13-дəріс. Тақырыбы: Мемлекеттік реттеу: маңызы, мақсаттары, құралдары. Қарастырылатын сұрақтар (дəріс жоспары):
1.Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі.
2.Экономиканы мемлекеттік реттеу: мақсаттары, атқаратын қызметтері,
құралдары.
3.Ақша-несие жүйесі. Ақша-несие саясаты.
4.Мемлекеттік бюджет.
5.Қаржы жүйесі.
Дəрістің қысқаша мазмұны: Экономиканы мемлекеттік реттеу – мемлекеттің ел экономикасына
қатысу формаларын əлеуметтік-экономикалық процестерге əсер етуші
əдістер мен тəсілдерді қарастырады, сөйтіп тиімді нарықтық қатынастар
қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік реттеудің мақсаты – қазіргі
заманғы нарықты қалыптастыру, яғни əр-түрлі тауарларға сұранысты
қанағаттандыру, қызмет көрсету деңгейін арттыру, дефицитті жою болып
табылады.
Нарық үшін əкімшіл-əміршіл жүйенің қажеті жоқ, оған ерекше
инфрақұрылым қажет. Ал мемлекеттік реттеу – осы инфрақұрылымды жасап,
оның тиімді іс-əрекет етуіне қол жеткізуі қажет, яғни мемлекеттік реттеу
нарықтық экономиканың кемшіліктерінің орнын толтыруы қажет.
Мемлекеттің экономикаға тікелей əсер етуіне мыналар əсер етеді:
- индикативті жоспарлар арқылы ел экономикасы дамуының
стратегиялық мақсаттарын анықтау;
- белгілі бір тауарды жеткізу үшін мемлекеттік тапсырыстар мен
келісім-шарттар;
- бағдарламалар, тапсырыстар жəне шарттарды мемлекеттік қолдау;
- технология мен өнімнің сапасына нормативтік талаптар қою;
- белгілі бір тауарларға құқықтық жəне əкімшілік шектеулер қою;
- тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау.
Мемлекеттік реттеудің жанама əсер ету əдістері:
- салық салу жəне салық деңгейі, жеңілдіктер жүйесі;
- бағаны реттеу жəне оның деңгейімен арақатынасын анықтау;
- ресурстар үшін төлемдер, кредиттеге, пайыздық ставкаға
жеңілдіктер беру;
- экспорт жəне импортты кедендік реттеу;
- валюта курстары, оларды айырбастау шарттарын реттеу.
Көптеген экономистер салықтық реформаны тиімді деп санайды,
сонымен бірге қатаң реттеушіліктердің босаңсуы экономикаға тиімдірек
жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бірақ мұндай проблемалардың көпшілігі
Паретто бойынша жақсы болып табылмайды. Жеңгендер немесе табысы
жоғарлағандар саны көп болса, салықтық өзгерістерден кейін зардап
шегетіндер табылады. Осы факт реформаны қиындатады. Ерекше мүдделі
топтар сол салықтың режимді орнату үшін көптеген уақыт пен ақшаларын
жұмсайды.
Барлық елдерде жүргізіліп отырған саясат елдің экономикасын
1
Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.