Кәсіпкерліктің маңызы және қызметтері Нарықтық экономикаға өту — ол кәсіпкерлік типі бар экономикаға өту. Кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасау өтпслі экономиканың басты құрылымдарының бірі болып табылады. Сондықтан да кәсіпкерліктің дамуының зандылықтарын ашу үлкен роль атқарады.
Бұрын айтылғандай, көптеген шет елдік ғалымдар кәсіпкерліктің және кәсіпкердің маңызын ашуда үлкен мән берді, өйткені нарыктық экономиканың дамуымен кәсікерліктің ролі күшейе түсті, ал шаруашылық басқару субъектілерінің алдыңғы орнында кәсіпкерлік ұйымдар (фирмалар, компаниялар және тағы басқа — да кәсіпкерлік ұйымдар) түр. Ғылыми одебиеттердс кәсіпкерліктің маңызы туралы нақты аныктама жоқ, өйткені білімнің әр сала өкілдері (экономистер, философтар, социологтар, қүқықтанушылар және басқалар) бұл терминді түрліше түсіндіреді.
Енді шет елдерде косіпкерліктің маңызына деген көзқарастарды атап өтейін. Мысалы, американдық ғалымдардың түсінігі бойынша кәсіпкерлік — ол қажетті, күрделі, батыл істерді жүзеге асыру. Кәсіпкерлік — ол тәуекелдік іс, адамдардың өз еркімен (олардың ұйымдасуымен), өз тәуекеліне және өз жауапкершілігіне атқарылады.
Шетелдік теория мен тәжірибеде кәсіпкерлік жаңа бизнесті құру процесі ретінде және ол адамның қажеттілігін тауар мен қызмет түрінде қолда бар материалдар, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану арқылы қанағаттандыратын процесс болып түсіндіріледі. Кәсіпкерлік экономиканың дамуына үлкен үлес қосады, өйткені кәсіпкерліктің дамуының нәтижесінде ұлттық табыстың қомақты бөлігі болады, жаңа жұмыс орындары ашылады, техника мен технология дамиды, өнеркәсіп пен қызметтің жаңа салалары ашылады.
Американдық ғалым Р.С.Ронстандтың пікірінше, кәсіпкерлік — байлықты көбейтудің динамикалық процесі. Байлық мына адамдармен құрылады: кім көбірек өз қаржысымен, мүлкімен тәуекелге барса, жеке іс ашуға уақытын аямаса, тұтынушыларға жаңа тауар немесе қызмет үсынса. Бұл тауар немесе қызмет өзгеше, дара болуы міндет емес: ең бастысы, кәсіпкер күш пен қаражатын жұмсау нәтижесінде оларға жаңа сапа, құндылық қосқаны абзал. Ал әйгілі американдық ғалымдар Р.Хизрич пен М.Питерс кәсіпкерлікке мынадай анықтама береді және олардың ойынша ең терең, кәсіпкерліктің барлық түрін қамтитын анықтама: «Кәсіпкерлік — ол уақыт пен күшті алатын және барлық материалдық, қаржылық, моральдық, қоғамдық міндеттерді өзі алатын және осының нәтижесінде пайда мен ләззат алу процессі. Және осы авторлар кәсіпкерлікпен айналысқысы келген адамның өмірі сенімге, өкінішке,уайымға және еңбекке толы.
Біздің ойымызша Р.Хизрич кәсіпкерліктің маңызына ең қысқа түсініктеме берді: ол — құны бар жаңа бір нәрсені құру процесі.
Қазакстан Республикасының Азаматтық кодексінде кәсіпкерлік былай түсіндіріледі: » Кәсіпкерлік — меншік турлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардық, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанагаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мешекеттік кәсіпорынды шаруошылық басқару құқығына (мешекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердіқ атынан, оның тәуекел етуімең және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
Дамыған нарықтық экономикада мына қызметтерді атқарады: жалпы экономикалық, шығармашыл-іздену, ресурстық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық.
Дамыған нарықты экономикада кәсіпкерлік ұйымдарды және жеке кәсіпкерлерді нарықтың субъектісі ролін атқаратын — жалпы экономикалық қызмет. Бұл қызмет, негізінен, тауар өндірісіне және ол тауарды тұтынушыларға жеткізуге бағытталған.
Кәсіпкерліктің ең басты қызметтерінің бірі — ол ресурстық. Кәсіпкерліктің дамуы қайта өндірілетін және шектелген ресурстарды тиімді пайдалану ретінде түсіндіріледі. Әрине, ең бірінші орынға еңбек ресурстарын, жер және табиғи ресурстар, өндіріс құралдары мен ғылыми жетістіктер және де кәсіпкерлік талантын жатқызамыз. Егер кәсіпкер өз ісінде ғылыми-техникалық жетістіктерді дұрыс ұштастыра білсе, жоғары мамандырылған жұмысшы күшін пайдаланса және барлық ресурстарды тиімді пайдаланса, онда ол кәсіпкер өзіне үлкен пайда табуға жол ашады. Бірақ, көптеген кәсіпкерлер үлкен пайда табу жолында ресурстарды тиімсіз пайдалануда.
Кәсіпкерілкке, яғни антибюрократтық экономикалық шаруашылыққа тән — шығармашыл-іздену қызметі. Ол тек қана жаңа ойларды қолдану ғана емес, сол сияқты жаңа өндіріс факторларын да пайдалану деп түсіндіріледі. Шығармашыл-іздену қызметі кәсіпкерліктің басқа қызметтермен тығыз байланысты.
Кәсіпкерлердің өздері кәсіпкерлікті ұйымдастыру туралы, баскару түрін, кәсіркеліктің структуралык. стратегиясы жайлы шешімді қабылдайтын жоне де кәсіпкерліктің ең басты қызметтерінің бірі — ұйымдастырушылық қызметі. Бұл қызмет әсіресе, кіші және орта кәсіпкерлікті дамытуда анықталады.