қажетті жұмыс уақытының кемуінің негізгі жолы – еңбек өнімділігін арттыру



бет35/58
Дата22.11.2022
өлшемі318,07 Kb.
#51737
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   58

Қажетті жұмыс уақытының кемуінің негізгі жолы – еңбек өнімділігін арттыру.

Артық қосымша құн – жекелеген кәсіпорындарды ғылыми- техникалық революцияның нәтижелерін өндіріске енгізу арқылы еңбек өнімділігін арттыру жолымен алынған қосымша құн. Артық қосымша құн қандай да бір кәсіпорындар да жоғалса, басқа кәсіпорындарда пайда болады.

Артық қосымша құн алудың негізгі шарты – жеке кәсіпорындардағы еңбек өнімділігінің дәрежесі, қоғамдық еңбек өнімділігінің дәрежесінен жоғары болуы. Сондықтан артық қосымша құн алу жеке кәсіпорындар үшін мәңгілік құбылыс емес. Қоғамдық еңбек өнімділігі олардың еңбек өнімімен теңескенде артық қосымша құн алу мүмкіншілігі өшеді. Жеке кәсіпорынның артық қосымша құн алуға деген құмарлығы еңбек өнімділігін арттыру үшін жаңа шаралар қолдануға мәжбүр етеді.




Капиталдың ауыспалы айналымы деп өндіріс факторлары құнының өндіріс пен айналыс сфераларындағы қозғалысын айтады, осының нәтижесінде ол үш сатыдан өтеді және өзара сабақтас өндіргіштік, ақшалай және тауарлық нысандарында болады.
Өндірістік циклдың сатылары:

Мұнда: А – бастапқы капитал (алдын-ала жұмсалған ақша);


Т – тауар;
Жк – жұмыс күші;
Өқ.ж. - өндіріс құрал-жабдықтары;
Т′ - өндірілген өнім;
А′ - ұлғайған, бастапқы жұмсалған капитал.
Осы үш сатының өздеріне тән қызметтері бар:

  1. бірінші сатыда өндіріске жағдайлар туғызу;

  2. екінші сатыда – тауарлар мен қызметтерді өндіруді жүзеге асыру;

  3. үшінші сатыда – тауарлар мен қызметтерді өткізу және пайда алу.

Капиталдың ауыспалы айналымының үнемі қайталанып отыруын капиталдың айналымы деп атайды.

Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құнның айналымдағы әр қилы функцияларьша сәйкес, капитал негізгі және айналмалы болып бөлінеді.


Негізгі капитал — бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Негізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. Шикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, бұлардың кұны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады.
Айналмалы капитал - өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғаңдай) ақшалай формада тұтас қайтады.
Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады. Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық тұрғыдан кызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады. Материалдық тозу мынадай жағдайларда орын алады: жүмыс кезеңінде капиталдың қызмет ету процесінде; табиғат күштерінің әсерімен жұмыссыз қалған кезенде. Материалдық тозудың екі жағы болады: техникалық-өндірістік - тұтыну құнының жойылуы; құндық — құнның жаңа өнімге көшуі. Моралдық тозу — бұл негізгі капиталдың, еңбек құралдарының құнының төмеңдеуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты, құнының бағалылығының жойылуы. Моралдық тозудың екі түрі болады: еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары арзандау, аз құнмен ұдайы өндіріледі; құны бұрынғыдай машиналар өндіріледі, бірақ техникалық жағынан жетілуі, өнімділігі, рентабелділігі жоғары болады. Аталған екі жағдайда да негізгі капиталдың құны жойылады, төмендейді, өйткені еңбек құралдарының бағасы олардың пайдалылығымен есептелінеді (белгіленеді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет