Экономика және оның қоғамдағы рөлі Экономика


Кәсіпкерліктің міндеттері мен функциялары



бет9/47
Дата17.12.2022
өлшемі0,82 Mb.
#57857
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47
6. Кәсіпкерліктің міндеттері мен функциялары
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің 
басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс 
экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз 
Шумпетер мән берген. Ол былай деп айтқан «Кәсіпкер болу – 
басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – 
алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы 
француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген: «Кәсіпкер – 
адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам». 
Кәсіпкерлік терминін алғаш рет айналымға енгізген ағылшын 
ғалымы Ричард Кантильон болды. Бұл ағымға, ол нарықтық 
тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті 
ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды. Экономикалық 
әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде 
қарастыру жиі кездеседі. Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік 
қабілеттілік» деген ұғымда бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз 
адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ 
бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе 
бермейді. Яғни айтқанымызда кәсіпкерлік дегеніміз – бұл адамдар 
мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық 
қызметі. Тағы айта кететін жайт, кәсіпкерлікті түсіндіре келгенде 
мынадай екі жағдайға мән бері керек: біріншіден, коммерциялық 
бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, 
бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе 
білуде; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық 
пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетіге 
тікелей қатысты. А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге 
асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын 
меншік иесі ретінде сипаттады. Қазақстан заңында кәсіпкерлік 
азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және 
олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі 
негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.

Негізгі функциялары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет