Елдің мақсаттарына, міндеттеріне, мүдделеріне сәйкес экономикалық үдерістерге белгілі бір бағыт беретін мемлекет, үкімет жүргізетін іс-қимылдар; экономиканы басқару саласындағы шаралар жүйесі. Экономикалық саясат құрылымдық, инвестициялық, қаржы-несие, әлеуметтік, сыртқы экономикалық, ғылыми-техникалық, салық, бюджет саясатын қамтиды.
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 11-том. /Құраст.: Ж.Манкеева, С.Бизақов, Ә.Жүнісбек және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.
2 тақырып. Қажеттіліктердің шексіздігі және шектеулі ресурстар.
ӨНДІРІС
Тұрмысқа қажетті материалдық игіліктерді жасап шығаратын өнеркәсіп саласы.
Б.Қалиев, Ж.Түймебаев, Ш. Құрманбайұлы, С.Исакова. "Мұқағали тілі" сөздігі. – Алматы, 2017
ӨНДІРУ минералдық шикізатты уақытша сақтауды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер бетіне шығаруға, сондай-ақ техногенді минералдық түзілімдерден алуға байланысты жұмыстардың (операциялардың) бүкіл кешені.
Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңдарының заң терминдері мен ұғымдарының сөздігі. – Астана: «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» ЖШС, 2007. – 1000 б.
БӨЛУ
Санды санға теңдей етіп бөлудің теориясын үйрететін арифметикалық амал.
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 3-том. / Құраст.: Б. Сүйерқұлова, Т.Жанұзақ, О.Жұбаева және т.б. – Алматы, 2011. - 744 б.
АЙЫРБАСТАУ
валюта айырбастау бойынша операция; басқа валюта арқылы көрініс тапқан бір валютаның қоры.
С.Құлманов. Орысша-қазақша терминологиялық анықтамалық сөздік (қаржы саласы).– 5-кітап.– Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту орталығы ЖШС, 2009. 336 - бет.
ТҰТЫНУ
үй шаруашылығындағы жаңа тұрғын үй сатып алудан басқа тауар мен көрсетілетін қызметке деген тұтыну шығындары.
Мэнкью Грегори Н., Тейлор Марк П. Экономикс, 4-халықаралық басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018 жыл – 848 бет.