Экономикалық өсу. Әрбір экономикалық жүйе және мемлекет елдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісін арттыруға, халықтың табысын өсіруге ұмтылады. Сондықтан да үкіметтің экономикалық жүйелердегі мақсаттарының бірі экономикалық өсуге қол жеткізу болып табылады. Оның серпіні ұлттық экономиканың дамуына, халықтың тұрмыс деңгейіне және т.б. әсер етеді.
Экономикалық өсу қоғамдық өнім мен оны өндіру факторларының сан жағынан артуы және сапалық жағынан жетілдірілуі білдіреді. Әдетте, экономикалық өсу ретінде қысқа мерзімдік құбылыстар емес, ұлттық шаруашылықтың дамуындағы ұзақ мерзімдік үрдістер түсініледі, бұл кезде экономикадағы нақты табыс (ЖҰӨ, ЖІӨ немесе ҰТ) артады, елдің экономикалық әлеуеті өседі.
Экономикалық өсу көрсеткіштерінің бірі пайыздарға шаққанда ЖҰӨ (ЖІӨ) өсуінің жылдық қарқындары болып табылады:
Өсу қарқыны ЖҰӨ = ЖҰӨ1 – ЖҰО0 мұндағы ЖҰӨ1 – есептік кезеңдегі (ағымдық) ұлттық өнім, ЖҰӨ0 — базистік кезеңнің (мұның алдындағы) ұлттық өнімі. Экономикалық өсудің басты мақсаты – әл-ауқатты өсіру мен ұлттық байлықты арттыру. Елдің әлеуеті жоғары болған сайын экономикалық өсу қарқыны соғұрлым жоғары, тұрмыс дәрежесі мен сапасы да жоғары болады.
Экономиканың өсу қабілеттілігі бірқатар факторларға байланысты, олардың қатарында өндірістің нақты көлемін ұзақ мерзімді арттыру ауқымдары мен қарқындарын, өсу сапасы мен тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін анықтайтын құбылыстар мен үдерістер бар.
Өсуді нақты мүмкін ететін факторлар тікелей факторлар деп есептеледі. Жанама факторлар – бұл қоғамдағы экономикалық әлеуетті өсіру жолдарын іске асыруға мүмкіндік беретін жағдайлар.
Осылайша экономикалық өсудің негізгі факторларына мыналар жатады:
Табиғи ресурстар (жер, пайдалы қазбалар, климат және т.б.), табиғи жағдайлардың сапасы жақсы болған сайын елдің экономикалық өсуі үшін мүмкіндіктер де көбірек болады;
Еңбек ресурстары: бұл жағдайдағы тәуелділік те тікелей тәуелділік;
Негізгі капитал;
Ғылыми-техникалық прогресс;
Мемлекеттің эконмикалық саясаты.
Бұл факторлардың экономикаға әсертету дәрежесі экономикалық өсу үлгісіне жағдай жасайды, бұл үлгі ретінде экономикалық өсуге сандық және сапалық айнымалылардың әсер ету дәрежесі түсіндіріледі.
Экономикалық өсудің екі: экстенсивті және интенсивті үлгісі бар. Экономикалық өсудің экстенсивті үлгісі өндіріс факторларының сан жағынан артуымен, жаңа кәсіпорындар, электр стансылары, жолдардың құрылысымен, шаруашылық айналасына жаңа жерлерді, еңбек және табиғи ресурстарды және т.б. тартумен сипатталады. Экономикалық өсудің бұл үлгісінде қоғамдық өндірістің техникалық негізі өзгермейді.
Экономикалық өсудің интенсивті үлгісі өнім өндіру көлемдерін арттыруды көздейді және оған өндіріс факторларын: жаңа технологияларды, инновацияларды енгізу, жұмыс күшінің біліктілігін арттыруды сапалық жетілдіру есебінен қол жеткізіледі.
Экономикалық өсудің барлық факторларының сапасы мен оңтайлы үйлесуі қоғамға нақты материалдық өнім мен көрсетілетін қызметтерді көбірек тұтыну мүмкіндігін береді, ұсынылатын қоғамдық игіліктер көлемін арттырады, осылайша, халық өмірінің нақты деңгейін арттырады.
Алайда ұлттық экономика күрделі, қайшылықты жүйе болып табылады, бұл оның циклдік дамуынан, яғни өндірістің жылдам өсу кезеңдерінің баяу өсу және өндірістің құлдырау кезеңдері мен алмасуы қозғалысынан көрініс табады.
Макроэкономикалық тұрақсыздық – бұл бәрінен бұрын экономикалық белсенділіктің өзгерістері (экономикалық циклдер – өрлеу мен құлдыраулар), жұмыссыздықтың пайда болуы, өндірістік қуаттардың толық жүктемеленбеуі, қағаз ақшаның құнсыздануы, мемлекет бюджетінің тапшылығы және т.б. Ойдағыдай өнеркәсіптік даму мен жалпыға ортақ экономикалық гүлдену кезеңдерінен кейін әрқашан өндіріс көлемдерінің төмендеуімен және жұмыссыздықпен қатар жүрген құлдырау кезеңдері басталады.
«Цикл» сөзінің өзі экономикалық жүйенің бұрынғы жағдайына қайтып оралуын білдіреді. Сондықтан экономикалық цикл – бұл экономиканың бірдей макроэкономикалық параметрлерімен сипатталатын, белгілі бір уақыт аралығында қайталанатын жай-күйі. Экономикалық цикл мынадай фазалардан: дағдарыстан, депрессиядан, жанданудан, өрлеуден
Қазіргі экономикалық даму ұзақ мерзімдік динамика ретінде тұрақты түрде өсу үрдісімен көрініп отырады. Алайда қысқа мерзімде сол экономикалық дамудың жағдайлары үнемі көтерілу мен төмендеу толқындарымен сипатталады. Олай болса экономикалық даму бірқа-лыпты болмайды. Макроэкономикалық динамиканың толқушылық сипаттағы заңдылықтары экономикалық (іскерлік) цикл мәселесі ретінде қарастырылады.
Экономикалық (іскерлік) цикл – бұл макроэкономикалық тұрақсыздықтың белгісі ретінде нақты ЖІӨ-нің экономикалық белсенділік деңгейінің үнемі толқып және ауытқып отыруы. Немесе, экономикалық дамудың жоғарылау кезеңдерінің құлдырау кезеңдері-мен ауысып отыруын, сондай-ақ, экономиканың бір фазадан екінші бір фазаға өту аралығын (құлдырау фазасынан келесі бір құлдырау фазасына дейінгі аралық) айтамыз.
Экономикалық цикл теориясы экономикалық өсу теориясымен қатар макроэкономикалық динамика теориялары ретінде қарастыры-лып, экономикалық жүйенің қозғалыстарын сипаттайды. Циклдің теориялары экономикалық белсенділіктің белгілі бір уақыт аралығындағы кезеңдік ауытқулары мен толқуларын, тұрақсыздық-тың себептерін талдайды, ал экономикалық өсу теориялары экономиканың ұзақ мерзімдік тенденция ретіндегі тұрақты өзгерісте-рінің факторлары мен шарттарын зерттейді.
Экономикалық цикл, экономикалық дағдарыстар мен макроэко-номикалық тұрақсыздық мәселелеріне алғаш рет аса дәйекті түрде көңіл аудара бастаған Карл Маркс болды. Ол экономикалық циклдің 4 фазасын бөліп көрсетті.
Экономикалық циклдің фазалары:
а) құлдырау (төмендеу, рецессия) фазасы экономикалық даму параметр-лерінің тез нашарлауымен сипатталады: өндіріс көлемінің тез қысқаруы, табыстардың тез қысқаруы, жұмысбастылықтың қысқаруы, инвестициялардың қысқаруы, бағалардың құлауы, өндір-гіш күштердің біртіндеп бұзылуы (өндірістік қуаттардың істен шығуы, жұмыссыздықтың өсуі, жаппай банкроттық, негізгі капитал-дың құнсыздануы);
ә) тоқырау (түп, стагнация) фазасы құлдыраудың ең төменгі нүктесі ретінде сипатталады: жаппай жұмыссыздық, жалақының ең төменгі деңгейі, пайыз мөлшерлемесінің ең төменгі деңгейі, тауарлық қорлардың қысқаруы, өндірістің тұрып қалуы, бағалар төмендеуінің тоқтатылуы;
б) жандану (тірілу), немесе қалпына келу фазасы негізгі капиталдың жаппай жаңартылуы, жұмыссыдықтың қысқаруы, жалақының өсуі, бағалардың өсуі, пайыз мөлшерлемелерінің өсуі, тұтыну заттарына деген сұраныстың артуы сияқты көрсеткіштермен сипатталады;
в) өрлеу (шың) фазасы экономикалық өсу қарқынының жоғарылауы, өндіріс көлемінің айтарлықтай ұлғаюы, инвестиция-лардың артуы, бағалы қағаздар бағамдарының өсуі, пайданың, жалақының, бағалардың, пайыз мөлшерлемелерінің артуы сияқты көрсеткіштермен сипатталады.