Экономикалық өсу, оны ұтымды пайдалану бойынша мемлекеттік шаралар
Орындаған: Үкібаева Ж
Қабылдаған: Қадырбай С
Осы замандағы экономикалық теорияда, әдетте экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің үзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің үзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.
Экономикалық өсудің мақсаты — бұл адамдардың материалдық және рухани қажеттіктерін қамтамасыз ету, қоғам дамуының өнегелік негіздерін күшейту. Адамдардың білімі, дағды-тәжірибесі, қабілеті адамдар капиталын құрайды. Бұл адамдардың болашақтағы өмір-жағдай дәрежесінің кепілі болып табылады.
Экономикалық өсу қоғамдық еңбек нәтижесін, оның өнегелік, рухани сипаттамаларын көрсетеді. Ол — экономикалық динамиканың көрсеткіші және қайнар көзі. Бұл экономикалық теорияның предметі мәселелерінің екінші жүйесі.
Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:
1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.
Фактор
|
Фактордың сандық көрсеткіші
|
Толық пайдалану мен тиімділікті арттыру тәсілі
|
Пайдалану тиімділігінің көрсеткіші
|
Табиғат ресурстары (жер, пайдалы қазбалар, су, ауа және т.б.)
|
Әрбір нақты түрдің көрсеткіші
|
Ең толық шығару, кешенді және терең қайта өндеу
|
Өнімнің материалдық сыйымдылығы
|
Еңбек ресурстары
|
Еңбекке жарамды жастағы тұрғындардың саны
|
Білімнің өсуі, денсаулықтың жақсаруы, еңбек ұйымдастыруды жетілдіру
|
Еңбек өнімділігі
|
Негізгі капитал (кәсіпорындырдың еңбек құралдары, көлік)
|
Баға
|
Өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру
|
Қордың қайтарымдылығы
|
ҒТП
|
Шығындар
|
Ғылыми зерттеу сферасың дамыту, оның нәтижелерің пайдалану
|
Өндіріс тиімділігін көтеру
|
Экономикалық өсу
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:
1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
2. адамның бос уақытының көбеюі;
3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
4. адам капиталына инвестицияны өсіру;
5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.
Экономикалық өсудің қарқыны мен сипатын келесі факторлар анықтайды:
- Табиғи ресурстар. Бай табиғат ресурстарына ие болу экономикалық өсу қарқынына кепілдеме бола алмайды. Оларды ұтымды және тиімді пайдалану маңызды.
- Еңбек ресурстары. Экономикалық өсуге жұмыс бастылығы, білім беру және жұмыс күшін кәсіптік шеберлікке дайындау сапасы, жұмыс күшін рационалды пайдалану, еңбек өнімділігінің деңгейі, денсаулық жағдайы және т.б. ықпал етеді.
- Негізгі капитал. Экономикалық өсуге инвестицияның үнемі көбеюі, капиталдың жаңаруы және көбеюі, қордың қайтарылымының өсуі және қордың қарулануы маңызды.
- Ғылыми-техникалық прогресс. Өнертапқыштық және инновациялар, оларды өндіріске енгізу экономикалық өсудің маңызды факторы болады.
- Қоғамның жиынтық сұранысы. Жиынтық сұраныстың жоғары деңгейі кәсіпкерлерді өндірістің көлемін көбейтуге ынталандырады.
Экономиканың үдемелі дамуына байланысты мыналар өседі:
1) өндіріс көлемі мен қоғамбайлығы;
2) елдің әлемдегі беделі;
3) адамдардың материлдық қамтамасыз етілуі, олардың бос уақыты, білімі және мәдениеті;
4) өндіріс механикаландырылады және автоматтандырылады, еңбек жағдайы жақсарады және т.б.
Қазақстанда экономикалық өсудің факторлары:
1) әлемдік экономиканың өсуі және мұнайдың, газдың, түсті және қара металдың халықаралық рыногтағы қолайлы конъюнктурасы;
2) тұрғындардың және кәсіпорындардың төлем қабілеттілігі бар сұранысының өсуі;
3) импорт орнын толтыру саясатын жүргізу және адал емес бәсекелестіктен отандық өндірушілерді қорғау;
4) қолайлы инвестициялық климат құру жолымен тікелей шетел инвестициясын тарту саясаты.
Қазақстанда экономикалық өсудің негіздері келесі:
1) экономикалық кеңістіктің көлемі. Қазақстан елдің аумағы бойынша әлемде 9-шы орын алады;
2) пайдалы қазбалардың қоры: энергетикалық ресурстардың (мұнай, табиғи газ, тас көмір), темір және марганец рудалары, уран және т.б.;
3) мұнайды шығару көлемі – басты стратегиялық шикізат;
4) маманданған жұмыс күшінің болуы.
Экономиқалық өсуді мемлекет жағынан қолдау әдістері тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей әдістері ғылыми техникалық прогрессті қолдауға бағытталған: фундаменталды ғылыми зерттеулерді қолдау, орта және жоғары білім беру жүйесін қаржыландыру. Жанама шаралар халық шаруашылығындағы ең прогрессивті салалар мен өндіріс түрлерін қолдауға бағытталған.
Назарларыңызға рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: |