«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен дәріс жинағы



бет36/58
Дата22.11.2022
өлшемі318,07 Kb.
#51737
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58
Байланысты:
ЭБ лекция (1)

Инвестиция - өндірістердегі құрал-жабдықтардың қорлануына, материалдық заттарды көбейтуге, экономикадағы капиталдың запасын көбейтуге жұмсалған шығындар (пайда табу үшін).
Инвестиция екі бағытта пайдаланылады:

  1. Нақты инвестиция – материалдық активтерге қаржы жұмсау;

  2. Қаржылық инвестиция – құнды қағаздарға қаржы жұмсау.

Инвестициялар мына төмендегі белгілерге байланысты бөлінеді.

    1. Құрылымы бойынша:

а) Жалпы инвестициялар – жаңа (немесе ауыстыруға) негізгі капиталға жұмсалған капитал мөлшері.
б) Таза инвестициялар – ауыстырылған негізгі капиталдан аммортизация құнын шегергеннен кейінгі жұмсалған капитал.

    1. Инвестициялау нышандары бойынша:

а) Кәсіпорынның негізгі қорына жұмсалатын инвестициялар – ғимарат құрылыстары, ірі көлемді құрылыстар, құрал-жабдықтар үшін;
б) Тұрғын үй құрлысына инвестициялар.
в) Сақтық қор инвестициялары.

  1. Субьектілер бойынша – мемлекеттік жекеменшік және сыртқы кәсіпкерлік инвестициялардың екі түрі болады:

а) Тікелей инвестиция – тікелей өндірістік кәсіпорындарды инвестициялау;
б) Портфельдік инвестициялар – пайда табу үшін инвесторлардың кәсіпорындардан акция, облигация және басқа құнды қағаздарды сатып алу үшін жұмсалған инвестициялары.


Қорытынды
Осы бөлімді қорытындылай келсек, кәсіпорынның шеңберлі айналымымен толық таныстырылды, кәсіпорындағы негізгі және айналмалы қорлардың қалыптасуы қарастырылды. Дәрісте негізгі және айнымалы капитал (қор), негізгі капиталдың табиғи және моральдық құнсыздануы, амортизация, кәсіпорынның айнымалы қорлары, инвестициялар ұғымдары кеңінен ашылып қарастырылды, яғни дәріс өз мақсатына жетті.
Дәріс – нақты жағдайларды талқылау

8 Тақырып Фирма және кәсіпкерлік теориясы. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табыстары.


Дәріс 8.
1. Фирманың мәні. Фирманың мақсаты мен қызметтері. Фирманың жіктелуі мен оның экономикадағы рөлі.
2. Фирманың шығындарының жіктелуі және құрылымы.
3.Кәсіпкерліктің мәні. Кәсіпкерлік қызметтің түрлері.


Бухгалтерлік және экономикалық шығындар

Нарықтық экономиканың негізгі экономикалық буыны кәсіпорын (фирма) болып табылады. Фирма дегеніміз- бұл пайда табу мақсатымен өндіріс факторларын қолданып шаруашылықта еркіндік алған экономикалық субъект.


Мемлекеттік үлеске қатысы бар кәсіпорындар белгіленді.
Өмір сүре алуы үшін фирма сату көлемін көбейтіп, өсуі қажет. Ол үшін оған өндірістік қуатын көбейтіп, инвестицияны жүзеге асыруы керек. Фирманың өсуінің екі жолын бөліп көрсетеді. Өсудің бірінші жолына фирманың ішкі өсуін, капитал мен өндірісін шоғырландыруды сипаттауға болады. Фирманың ішкі өсуіне қызмет ететіндер:

  • фирманың өз ресурстарды, бірінші кезекте табыстың бөлінбеген бөлшегі және кейбір жағдайда өтелімдік қор;

  • банктерден және басқа да кредиттік қаржылық институттардан алынған қарыздық қаржы;

  • бағалы қағаздарды қосымша көптен шығарудан алынған қаржы.

Фирманың өсуінің екінші тәсілі өндіріс пен капиталдың қосылуы мен жұтылуының нәтижесінде орталықтандырылуына байланысты. Екі компанияның бірігуі туралы басшылықтың екі жақты келісімшарты қосылғанын білдіреді. Қосылудың әдеттегі тетіктері- біріккен корпорациялардың акцияларын жаңа акциялардың бір үлгесіне айырбастау болып табылады. Ал, жұтып қою бір фирма екіншісін сатып алғанда болады.
Қосылудың (жұтылудың) бірнеше түрлері болады:

  • Жиектік бірігу бір текті өнімдер шығаратын және кейбір технологиялық үдерістің біртекті сатысын жүзеге асыратын, фирмалардың қосылуы кезінде байқалады;

  • Тік бірігу кейбір бір технологиялық үдерісті бір кезенде жүзеге асыратын фирмалардың қосылуы кезінде өтеді;

  • Фирмалардың бірігу нәтижесінде конгломерат пайда болады, олардың технологиялық үдерісі бір- бірімен байланысты емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет