ұсынылған ой-пікірлер бағаланбайды және сынға алынбайды;
жұмыс сапасына емес санына қарай бағалануы тиіс, өйткені ой-пікір қанша көп болса сонша жақсы (туындаған ойдың бірі болмаса – бірі іске асуы мүмкін);
мүмкіндігі болғанша кез-келген ой-пікірді студенттің санасын аша түсу үшін кеңейту керек;
студенттің айтқан барлық ой-пікіріне қолдау көрсету керек;
барлық айтылған ой-пікірлер жазылып отыруы тиіс;
шабуылдың уақыты нақты белгіленіп, оны қатаң сақтау керек;
Миға шабуыл, шешімі жоқ сияқты болған мәселелерді шешуге немесе шешудің жолын табуға, қатып қалған ойлардың баламасын анықтауға мүмкіндік береді.
Топ студенттерінің арасында сабаққа деген ынтасы мен ерекшеленетіндері бар, олар тақырыпты талдауға ұмтылыс жасағанда, жалқаулар көлеңкеде қалып қоятыны белгілі. Миға шабуыл барысында бір-бірінен артықтығын көрсетпейді, топты қарапайым және тиімді тәсілмен біріктіре отырып, сабақ талдауға, бәрін бірдей бағалауға, шешім шығаруға көмектеседі. Өз ойын білдіруге (ол ой дұрыс емес, мағанасыз балуы да мүмкін) ең төмен студенттің өзі қалыс қала алмайды. Сөйтіп, оқытушы да, студент те оң нәтижеге ие болады.
Миға шабуылды қолдану тәсілі. Миға шабуылдың қатысушыларына шешуді қажет ететін қандай-да бір нақты мәселе беріледі. Сол мәселені шешу үшін кез-келген ой-пікірлер айту ұсынылады, ол ойлар ақылға симайтын, байыпсыз және үстірт болуы мүмкін.
Топ студенттерінің бір-екеуін, айтылған ұсыныстарды, шабуылдың соңында қатысушылар көре алатындай етіп, тақтаға немесе қағаз бетіне жазып отыру ұсынылады.
Көп ұсыныстардың басқа ой-пікірлермен қауымдаса туындауы әдістің тиімділігін қамтамасыз етеді. Ол үшін шабуыл барысында ешқандай сын айтылмауы, түзетпеуі тиіс т.с.с. Қайталанған ой-пікірден басқасының бәрі есепке алынып, жазылып отырады. Негізгі, талдауды қажет ететін мәселе бойынша ой – ұсыныстар туындатпай тұрып, студенттерді басқа бір (тақырыпқа қатысы бар) мәселені талқылатып қызықтырп, ынталандырып алуға болады.
Миға шабуыл біткен соң өте құнды деп есептелген ұсыныстарға шолу жасап, талдап олармен әрі қарай жұмыс істеу үшін сұрыптап алынады.
Ол үшін жоғарыда аталған немесе басқа да әдістер қолданылуы мүмкін. Сұрыптау барысында ұсыныстардың маңыздылығына, пайдалылығына назар аударған жөн. Дегенмен, ой-пікірлер маңыздылығы төмен, пайдасы шамалы болып қалуы да мүмкін, онда ол жаңа шығармашылық шешімдерге ұмтылыс жасауға жол ашары сөзсіз.