Семинар сабағын жүргізуге жалпы әдістемелік нұсқау Студентердің бастапқы алатын орнын анықтау
Тақырыпқа сай аудиторияда екі плакат ілуге болады. Ол плакаттарға «ішкі істер органдары қызметкерлері үшін жауаптылық маңызды» және «ішкі істер органдары қызметкерлері үшін жауаптылық маңызды емес» - деп, бірінде «келісемін», екіншісінде «келіспеймін» деген жазуды қосып қоюға болады.
Осы пікірмен кім қалай келіседі, соған орай топ студенттерін екіге бөлуге болады. Әрбір бөлінген топ өз көз – қарасымен бөлісіп, өзінің қолдайтын тақырыбы орай, мүмкіндігінше ой - пікір мен ұсыныстар айтуы тиіс. Әрбір бөлінген топ студенттері өз ойларын ортаға салады (ескерту: мүмкіндігінше топ студенттерін түгел қамтуға тырысу).
Мәсілені талдап болған соң, қарсы тарап студенттері бір - біріне қайсысының ой – пікірлері маңызды, көңілге қонымды болғанын атап өтеді. Оқутышы студенттерден өз көз қарасын өзгертіп, басқа топқа аусатын ойлары бар ма, жоқ па, олай болған күнде, қөз қарасының өзгеруне не себеп болғанын анықтайды.
Миға шабуыл. «Миға шабуыл» - топ студенттерімен түгел қатыса отырып, (тақырыпты) мәселені талқылау үшін тиімді әдіс болып саналады. Бұл жағдайда студенттер өз ойларын ашық ортаға салу арқылы көтерілген мәселенің шешімін табуға тырысады.
Миға шабуыл - қандай да бір мәселе бойынша топ болып, ой - пікір туындату болып табылады.
Әдістің бұл түрі студенттің тұлға болып өсуіне маңызды әсер етеді. «Миға шабуыл» әдісінің ережесін дұрыс және ақылмен қолданған жағдайда – ол, шығармашылық ерекше және бөлек ойлардың дамуына алып келеді.
Топ студенттеріне қандай да бір мәселені шешу үшін өз ой – пікірлерін ортаға салу тапсырылады. «Шабуылдың» қатысышылары басқалардың айтылған ойы туралы өзінің пікірін айтпайды, оларға баға бермейді, демек талданбайды деген сөз.
Бүгінгі таңда, тәжірибе көрсеткендей «Миға шабуыл» жолымен аз уақыт аралығында бірнеше ой – пікір алуға болады екен. Ой - пікірдің саны өзіндік мақсатты емес, тек ақылды шешімді туындатуға негіз болады. «Миға шабуыл» барысында бірде-бір студент қалыс қалмай, мәжбүрлеусіз - ақ қатыса алады. Мұндай жағдай сабаққа салақ деген студенттің өзін бей-жай қалдырмайды. Тақырыпты талқылауға ұмтылыс білдіреді.
Айтылған ой пікірлер мәселені шешуде нақты себеп, дәлел бола алса онда «миға шабуыл» ойдағыдай өтті деп есептеуге бола алады.