Экономикалыќ теорияныѕ пјні жјне јдіс-тјсілдері



бет102/124
Дата17.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#116932
түріСеминар
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   124

Ф.7.03-03




«Экожүйе және құқық» пәнінен
семинар сабағын жүргізуге арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ


Практикум 4

Шымкент, 2022ж


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ







Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті»

«Мемлекеттік-құқықтық пәндер» кафедрасы


«Эко жүйе және құқық» пәнінен
семинар сабағын жүргізуге арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

В049, В057, В059, В060, В062, В063,В064,В065, В068, В070, В071, В072, В073, В074, В093, В094, В095 ББ бағдарламасының студенттеріне арналған


Практикум 4

ШЫМКЕНТ 2022,ж
ӘОЖ 174.

Құрастырған: «Мемлекеттік-құқықтық пәндер» кафедрасының оқытушысы


Жамалова Г.А., Аманжолова А.Е.


«Эко жүйе және құқық» пәнінен семинар сабағын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау.- Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚУ, 2022 ж. ___бет.
Әдістемелік нұсқау Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінде жасалып енгізілген типтік бағдарлама негізінде және «Эко жүйе және құқық» пәні бағдарламасының талаптарына сәйкес, құрастырылған және семинар сабағын жүргізуге барлық қажетті мәліметтерді қамтиды.

Әдістемелік нұсқау барлық мамандық бойынша оқитын студенттеріне арналған.


Пікір жазғандар: Нұртазин Е.Қ. з.ғ.к.– М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Мемлекеттік құқықтық пәндер» кафедрасының доценті.

Жамбаев Е.С., з.ғ.к., доцент, «Мемлекеттік құқықтық пәндер» кафедрасының меңгерушісі «Туран—Астана» университеті


«Мемлекеттік құқықтық пәндер» кафедрасының мәжілісінде қарастырылды


(хаттама № ____ «_____»_____2022 ж)

«Заң» факультетінің әдістемелік комиссиясымен (хаттама № ____ «_____»_____2022ж) қарастырылып басылымға ұсынылды.


М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің оқу-әдістемелік кеңесімен басылымға ұсынылды, (хаттама № ____ «_____»_____2022 ж)

©М.Әуезов атындағы Оңтүстік Казахстан университеті, 2022ж.




Мазмұны
Кіріспе 6
Әдістеменің мақсаты, міндеті 7
Семинар сабағын жүргізуге жалпы әдістемелік нұсқау 8
Миға шабуыл 8
Миға шабуыл ережесі 9
Миға шабуылды қолдану қолдану тәсілі 9
Іскер ойын 10
Ойынның қорытындысын шығару 10
Пәннің мазмұны 11
Семинар сабақтарында ұсынылатын тақырыптар мен әдістемелік нұсқаулар 12
Ұсынылатын әдебиеттер тізім 34
Нормативтік-құқықтық актілер 34
Қосымша 1 36

Кіріспе
«Эко жүйе және құқық» оқулығы мемлекет туралы негізгі түсініктерді, сондай-ақ құқық және құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдарды қарастыруға арналған. Оқу курсында конституциялық құқықтың негіздері, Қазақстан Республикасындағы адам және азамат мәртебесінің конституциялық негіздері, сайлау құқығы, әкімшілік құқық, Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының негіздері, интеллектуалдық меншік құқығы, мұрагерлік құқық, отбасылық құқық негіздері, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, қаржы құқығы негіздері, бюджеттік құқық, салық құқығының негіздері, инвестициялық қатынастарды құқықтық реттеу, еңбек құқығы негіздері және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы, қылмыстық құқық негіздері, Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері, экологиялық құқық негіздері, Қазақстан Республикасының қылмыстық және азаматтық іс жүргізу құқығының негіздері қарастырылады.
Құқық пен мемлекетті дамыту және жетілдіру құқықтық мемлекеттің дамуы мен қызмет етуінің негізі болып табылады. Қазақстан Республикасында құқықтық нормалар үнемі жаңартылып, жетілдірілу үстінде, сол арқылы жүргізіліп отырған реформалар айқындалып жүзеге асырылады. Қазіргі кезеңдегі қоғамның даму жағдайы жоғарғы және орта-арнаулы білімді маманға жоғарғы талап қоюда. Бұл құқық негіздеріне де қатысты. Қазіргі кезеңде құқық субъектілерінің құқықтық ақпараттануы және құқықтық санасының жоғарғы деңгейде болуы аса қажетті. Себебі, құқықтық мемлекеттің негізі болып табылатын адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау қоғамның құқықтық мәдениетінің жоғарғы деңгейінсіз мүмкін емес. Құқықтық нормалар мен қағидаларын білу қазіргі құқықтың негізгі салаларына жалпы бағдар алуға мүмкіндік береді, Қазақстан Республикасы заңнамасының негізгі жүйесін ұғынуға көмектеседі, сондай-ақ заңдар мен заңға бағынышты актілерді өздерінің еңбек жолында табысты пайдалана білуге жағдай жасайды.
«Эко жүйе және құқық» курсын оқып үйренудің негізгі міндеті - Қазақстан Республикасы нормативті-құқықтық актілерінің негізгі ережелерін білу және оларды күнделікті өмірде пайдалана білу дағдысын қалыптастыру болып табылады. Қазақстандық құқық негіздерін зерттеу экономика мамандығы бойынша білім алатын студентке экономикалық қатынастар субъектілерінің шаруашылық әрекетін кешенді түсінуге қажетті заңнама ережелерін игеруге мүмкіндік береді.
Эко жүйе және құқық оқыту міндеттерінің қатарына құқықтық нормалар ережелерін позитивті игеру, оларды тиімді пайдалану үшін қажетті заңдық талқылау және дұрыс түсіну, құқық және заңнама жүйесі мен құрылымын , мемлекеттік билік органдарының, сонымен бірге құқық қорғау органдарының міндеттері мен әрекет ету қағидаттарын білу де кіреді.
Оқу пәнінің мамандарды дайындауға маңызы мен ролі. Эко жүйе және құқық болашақта өздерінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін іске асыру үшін, еңбекке құқығын жүзеге асыру, қоғамның және еліміздің қоғамдық- саяси өміріне белсенді қатысуға, оқушыларға заң білімдерін кешенді нысанда меңгеруге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет