Экономика және оның қоғамдағы рөлі Экономика


SmartSatu В2В платформасы



бет28/47
Дата17.12.2022
өлшемі0,82 Mb.
#57857
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47
SmartSatu В2В платформасы өзара тәуелді бизнесті біріктіреді: азық-түлік дүкендері, тауар өндірушілер мен жеткізушілері. Өнім жеткізушілер тауарларды жариялайды, ал сауда орындары өнімді таңдап, тапсырыс береді. Тапсырыстар тәулігіне 24 сағат онлайн қабылданады, яғни дүкен өнім жеткізуші компаниялардың жұмыс режиміне тәуелді болмайды. Осылайша өтінімдер тез өңделеді, ал өнімді есепке алу электронды түрде қалыптасып келе жатыр. Стартап негізгі өнім өндірушілермен әрекеттестік жасайды және Seedstars CEE халықаралық конкурсында 1-ші орынға ие болды.
В2В-SmartPay сервисі - бөлшек сауда дүкендерінде қолма-қол ақшасыз төлеуге арналған шағын терминалдар. Сатып алу үшін дүкен деректемелері бар QR-кодты сканерлеу, банк бетіне өтіп, төлем картасының мәліметтерін енгізу қажет. Технология тұрақты және мобильді төлем құрылғыларынан әлдеқайда арзан: бағасы 9900 теңгеден басталады. Қарапайым POS-терминал 95 000 теңге тұрады. Төмен баға мен қолжетімді технологияның арқасында тіпті шағын аулалық дүкендер қолма-қол ақшасыз төлем қабылдай алады. Терминал ұялы байланыс ұстайтын барлық жерде жұмыс істейді.
"Қазақтелеком" АҚ ауылдық елді мекендерді талшықты-оптикалық байланыс желілерінің технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету үшін B2B, B2C, B2G секторларында жұмыс істейді. "Қазақтелеком" талшықты-оптикалық желілерді салады, оларға мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдарды қосады және келісілген сапалық сипаттамалары бар қызметтерді қамтамасыз етеді. Өз кезегінде мемлекет ұсынылатын қызметтерді бекітілген тарифтер бойынша қаржыландырады. Бұл жобаның идеясы: мемлекеттік тапсырыс беруші құрылыстың өзін инвестицияламайды, ол қызметтерді кейіннен тұтынуға және олардың төлеміне кепілдік береді.

25. Бизнес-жоспарды әзірлеу және дайындау әдістемесі
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде жоспарлау жетекші орынға ие болады. Ал, бизнес-жоспар фирма ішіндегі жоспарлаудың негізі болып табылады және ол ағымдағы немесе болашақтағы жағдайды (бизнес жасауға немесе кеңейтуге арналған жағдайлардың болуы) талдауға мүмкіндік береді.
Бизнес-жоспар – жоспарланған істің (жобаның) нақты іске асатындығын көрсететін экономикалық тұрғыда негізделген аналитикалық құжат. Оны бизнестің жаңа сферасын меңгеруге қажетті кәсіпорынның даму жоспары деп атауға болады. Тәжірибеде бизнес-жоспардың мынадай түрлері бар: ұйымның бизнес-жоспары, несие алуға арналған жоспар, инвестициялық жобаның бизнес-жоспары, құрылымдық бөлімшенің бизнес-жоспары, грантқа арналған бизнес-жоспар, аймақты дамытудың бизнес-жоспары, мекеменің бизнес-жоспары және т.б.
Бизнес – жоспар әлеуетті әріптестердің, инвесторлардың, банкирлердің назарын аудартатындай сауатты түрде жасалуы қажет. Бизнес-жоспар қарапайым, түсінікті, сауатты және пайдалануға қолайлы болуы керек.
Бизнес-жоспардың құрамы, құрылымы мен көлемі оның мақсатына, кәсіпорынның мөлшеріне, қызмет түрінің өзгешелігіне байланысты анықталады. Бизнес-жоспар белгілі бір бөлімдерден тұрады.
Бизнес-жоспардың құрылымы шартты түрде келесі бөлімдерден тұруы мүмкін:

  • Резюме

  • Кәсіпорынның сипаттамасы

  • Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) сипаттамасы

  • Нарықты талдау

  • Ұйымдастырушылық жоспар. Персонал және басқару

  • Өндірістік жоспар

  • Маркетинг жоспары

  • Тәуекелді бағалау

  • Қаржылық жоспар

  • Қосымшалар.

Бизнес-жоспарды дайындау оның сыртқы (титульдік) бетін дұрыс рәсімдеуден басталады және ол бетте мынандай мәліметтер көрсетілуі керек:


  • Фирманың толық ресми атауы. Егер фирмалық белгісі бар болса, фирманың атауына кейін орналастырылуы керек;

  • Фирманың ұйымдық-құқықтық нысаны;

  • Заңды мекен-жайы, яғни, кәсіпорынның тіркеу құжатында көрсетілген мекен-жайы;

  • Нақты пошталық мекен-жайы;

  • Телекоммуникациялық реквизиттер: электрондық пошта, телефон, факс нөмірлері;

  • Жобаға жетекшілік ететін фирма қызметкерінің аты-жөні және лауызымы;

Осыдан кейін резюме немесе қысқаша шолу бөлімі дайындалады. Резюме бизнес-жоспардың мәнін ашатын, бірнеше пунктен тұратын қысқыша нысанда сипатталады, оның көлемі 1-2 беттен аспағаны дұрыс. Резюмеде мынадай мәселелер қамтылуы тиіс:


  • Жобаның қысқаша сипаттамасы, оның мақсаты мен міндеттері;

  • Ресурстық қамтамасыз ету;

  • Жүзеге асыру механизмі;

  • Өнімнің (қызметтің, жұмыстың) бәсекеге қабілеттілігі;

  • Сырттан қаржыландыруды қажет ететін көлем;

  • Меншікті салымының (қаражатының) көлемі;

  • Күтілетін таза пайда, табыстылық деңгейі және шығындардың қайтымдылық мерзімі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет