Экономика және оның қоғамдағы рөлі Экономика


Стартап қаржыландыруды "Даму" қорының бағдарламасы бойынша алуға болады



бет21/47
Дата17.12.2022
өлшемі0,82 Mb.
#57857
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47
Стартап қаржыландыруды "Даму" қорының бағдарламасы бойынша алуға болады.
"Мәселен, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы бар. Бұл бағдарламаның бағытының бірі ірі және шағын бизнесті несиелеу болып табылады. Бағдарламаға сәйкес, қаладағы және шағын қалалардағы (Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларынан басқа) бір қатысушыны қаржыландырудың ең жоғары шекті сомасы – 6500 АЕК дейін(16,4 млн теңге). Ал, Елорда, Алматы, Ақтау мен Атырауда – 8000 АЕК (20,2 млн теңге). Несиелеу мерзімі – жылдық 6% көп емес мөлшерлемеде 7 жылға дейін", – деп хабарлады "Даму" қорынан. Қор мұндай бизнес иелеріне бизнес ашу үшін несиеге кепілдеме бере алады. Бұл банкке қоятын кепілдері жоқтарға қатысты: стартап бойынша 85% және қолданыстағы жобалар бойынша 50%-ға дейін. Шағын және орта бизнесті қаржыландырудың түрлі аймақтық бағдарламалары бар. Бизнес-жоспарды "Даму" қорындағылар да, "Атамекендегілер" де тегін жасауға көмектеседі.


18. Стартап қызметіндегі маркетинг: түсінігі, функциялары
Маркетинг — қазіргі заманғы негізгі экономикалық пəндердің бірі. Сауда операцияларының тиімділігін үнемі арттыру қажеттілігі маркетингтің пайда болуы мен дамуына алып келді. Берілген пəннің зерттеу жəне саралау нысаны тауарлы-нарықтық қатынастардың соңғы сатысы, тауар мен тұтынушыны байланыстыру, тұтынушылық таңдауды қалыптастыратын факторлар, тауарды жылжыту саясатының құрылу бағыты мен əдістері болып саналады. Бұл мəселелерде қазіргі экономикадағы тұтынушыныңқозғалыстымінез-құлқыжəнебелгісіздіктəуекелдері ескерілген. Жоғарыда айтылғанның барлығы «Маркетинг» білімі кез келген бизнес жүргізуге немесе кəсіпкерлік бастамада өте қажет екендігін көрсетеді. Бұл жайттар нарықтық қатынастарды негізге алған Қазақстан экономикасы үшін аса өзекті болып отыр. Маркетинг саласы бойынша білікті мамандарды дайындау — экономикадағы реформалар қарқынын анықтауға, тұтынушы талғамындағы өзгерістердің анағұрлым нақты болжамдық нұсқаларын есептеп шығаруға, осының негізінде фирмалардың тауарды өткізуінің тиімді стратегиясын жасауға септігін тигізеді.
Қызмет ету нысандарына байланысты келесідей бөлінеді: макромаркетинг, аймақтық маркетинг, микромаркетинг. Макромаркетинг өндіріс, тұтыну жəне қажеттіліктердің арасындағы үйлесімділікті реттеуді қамтамасыз етіп, осы негізде мемлекеттің экономикалық, экологиялық қауіпсіздігін қосқанда, экономикалық жəне əлеуметтік саясаттың басым бағыттарын анықтайды. Аймақтық маркетинг еркін баламалы айырбас негізінде нақты аймақтың, сонымен қатар бүкіл елдің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, аймақтың жəне аймақаралық нарықтың дамуын қамтамасыз етеді. Микромаркетинг — бұл жекелеген фирмалар мен кəсіпорындар (ірі, шағын, орта) маркетингі. Бұл əрбір нақты сатып алушыға негізделген, адамның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын қанағатандыру арқылы, өзінің тауар стратегиясын ықпалдастыра алатын маркетинг. Өндірістің барлық бөлініс, айырбас, тұтыну секілді салаларына, қоғамның əлеуметтік жəне саяси өміріне тарала отырып, маркетинг күрделі жəне тармақталған құрылымды құрады. Коммуникация құралдарына байланысты тікелей жəне электронды маркетинг болып бөлінеді. Тікелей маркетинг — бұл кері байланысты (интерактивті жүйе) маркетинг жүйесі. Мұнда өндірушіден айтарлықтай қашық орналасқан (басқа аймақта, шетелде) тұтынушыдан жауап алуда коммуникацияның бір немесе бірнеше құралдары қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет