Экономика және оның қоғамдағы рөлі Экономика



бет4/47
Дата17.12.2022
өлшемі0,82 Mb.
#57857
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Өндіріс факторлары[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Негізінде өндіріс факторлардың арасында: Жер - табиғи ресурс, адамзаттың өмір сүруіне өте зор үлес қосады. Еңбек - адамның маңыздандырылған жігерлігі. Ол тұлғаның немесе қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруды мақсат етеді. Осы жігерліктің барысында адам құралдардың көмегімен табиғи заттарды өзгертеді және өз қажеттілігіне қарап бейімдейді. Сонымет қатар ол осы объекттердің механикалық, химиялық және физикалық қасиеттерін пайдаланып алдына қойған мақсатқа жетеді. Адамның (еңбек субъектінің) мақсатқа бағытталған жұмысы барысында өзі жасаған құралдар арқылы табиғи ресурстарды өзіне керек ресурстарға айналдырады. Капитал - пайда алу үшін арналған меншіктердің жиынтығы. Өндіріс немесе қызмет атқару саласына пайда алу үшін активтардың бағыттандырылуы капитал жұмсалымы немесе инвестиция деп аталады. Қазіргі кезде каптал деген термині бухгалтерлік есеп беруде дербес қолданылмайды. Алайда оған жақын қаржы анализінің бірнеше көрсеткіштері бар. Мысалы, меншікті капитал дегеніміз - компанияның активтерінің және міндіттемелердің қосындысының айырмашылығы. Осы өлшем жарғылық капитал, қосымша капитал (эмиссиялық пайда) және бөлінбеген пайда арқылы саналады. Кәсіпкерлік қабілет - қалған экономикалық ресурстарын барлығын байланыстыратын фактор. Оның ішіне кәсіпкерлерді, кәсәпкерлікті, кәсіпкерлік инфраструктура және кәсіпкерлік этика мен мәдениетін қосу керек. Кәсіпкерлердің арасына алдымен компаниялардың иелері, менеджерлер, және бизнес ұйымдастырушылар кіреді. Осы терминмен қатар "кәсіпкерлік потенциал" термині пайдаланады. Тұтас алғанда кәсіпкерлік потенциалды адамдардың кәсіпкерлерлік қабілеттерін іске асыру мүмкіншілігі ретінде сипаттау болады. Оның ерекшелігі - барлық экономикалық ресурстардың (еңбек, капитал, жер, білім) басын қосуы. Кәсіпкерлердің нарықтық механизмге көбейтілген бастамалары мен икемділіктері экономикалық ресурстарды ең жоғары тиімділікпен қолдануына және экономиканың өсуіне үлес қосады. Ақпарат - экономикалық үдерісінде қолданылатын ресурсы. Ақпарат еңбек үдерісінің күрделі элементі болып табылады. Ақпараттың көп атқарымдылығы және басқа еңбек факторларына тез қайта түрленуі қазіргі күнгі қоғамның өндіріс күшуінің дамуы үшін жетекші рол атқарады. Адамзаттың тарихы барысында адамдар тек қана қоршаған ауданы өзгерткен жоқ бірақ оның ішіндегі ақпаратты өзгертті. Өзен арнасын өзгерткен кезде адам оның физикалық және географиялық сипаттарын өзгертеді. Үй салған кезде адам жер рельефіне қатысты ақпаратты өзгертеі. Өсімдіктің және хайуаныттардың жаңа түрлерін шығарған кезде адам олардың генотипіндегі ақпаратты өзгертеді. Сенімді ақпарат экономикалық субъектінің мәселелерінің шешуі үшін өте маңызды шарты. Сонымен қатар тіпті толық ақпарат жетістіктің кепілдемесі емес. Берілген жағдайда ең жақсы шешім қабылдау үшін ақпаратты дұрыс қолдану қабілеті білім ресурсын сипаттайды. Осы ресурс бизнеске ең үлкен үлесім қосады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет