Өндірістік қажеттіліктерді сипаттаңыз: шикізат, жеткі-зушілер, сапаны қадағалау тәсілі және т.б.
Қандай құрал-жабдық/көлік пайдаланасыз?
Сіз өндірістік үрдіс пен дүкен (сауда кеңсесін) қызмет
көрсетуді қалай ұйымдастырайын деп жатырсыз?
В. Басқару
Фирманың ұйымдық құрылымы қандай?
Бизнесті кім басқарады?
Басқарушылардың өкілеттіліктері қандай?
Штатты қадағалау қалай жүзеге асырылады?
С. Штат
Сізге қанша қызметкер керек?
Олардың біліктілігі қандай болуы керек?
Өзіңізге қажетті қызметкерлерді қайдан табасыз?
Оларды қалай оқытасыз?
Олардың еңбегіне төлемді қалай жасайсыз?
Сіз қандай сыртқы ақыл-кеңестерге мұқтажсыз?
Келесі бөлім бизнес-жоспар үшін аса маңызды болып табылады.
Қаржылық мәліметтер. Бизнесіңіздің өміршеңдігі және пайдалылығына баға беру:
•Сіз бір жыл ішінде жеке қажеттіліктеріңізге қанша ақша жұмсайын деп отырсыз?
Жарғылық қор активі мен пассивінің болжамы қандай?
Табыстылықтың шегі қандай болады?
Көптеген кәсіпкерлер қаржы қиындықтарынан қорқады. Мұны жеңу мүмкін емес бір нәрсе деп ойлаудың қажеті жоқ. Сіздің бизнесіңіз қаншалықты жай немесе күрделі. Егер сіз қаржылық көрсеткіштердің мақсаты мен оларды жасау тәсілін, сондай-ақ бизнесіңізді басқаруда оларды қалай пайдалану керек екендігін білсеңіз, онда сіз жақын арада бәрі онша қиын емес екендігін байқайсыз.
Сіз өзіңіз бастағыңыз келген бизнеске және сіздің тауарыңыз/көрсететін қызметіңіз шығатын нарыққа қатысты барлық мәліметтерді жинап алғаннан кейін, бір жыл ішінде сауда көлемін есептей аласыз.
Бірінші жыл үшін ай сайын, ал келесі 2-5 жылдар үшін жылдық баға беріп отырған дұрыс.