«Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе» пәні бойынша БӨЖ тақырыптары


Дүниежүзілік мұхитты игеру проблемалары



бет13/28
Дата03.05.2023
өлшемі483 Kb.
#89596
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Байланысты:
«Экономикалы , леуметтік ж не саяси география а кіріспе» п ні б

Дүниежүзілік мұхитты игеру проблемалары. Жер шарындағы тіршілік үшін дүниежүзілік мұхиттың алатын орны ерекше. Мұхит сулары атмосфераны оттегімен байытады, адамдарды құнарлы да пайдалы азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ дүниежүзілік мұхиттың арзан да тиімді көлік жолы дүние жүзі елдері арасындағы халықаралық қарым-қатынасында да маңызды орын алып келді. Құрлықтағы кейбір минералдық ресурстардың азаюы өндіріс ауқымы тез ұлғайып жатқан жағдайда мұхит суларынан кен өндіру, әсіресе мұнай мен газ өндірудің жедел дамуына себепші болып отыр. Дүниежүзілік азық-түлік проблемасының туындауы мұхит суларының биологиялық ресурс ретіндегі қолданылу аясын да күннен-күнге кеңейтуде. Ғылым мен техника жетістіктері мұхит суынан тек мұнай мен газ ғана емес, темір-марганец конкрецияларын; сутегі изотобы—дейтерийді айырып алу; орасан зор толысу энергиясын алатын электр стансаларын салу; теңіз суын тұщыландыру істерінде жаңа болашақ ашуда. Мұхит суында 10 млн тонна алтын бар.


Халықаралық ұйымдар дегеніміз – халықаралық келісімдер (жарғы, статут немесе басқа құжаттар) негізінде құрылған, тұрақты түрде жұмыс істейтін үкімет аралық және үкіметтік емес ұйымдар. Олар өзінің қызметін жарғылық құжаттарына сай, көп жақты келіссөздер мен проблемаларды талқылау, дауыс беру арқылы немесе консенсус негізінде шешім қабылдауға құрады.
1919 жылы құрылған Ұлттар Лигасы деп аталатын халықаралық ұйым 1939 жылы өз жұмысын тоқтатты. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң, 1945 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) құрылды. Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында (АҚШ) орналасқан. Ұйымға 191 мемлекет (2007 ж) мүше.
Бұл ұйымның алға қойған негізгі мақсаттары оның Жарғысында көрініс тапқан. Олардың қатарына әлемдегі бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейбір өмірге төнген қауіптің алдын алу немесе бетін қайтару, халықаралық даулы мәселелер мен шиеленістерді реттеу жатады. Бұл Жарғыда мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі мен ынтымақтастығының басты принциптері, оның барлық мүшелерінің теңдігі, халықаралық көлемдегі ынтымақтастық пен өзге мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау принциптері бекітілген.
БҰҰ-ның басты органдары – Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Халықаралық сот, Қамқорлық жөніндегі кеңес, Хатшылық. БҰҰ-ның Бас хатшысын Бас Ассамблея 5 жыл мерзімге тағайындайды.
Сондай ақ, БҰҰ-ның халықаралық деңгейдегі қызметін ұйымдастыруда оның құрамындағы Атом энергетикасы жөніндегі агеттік (МАГАТЭ), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымның (ЮНЕСКО, штаб-пәтері Парижде орналасқан), Халықаралық еңбек ұйымының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Азық-түлік пен ауыл шаруашылық жөніндегі ұйымның (ФАО), Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет