Экономика және оның қоғамдағы рөлі Экономика


Кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамытудың шарттары мен факторлары



бет13/47
Дата17.12.2022
өлшемі0,82 Mb.
#57857
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47
Байланысты:
Экономика ответ

9. Кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамытудың шарттары мен факторлары

  • КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ

Қазақстандағы кәсіпкерлік пен коммерцияқ жағдайына келсек, мұнда бұл салалар тарихи ерте заманда пайда болған. Ежелгі түрік дәуірінде Жетісу қаласы тек аялдау орны ғана емес, сонымен қатар, мұнда сауда және қолөнер орталықтары болған. ХІІІ ғасыр мен XV ғасырдың алғашқы ширегінде Оңтүстік Қазақстан территориясы арқылы сауда қызметінің дамуында маңызды рөл атқарған Батыс-Шығыс халықаралық сауда жолы өткен. XVIII ғасырда қазақтар Орта Азия, Ресей, Қытай, Иран патшалықтарында — мал, жылқы, тері, жүн және аң аулау бұйымдарымен сауда жасаған. Қазақ жерлері арқылы Орта Азиядан Ресейге керуендер жөнелтілген. Орынбор, Тобыл, Семей арқылы сауда жасау өте маңызды болған. XIX ғасырдың алғашқы жартысында тұз табумен айналысу, тау-кен ісі дами бастады. Сонымеи қатар, мыс, қалайы, күміс, тас көмір қазу басталып, балқыту және тері илеу зауыттары ашыла бастады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында натуралды шаруа шылықтың бөлінуі Қазақстанның Ресей, Орта Азия, Қытаймен сауда қатынастарының жалғасуымен ұласты.
XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуына ресейлік және шетелдік капиталдың келуі де үлкен пайдасын тигізді. Өте кең дамығаны — банк капиталы болды. Сауданың стационарлық жене жәрмеңкелік түрлері етежақсы дамыды. Жөрмеңкелік сауда бүкіл ресейлік сипат ала бастады. Осы кезеңце шет ел капиталының әсері өте маңызды болды. Ақпан жөне Кдзан төңкерістерінің өсері рыноктық экономикалық байланыстардың өлсіреп жойылуына әкеліп соқгы.
Кәсіпкерлік қызмет ЖЭС (жаңа экономикалық саясат) кезіне біршама дамьщы. Алайда рыноктық кдтынастардың қысқартылуы кәсіпкерлік қызмеггің етімділігіне де кері әсер етті. Жоспарлы экономикада да коммерция өте кең тараған құбылыс.деген пікір бар. Оның өзіне тән ерекше формалары Қазақстанда «кәсіпкерлік» занды негізде тек 90-шы жылдары ғана енгізілген. Шағын кәсіпкерлікті талдау жасау экономиканың жеке секторындағы субъектілер саны жылдан-жылға көбейіп келе жатқандығын және 2002 жылдың басында 360 мың кәсіпкерлік болғандығы белгілі. Яғни 1 млн астам адам жұмыспен қамтылған. Шағын кәсіпкерлікте барлығы 1,6 млн адам немесе экономикалық белсенді халықтың 21% жұмыс істейді. Қазіргі қызмет етіп жатқан шағын кәсіпорындардың 40%-дан астамы 1992-1993 жылдары, шағын көсіпкерлікке салықтық жеңілдіктер көрсетілген кезде құрылған. Қазіргі кезеңде Қазақстанда экономикасына шағын бизнестің қосар үлесі айтарлықтай. Бірақ кәсіпкерліктің одан ары дамуына кедергілер туындататын жагдайлар да бар. /4/
Кәсіпкерліктің мәні мен рөліне тоқталатын болсақ, нарықтық экономика — еркін кәсіпкерлік экономика. Білікті кәсіпкер болу үшін осы жұмыстың негізін, атап айтқанда оның пайда болу тарихын, қалыптасуын, мәні мен мазмұнын, таным түсініктерін және т.б. жете меңгерген дұрыс.
Кәсіпкерлік үғымына анықтама беруші келесі ағым — кәсіпкерлікке тои тәуекелділікпен қатар, одан алынатын пайда мен туындайтын жауапксршілікті жатқызады. Мысалы, 1797 жылы Бодо кәсіпкер — іскерлік қызметке жауаи беруші, косіпорын қызметін бақылап, жоспарлап, үйымдастырып жәнс оған иелік етуші түлға деген.
Әлеуметтiк-экономикалық құбылыс ретiнде кәсiпкерлiк көптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң-құқықтық, психологиялық, тарихи жақтары бар. Бiрақ кәсiпкерлiк қызметтiң тағдыры адам қызметiнiң экономикалық жағдайларына байланысты. Кәсiпкерлiк қатынастарды талдаудың алғашқы қадамы олардың объектiлерi мен субъектiлерiн анықтау.
Кәсiпкерлiктiң субъектiсiне экономикалық қызметке қатысушы түрлi мүшелер, алдымен жекелеген индивидтер, адамдар жатады. Мұндай кәсiпкердiң қызметi өзiнiң еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбектi қолдануға негiзделедi. Соңғы жағдайда кәсiпкер жалдаушы болады. Кәсiпкерлiк қызметтi бiр топ адамдар жүргiзуi мүмкiн, оларды байланыстырушы – мiндеттi шарттар мен экономикалық мүдде. Мұндай кәсiпкерлiктiң түрi – ұжымдық, коллективтiк деп аталады. Ұжымдық кәсiпкерлiктiң субъектiсi — әртүрлi ассосациялар: акционерлiк қоғамдар, кооперативтер және т.б. жеке-дара кәсiпкерлерге қарағанда кооперативтер немесе партнерлiк бiрлестiктер iрi көлемдегi мәселелердi шеше отырып, олардың рыноктағы үлесi бар болуымен көрiнедi.
Кәсiпкерлiк объектiсi – адамның белгiлi қызметi. Кәсiпкердiң соңғы нәтижесi — өндiрiлген өнiм мен көрсетiлген қызмет. Бiрақ, ең бастысы әр кәсiпкер осылардың iшiндегi өзiне ең пайдалысын және тиiмдiсiн iске асырады. Мiне сондықтан да рыноктық экономикада кәсiпкерлердiң басты мақсаты өз пайдасын барынша максималдау және өндiрiс шығындарын барынша минималдау болып табылады. Ал кәсiпкердiң табысы көбiне оның өз iсiн қалай ұйымдастырғанына байланысты. Яғни, кәсiпкер өз iсiн бастағанда және оны жалғастырғанда үлкен тәуекелге барады. Ал тәуекелдiлiк кәсiпкерлiк қызметпен бiрге өмiр сүрiп отыратын заңды құбылыс.
Сонымен кәсiпкерлiк – рыноктағы бәсекеге төтеп беру үшiн жаңа мүмкiндiктердi iздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың тың салаларын iздеу, ескi ойлау шеңберiнен шығу болып табылады.
Демек, нақты өмiрде кәсiпкерлiктiң объектiсi – новаторлық, жаңашылдық, ерекше мағынадағы новаторлық өндiрiс, айырбас және бөлудiң түрлi факторларын комбинациялау. Кәсiпкерлiк әр кезде де белгiлi бағытта ұйымдастырылады, нақты формалары бар. Кәсiпкерлiктiң шаруашылық жүргiзу тәсiлi ретiнде бiрнеше жалпы белгiлерi бар. Оның iшiнде негiзгiсi – шаруашылық субъектiлерiнiң еркiндiгi мен тәуелсiздiгi. Кәсiпкерлердiң еркiн қызмет етуi рынок механизмiнiң әрекетiн қамтамасыз ететiн тәртiп қалыптастырады. Кәсiпкердiң тәуелсiздiгi оған экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндiру процесiн ұйымдастыру және оларды рынокта кәсiпкердi қанағаттандыратындай өткiзу болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет