Экономика



бет5/11
Дата25.10.2022
өлшемі63,32 Kb.
#45283
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Глоссарий Аргынгазин Айбек

ҚҰН ЗАҢЫ


Өндіріске жұмсалған шығын мен өнімнің сәйкестігін анықтайтын заң. Құн заңы әрекетімен анықталатын тауар-ақша қатынастарының болуы инфляциялық процестерді тудырады.
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 7-том. / Құраст.: Б.Момынова, Б.Сүйерқұлова, А. Фазылжанова және т.б. – Алматы, 2011. 752 б.
  1. НАҚТЫ ЕҢБЕК


Адамның нысаналы іс-әрекеті; оның ақыл-ой мен күш-жігер жұмсауы. Белгілі бір әлеуметтік-экономикалық жағдайда қызметкердің тұрмысын қалыпты қолдау мен ұдайы қалпына келтіруге арналған өнімді жасауға жұмсалатын қажетті нақты еңбек, бірлескен қоғамдық мұқтаждарды қанағаттандыру үшін материалдық игілік жасайтын қосымша нақты еңбек түрлеріне бөлінеді.
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 11-том. /Құраст.: Ж.Манкеева, С.Бизақов, Ә.Жүнісбек және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.
  1. ЕҢБЕК ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫ


Уақыт өлшеміне шаққанда жұмыс күшін жұмсау дәрежесімен айқындалатын еңбек қауырттылығы. Еңбек қарқындылығы серпіні бір сағат, жұмыс аптасы, т.б. бойына жұмсалған нақты еңбектің (дене еңбегі мен ой еңбегінің) ауқымымен өлшенуі мүмкін.
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 5 - том / Құраст.: Б. Әбілқасымов, С.Бизақов, Ә.Жүнiсбеков және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.
  1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ АГЕНТТЕР


белгілі бір деңгейде экономикаға ықпал ететін жеке тұлға, фирма немесе ұйым.
Мэнкью Грегори Н., Тейлор Марк П. Экономикс, 4-халықаралық басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018 жыл – 848 бет.
ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
экономикалық қызметтің негізгі үш субъектісінің бірі (мемлекет, кәсіпорын, үй  шаруашылығы).
Халықаралық экономика бойынша терминологиялық сөздігі / Жетпісбаева Б.А., Есенгельдин Б.С., Хусаинова Ж.С., Жартай Ж.М. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2016. – 181 б.
  1. КӘСІПОРЫН


кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешен құқық  объектісі түріндегі кәсіпорын деп танылады.
Азаматтық құқықтық пәндер бойынша терминологиялық сөздік / Г.А. Жаналинов, Ш.А. Алиев. - Қарағанды, 2013. -193 б.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет