ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«ГИДРОТЕХНИКА, МЕЛИОРАЦИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС» ФАКУЛЬТЕТІ
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ» КАФЕДРАСЫ
«экономикалық талдау және статистика»
пәні бойынша студенттік өзіндік жұмысы №1
Орындаған: Пернеқұл Мәдина
ВМ-405 топ студенті
Тексерген: э.ғ.к., аға оқытушы
Бейсенбаева А.
Алматы, 2017
Мазмұны:
І.Кіріспе
Оңтүстік Қазақстан облысының мал шаруашылығы жайлы статистикалық мәлімет
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Экономикалық талдау жүргізетін субъектілер және олардың мақсаты
2.2. Мал шаруашылығы өнімдерінің статистикалық көрсеткіштері арқылы орындалу жоспарын анықтау
2.3. 2011-2016жж аралығындағы мал басы саны
2.4. 2011-2016 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысындағы мал басының орташа өсімділігін және модасын анықтау
Қорытынды
Пайдалынылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Статистикалық талдаудың негізгі мақсаты: әр түрлі қоғамдық құбылыстарға жататын мәліметтерді жинақтау, реттеу, талдау және салыстыру болып табылатын қоғамдық ғылым.
Статистиканың міндеттері: жаппай әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процесстердің деңгейі мен құрылымын зерттеу; жаппай әлеуметтік экономикалық құбылыстар мен процесстердің өзара байланысын зерттеу; жаппай әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процесстердің динамикасын зерттеу.
Статистика – әр түрлі қоғамдық құбылыстарға жататын сандық мәліметтерді жинақтау, реттеу, талдау және салыстыру болып табылатын қоғамдық ғылым. «Статистика» термині латын тілінің status (статус) деген сӛзінен шығып, заттың жағдайы, күйі дегенді білдіреді. Бұл сӛздің түбірі stato (стато) – «мемлекет» және statista (статиста) – «Мемлекет білгірі» деген сөздерінен кейінірек статистика сөзі пайда болды. Бұл терминді алғаш неміс ғалымы Готфрид Ахенваль (1719 -1772 ж.ж.) 1749 жылы мемлекеттану атты кітабын шығарып енгізді. Статистиканың ғылым ретінде қалыптасуы XVII ғасырдың аяқ кезінен Англиядан бастау алады. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында статистикалық-математикалық статистика деп аталатын бағыты пайда болды.
Қазіргі кезде «статистика» термині төмендегідей әр түрлі мағынада қолданылып жүр:
- Статистикалық органдар арқылы көптеген қоғамдық құбылыстардың өзгерістерін жүйелі түрде есепке алу;
- Статистика – статистикалық жинақтарда, анықтамаларда, мерзімді баспасөздерде жарияланатын сандық көрсеткіштер;
- Статистика – қоғамдық ғылымның бір саласы және оның өіне тән жеке пән мен зерттеу әдістері бар ғылым.
Оңтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы:аймақтағы климат жағдайлары жергілікті экономиканы дамытуда маңызды рөл атқаратын ауыл шаруашылығына қолайлы. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы соңғы жиырма жылда инновациялық салаға айналды. Мемлекеттің қаржылық қолдауының арқасында ауыл еңбеккерлері жаңа технологияларды белсене қолдана бастады, бұған ең алдымен ылғал үнемдегіш технологияларды жатқызуға болды. Ондаған жылдар бойы суға зәру болып келген Оңтүстік Қазақстан үшін бұл аграрлық саладағы нағыз ілгерілеу болды: 15 мың гектардан астам жер тамшылап суарылады. Осы бағыттағы жұмыс басталған 2010 жылмен салыстырғанда ылғал үнемдегіш технология пайдаланылатын аудандар екі еседен артық ұлғайды. Енді міне олар республикалық көрсеткіштің 70 пайызын құрайды. Түркістанда тамшылатып суаруға арналған жабдық шығаратын зауыт салынды, бұл шаруалар үшін технологияны әлдеқайда арзан бағаға сатып алуға мүмкіндік туғызды.
«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылықтары ғылыми зерттеулер институты» АҚ қойдың жаңа тұқымын шығарды, сондай зерттеулері үшін бір топ ғалым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алды. Институтта шөлейттенуге қарсы, аридтік дақылдарды себу есебінен жайылымдардың құнарлылығын сақтау, жайылымдық мал шарушалығының оңтайлы тәсілдерін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Кеңес дәуірінде ұсақ мал басы бірнеше миллиондап жайылса, қазір олардың саны азайып кеткен. Дегенмен, жағдайдың оңалып келе жатқаны байқалады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жайылымдық мал шаруашылығына көңіл бөлуінің арқасында, ҒЗИ ғалымдары кейбір аймақтарда шопандарға қолайлы жағдай жасауға, зертханалар ашуға, байланыс жүйелерін құруға бағытталған жобаларды ойластырып, жүзеге асыруда. Мал шаруашылығының бүкіл елдің ауыл шаруашылығының жалпы өніміндегі үлесі 45,7%. Басым бөлігін ет, сүт және жұмыртқа өндірісі алады. ОҚО шаруалардың зор қызығушылығын тудырған «Сыбаға» фермерлік шаруашылықтарды дамыту бағдарламасына қосылды. Облыстың Оңтүстік өңірлерінің табиғи ресурстары мен экономикалық әлеуетін ескерсек, қазіргі уақытта газдалған минералды сулар өндірісі артты.
Достарыңызбен бөлісу: |