Экономика және оның қоғамдағы рөлі Экономика


Бизнесті жоспарлаудың мәні, мақсаттары мен міндеттері



бет25/47
Дата17.12.2022
өлшемі0,82 Mb.
#57857
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47
Байланысты:
Экономика ответ

22. Бизнесті жоспарлаудың мәні, мақсаттары мен міндеттері
Нарықтық экономика жағдайында бизнес-жоспар кәсіпкерліктің әр түрлі сферасында қолданылатын іс-әрекет құралы болып табылады. Бизнес- жоспар фирма бастықтарының компания табыстылығын арттыру үшін алдына қойған мақсаттарына қалай жету керектігін көрсетеді. Дұрыс жасалған бизнес-жоспар фирманың өсуіне, нарықта позицияларға ие болуына, инвестициялар мен кредит ресурстарын тартуға өз септігін тигізеді. Бизнес-жоспар жүйелі түрде жаңарып отырады, оған фирма ішіндегі және фирма жұмыс атқаратын нарықтағы өзгерістер әсер еріп отырады. Осылайша, бизнес-жоспар кәсіпкерге өз ісінің жетістігін фирма ішілік және макроэкономикалық зерттеулер негізінде бағалауға, сонымен қатар ағымдық операцияларды қадағалауға, көмектеседі. Бизнес-жоспар нарық жағдайындағы ең қажетті құрал болып табылады. Оның себебін төменде келтірілетін бизнес-жоспардың мақсаты мен атқаратын қызметінен көруге болады.
Бизнес-жоспар құрудың негізгі мақсаты - фирманың қысқа мерзімге және ұзақ мерзімге нарықтық қажеттіліктеріне сәйкес шаруашылық іс-әрекетті жоспарлау және қажетті ресурстарды тарту болып табылады. Бизнес -жоспар құрудың басқа мақсаттары әр түрлі болуы мүмкін, мәселен:
белгіленген нәтижелерге жетудің жүзеге асу дәрежесін анқтау
белгілі бір тұлға топтарына жұмыс атқарып тұрған фирманың іс-әрекетін қайта ұйымдастыру немесе жаңадан құрудың мақсаттылығын дәлелдеу
компания қызметкерлерін жобада көрсетілген сапалы немесе сандық көрсеткіштерге жету мүмкіндігіне көндіру;
Бизнес-жоспар кәсіпкерге фирманың қызмет етуімен байланысты келесі тапсырмаларды шешуге көмектеседі :

- іс-әректтің наақты бағыттарын анықтау Ү

- өнімді өндіруге және өткізуге кететін шығындарды анықтау, ол шығындарды жобаның потенциялды пайдасын анықтау үшін өнім сатылатын бағамен салыстыру ;

- фирма кадрларының фирмаға сай келетіндігін және алға қойған мақсаттарға жету үшін жұмысшылар еңбегінің мотивизацияларын анықтау;

- фирманың матиралдық және қаржылық жағдайын зерттеу және белгіленген мақсатқа жету үшін фирманың материялдық және қаржылық ресурстары сай келетінін, келмейтінін анықтау; 

- биснес-жоспардың іске асуына кедергі болатын қиындықтарды алдын-ала анықтау және тәуекелдерді есептеу;


Қазіргі практикада бизнес-жоспар төрт түрлі қызмет атқарады. Оның бірінші қызметі бизнестің стратегиясын құруға бизнес жоспарды қолдану мүмкіндігімен байланысты. Бұл қызметті кәсіпорынды құрған кезде және іс-әрекеттің жаңа бағыттарын ойлап тапқан кезде өте маңызды роль атқарады.
Бизнес-жоспардың екінші қызметі – жоспарлау. Ол жаңа іс-әрекет бағытының даму мүмкіндіктерін бағалауға және фирма ішіндегі процестерді бақлауға мүмкіндік береді.
Үшінші қызметі ақша ссудалар және несиелер тартуға өз септігін тигізеді. Қазіргі кезде көп жағдайда белгілі-бір жобаны несиесіз жүзеге асыру мүмкін емес . Ал несие алу оңай емес . Сондықтан дұрыс құрылған бизнес-жоспар несие алуда шешуші фактор болып табылады.
Төртінші қызметі компания жоспарын жүзеге асыру үшін өндіріске өз капиталын немесе өзінде бар технологияны салғысы келетін потенциялды әріптестер тартуға мүмкіндік береді. Әріптестер өз капиталын немесе технологиясын өндіріске компанияның белгілі-бір уақыт мерзіміндегі даму бағытын көрсететін бизнес жоспардың болғанында ғана салады. 
Фирма ішілік жоспарлау кез-келген кәсіпорынның көлеміне қарамастан оның ажырамас бөлігі болып табылады. Бизнес-жоспар нақты жағдайда бизнесті бастауға немесе кеңейтуге керекті талдау мүмкіншіліктерін көрсетеді және іскер әріптестерді тартуда , біріккен кәсіпорындар құруда үлкен рольге ие, яғни, бизнес-жоспарды дайындау және тиімді қолдану ең маңызды іс-әрекеттердің бірі болып тадылады . Бұл жоспар менеджермен , жетекшімен, фирмамен немесе фирма топтарымен құрылуы мүмкін. Көп жағдайда бизнес жоспарды дайындау барысында потенциялды әріптестер және инвесторлар анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет