тағайындады.
бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
басты.
жеңіске жетті.
қоланы тағы қосыңыз.
береді дегенге сенейік.
12
28 тамыз
№35 (463)
Жамбыл облыстық «АРАЙ» газетінің редакциясы ЖШС, ЖСК KZ51319Е010004665197, БСК ABKZKZKX, СТН 211500223161, КБЕ 17, КНП 851, БСН 050740003533 «БТА банк» АҚ Жамбыл филиалы
E-mail: aray2008@mail.ru
www.ar-ay.kz
МЕНШІК ИЕСІ
«Жамбыл облыстық «АРАЙ»
газетінің редакциясы»
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі
Директор –
Бас редактор
Гүлнұр ЕМБЕРДИЕВА
Газет 2012 жылғы 17 сəуірде Қазақстан
Республикасы Мəдениет жəне ақпарат
министрлігінде тіркеліп, мерзімді баспасөз
басылымдарын жəне ақпарат агенттіктерін
есепке алу туралы №12681-Г куəлігі берілген.
Дəулет ТӨЛЕНДІ – бас редактордың орынбасары
Шолпан БӨГЕНБАЕВА – жауапты хатшы
Хамит ЕСАМАН
– шығармашылық топ жетекшісі
Тілшілер:
Есет ДОСАЛЫ
Қамар ҚАРАСАЕВА
Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ
Саятхан САТЫЛҒАНОВ
Талғат НҰРХАНОВ
Мұратхан ƏЛІМХАН
Ғани СҮГІРƏЛИЕВ – компьютер орталығының жетекшісі
Құралай СҮЙМАНОВА – корректор
Алтынбек ҚАРТАБАЙ – фототілші
А – материалдың жариялану ақысы төленген
Газет аптасына бір рет шығады
Газет редакцияның компьютерлік
орталығында теріліп, беттелді
Газет «Сенім» ЖШС баспаханасында
басылды
(Тараз қаласы, Төле би көшесі, 22)
Газет индексі – 66250
Тапсырыс – №735
080012, Тараз қаласы,
Ə.Əйтиев көшесінің 2-ші қиылысы, 7-а
Қабылдау бөлімі: 8 (7262) 43-69-00,
43-69-04, Факс: 43-69-04
Тілшілер: 43-69-06
Бухгалтерия: 43-69-08
Мекен-жайымыз:
Редакция
телефондары:
Мақала авторы пікірінің редакция көзқарасын білдіруі міндетті емес
Жарнама мен хабарландырулардың мəтіні мен тіліне жарнама
беруші жауапты
Газетте жарияланған материалдар мен суреттерді сілтемесіз көшіріп
басуға болмайды
Редакция оқырман хаттарына жауап бермейді, оны қайтармайды
жəне авторлар қолжазбасы өңделеді
Көлемі бес компьютерлік беттен асатын материалдар
қабылданбайды
Кейбір суреттер интернет сайттарынан алынды
Таралымы 10085
Кезекші редактор
Жасұлан СЕЙЛХАНОВ.
АҚШАМ
АҚШАМ
Өткен сабақта біз ағылшын тілінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне, қоршаған
орта тақырыптарына тоқталған болатынбыз, ал бүгінгі сабақ спорт жайында болмақ.
19-cабақ
Тілашар – Language learning
"ÀÐÀÉÄÀÍ"
"ÀÐÀÉÄÀÍ"
ÀFÛËØÛÍ ÒIËIÍ
YÉÐÅÍÅÉIÊ!
ÀFÛËØÛÍ ÒIËIÍ YÉÐÅÍÅ
ÉIÊ!
Айдарды жүргізетін
Арайлым ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,
Тараз қаласындағы №53 орта мектебінің
ағылшын тілі пəнінің мұғалімі.
БІЗДІҢ ӨМІРІМІЗДЕГІ СПОРТ. (SPORTS IN OUR LIFE)
ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ
1-7 қыркүйек аралығына
арналған астроболжам
Тоқты. 21.03-20.04.
Көптеген Тоқтылар тiршілiк əлеуеті төмен деңгейде тұрады, бiрақ өзіңізге қабылдаған
мiндеттемелеріңізді алған орындау үшін көп жұмыс iстеуге тура келді, алайда бұл өз абыройыңызды
бекiтуіңізге, жетекшiлермен қатынасыңызды жақсартуыңызға дер кезiнде көмектеседі. Тоқтылар
өз мінез-қылығын, өршілдігін тежеуі керек, себебі бұл бастықпен қатынасты ауырлатып жібереді.
Дегенмен бұл мерзiмде Тоқтыларды жағымды сəттер күтiп тұр.
Торпақ. 21.04-21.05.
Үйде осы кезеңде жаңалықтар мен жағымды шаруалар, сонымен бiрге өз бұрынғы арманыңызды жүзеге
асыру, бауырларыңызбен, ескi сүйіктілеріңізбен үзілген байланысты қалпына келтiру мүмкiндiгi күтiп
тұр. Бұл сондай-ақ өз балаларыңызбен шұғылдануға, болашағын ұйымдастыруға, оларға пайдалы
машықтарды үйретуге оңтайлы кезең. Көптеген Торпақтар отбасылық бақыттан, жайлылықтан рақат
көруге ұмтылады, сондықтан өз жақындарының қамын жеуге тырысады. Торпақтар осы мерзiмде өздерiн
барлық жағынан қорғалғанын сезеді.
Егiздер. 22.05-21.06.
Көбiңiз үй жайлылығына, жақындарыңыз жəне сүйіктілеріңізбен қарым-қатынасқа əуестенесіздер,
бұл сiзге күшті ғана емес, қаржыны да үнемдеуге мүмкiндiк бередi. Бiрақ айналаңызда жарқын да бірегей
оқиғалар, кездесулер орын алып, қолтума ойлау қабілеті бар жаңа таныстар, қызықты адамдар пайда
болады. Егiздердiң өздерi де зияткерлiк жағынан белсендiлік танытып, сондықтан бұл оқуға ашық, жұрт
алдында сөз сөйлеуге, жаңа байланыстарды орнатуға оңтайлы мерзiм. Егiздердiң айналасында жаңа
таныстарының пайда болуы өмiрдің жаңа перспективалық салаларының есiгiн аша алады.
Шаян. 22.06-22.07.
Бұл Шаяндар үшiн сыйақыны алып, жаңа табыс көздерiн тауып, таныстарыңыз бен бауырларыңыздың,
жаңа байланыстарыңыздың арқасында күтпеген жерде байып кетуге болатын толық үйлесімді кезең.
Шаяндардың делдалдық қызметі, ақпаратты пайдаланып қалу шеберлігі аса сəттi де пайдалы болмақ.
Бұдан басқа, осы уақытта ұтыстардың, сəттi сатылымдардың, сонымен бiрге дивидендтердi алудың
ықтималы жоғарылайды. Жалпы Шаяндар бастама көтерiп, өзгерiстерден қорықпай, тəуекел етiп,
батылырақ қимылдауы керек, бұл баюыңызға ғана емес, өмiріңізді түбегейлi өзгертуіңізге де көмектеседi.
Арыстан. 23.07-23.08.
Арыстандардың көпшiлiгі қуатының жетiспейтінін, сонымен бiрге ғарыш-биологиялық
факторлардың терiс əсерін сезеді, сондықтан бəрі қолыңыздан келе бермейді, көңiл қалып, көзқарас
пен мiнез-құлқыңызды өзгерту қажеттiлiгі туындауы мүмкiн. Бiрақ бұл ретте материалдық тұрғыда
өз табыстарыңызды көбейтiп, пайдалырақ жұмысты таба аласыз. Расында, Арыстандардың
айналасындағылардың бəрі бірдей iскер қызығушылығымен бөліспейді, сынға, кедергiге ұшырауы
мүмкiн.
Бикеш. 24.08-23.09.
Осы кезеңде əлеуметтiк белсендiлiгiңiз оянады, Көптеген Бикештер қоғамдық ұйымдарға, мүдделік
клубтарға кiріп, қайырымдылықпен шұғылдана алады. Сүйкімділігіңіз артады, дербес iскерлік
байланыстар орнатасыз. Бұл сыртқы келбетіңізбен, денсаулығыңызбен шұғылдануға, гардероб
жаңартуыңызға лайықты уақыт. Аса тұрақсыз болатын əрiптестiк қатынастар өзгертеді, Бикештер
қаржылық тұрғыда тəуелсіз бола алады. Бұл уақытта шығармашылық қабiлетiңiз өседі, даралық,
бастамашылық танытып, жаңа қызықты жобаларды басқара аласыз.
Таразы. 24.09-23.10.
Осы аптада тiршілiк белсендiлiк төменгi деңгейде болады, енжар мiнез-құлық танытуға,
қамқорлықтың бiр бөлiгiн бөтендердің иығына ауыстырып қоюға себеп болады. Бұдан басқа,
Таразылар алаңғасарлық, ұмытшақтық көрсетеді, бұл қателердi, бұрыс амалдарды туындатады,
айналаңыздағылардың ашуландырады. Үй шаруалары, құрылыс, жөндеу жұмыстары,
шек қоятын факторларды еңсеру қажет болады, бұл үлкен шығындармен жəне ақшамен
сүйемелденеді.
Сарышаян. 24.10-22.11.
Сарышаяндардың көпшiлiгi жігерлі, іскер, өздерiне сенiмді болады, энергетикалық əлеуетіңіз, артады,
бұл өмiрде батыл əрекет етуiңізге жəрдемдеседі. Тапқырлық пен тым белсендiлiк шаруаңызды
демейдi, бiрақ Сарышаяндарды бағынуға көнбейтiн адамдарға айналдырады, бұл бастықпен
қатынасты əжептəуір ауырлатады. Бұдан басқа, осы кезеңде адасу, қате əрекет жасау қаупі бар,
бұл Сарышаяндардың абыройына əсер етіп, сонымен бiрге сенiмдiлiгiн төмендетеді.
Мерген. 23.11-21. 12
Мергендерге қаржы тұрақтылығын сүйемелдеу үшiн көп жұмыс iстеуге ғана емес, сондай-
ақ кейбiр негiздердi құрбандық етуіне, жаныңызға жақпайтын шаруаны бастауына тура келеді.
Мергендердің мансабы жетiлетiні соншалық, бұл сізге жоғары қызметті, тұрақты жалақыны ұсына
алады. Бiрақ бұл ретте ескi аяқталмаған жобаларымен, мəселелермен шұғылдануыңызға тура
келеді, көптеген Мергендер өздерін шығармашылық жағынан тəуелсіз əрі азат сезінуге мүмкiндiк
бермейтiн қайталанбас тағдырын байқайды.
Тауешкі. 22.12-20.01.
Басатын апта Тауешкілер үшiн - көп нəрсе қолыңыздан жетiстiк пен шығармашылық уақыты,
сондықтан келетін 5 қыркүйекке дейiн өз жоспарларыңызды жылдамдатуыңыз керек.
Белгiңiздегi адамдардың əлеуеті, шығармашылық рухани əлеуеті өседі, өз əлеуетіңізді аша
аласыз. Осы уақытта тiршілiк күшінен нəр аласыз, сондықтан өмiрдiң белсендi де қарбалас
ырғағына төтеп бересіз. Аптаның соңында жанжалдар орын алуы мүмкiн, серiктестеріңіздің,
жақын адамдарыңыз бен достарыңызға көбірек назар аударуыңызға тура келеді.
Суқұйғыш. 21.01-19.02.
Суқұйғыштардың тiршілiк қуатының аздығын сезедi, жалқаулық, көңіл көтеріп, ештеңе
ойламауға талпыну пайда болады. Бұл ретте Суқұйғыштар ерекше күйдi бастан өткеріп, əулиелiк
түс көреді, оқиғаны болжалдай алады. Осы уақытта аса қызықты ақпаратты немесе жаңа жұмыс
туралы ұсынысты ала аласыз. Жалпы жұртпен қатынасу сiз үшiн өте сəттi əрі пайдалы болады.
Суқұйғыштарға адал серiктестері ертеңге деген сенiмiн табуына жəрдемдеседi, түсiнушiлiк пен
қолдауды сезесiз.
Балық. 20.02-20.03.
Көптеген Балықтар тұрақсыздық күйде болады, тiршілiк қуаты деңгейінің əжептəуiр жоғары
болуына қарамастан жалқаулыққа берiлiп, əлсіздікке бой алдырасыз. Бұл негiзiнде Ғарыштың
теріс қуатының əсерінен туындайды. Дегенмен бұл уақытта өз тұрмыс жағдайыңызды жақсарту
мүмкiндiгi, пысықтық пен тапқырлықты, сонымен бiрге жақсы ұйымдастыру қабiлетiн керек
ететiн күтпеген iскерлік ұсыныстар пайда болады. Балықтар жақсы үгiтшiлер болып, кез-келген
адамның жүрегіне жолды оңай таба алады.
Сырсарай
Қуаныш АХМЕТОВ, күйші
«ЖҰМЫС ТАППАЙ ЖҮРГЕН
ЖАСТАР АУЫЛҒА КЕЛСІН!»
– Қуаныш, киелі Əулиеата жеріне сонау
Семейден
келгеніңді
білеміз.
Ата-анаң,
бауырларың сол жақта екен. Бірақ, шығысқа
ертеректе Жамбылдан көшіп барғандарыңнан
хабардармыз.
Əңгімені
өзің
өсіп-өнген
жеріңнен бастасақ...
– Талас ауданы Қаратау қаласында дүниеге
келдім. Бірақ, Қаратауда туылғаныммен 1990
жылы мектеп табалдырығын Жаңатас қаласында
аттадым. Ата-анамның жұмыс жағдайы солай
болды. Кейін бойымдағы музыкаға деген
жақындығымды сезген əке-шешем сондағы
Чайковский атындағы музыка мектебіне оқуға
берді. Бұл мектепті бес жыл оқуым керек еді. Бірақ,
кейінірек тағы да үйдегілердің жұмыс ыңғайымен
мен 9-сыныпта оқып жүргенімде Семейге көшуге
тура келді. Осылайша, 10-11 сыныпты жəне
музыка мектебінің қалған екі жылын сол жақта
тəмамдадым.
– Бойыңдағы күйшілік өнер қалай
байқалды? Жалпы, сендегі музыкаға деген
əуестік, қызығушылық қайдан келген?
– Əкемнің айтуынша, үлкен атам ағаштан
көптеген бұйымдар жасаған қолөнер шебері
болған екен. Əсіресе, ол кісі көбіне домбыра
жасаумен айналысқан. Осындай қасиетке ие
адамның домбыра шерте алмауы мүмкін емес
қой. Керемет жұлдыз болып кетпесе де аздап күй
шертіп, «əу» деп қоятын əдеті болған көрінеді.
Осы атамның бойындағы күйшілік өнер, туған
бауырларымның ішінен маған ғана қонған сияқты.
Өйткені, қалған бауырларымның өнерге мүлдем
жақындығы жоқ.
Ал, енді музыкаға жақындығымды алғаш ата-
анам байқапты. Ойын баласы əр нəрсені бір ұстап,
қызық қуып шапқылайды да да жүреді ғой. Ал,
мен қатты заттарды қолыммен ұрып, барабанның
дыбысын, болмаса түрлі музыкалық дыбыстар
шығарып ойнайды екенмін. Міне, осылайша мені
ата-анам музыка мектебіне алып келіпті. Содан
бері, осы күйшілік ортаның тайқазанында қайнап
жүрміз. Қысқасы, мен өнерді, оның ішінде күйшілік
жолды таңдағаныма еш өкінбеймін.
– Жалпы, күйшілікті оқымай-ақ дамытуға
болады ғой. Оған тарих куə. Дегенмен, бүгінгі
сан қырлы музыка саласы үшін сауаттылық
қаншалықты керек деп ойлайсың?
– Күйші атану үшін домбыра шерте алып,
əн айтуға деген əуестігің болса жетіп жатыр.
Расымен де күй шертуге деген қабілетіңіздің
бар болғанының өзі дарынды білдіреді. Кезінде
қазақта өткен небір күйшілердің музыкалық
сауатының болмағаны айдан анық нəрсе, өйткені,
ол кезде «дала мектебінен» басқа мектеп
болмады ғой. Адамдар есту, оны жадында ұстау
қабілеті арқылы бұл өнерді ғасырдан ғасырға
жеткізіп келген. Ал, қазір барлық мүмкіндік бар.
Сондықтан, нотаны білгеннің, музыканың өзге де
қыр-сырын меңгеріп алғанның артығы жоқ. Егер
музыкалық сауатың болса, үйренген күйлеріңнің
қатарын арттыра аласың, екінші жағынан
нотаға түскен күй түпнұсқадан ауытқымай
сауатты орындалады. Оның үстіне көп күйді
меңгергендіктен, кейде ұмытып, я шатастырып
алған жерлеріңді нотаға қарап-ақ тауып аласың.
– Өзіңнің музыкалық білімің қай деңгейде
қазір?
– Семейдің музыка мектебін бітіріп шыққан
соң сол қаладағы Мұқан Төлебаев атындағы
музыкалық колледжге домбыра өнері бойынша
оқуға түстім. Ол жерде ҚР еңбек сіңірген
мəдениет қайраткері Серік Малаевтан сабақ
алдық. Колледжді 2004 жылы бітіріп шыққан
соң Семейдегі Мəдениет үйіне жұмысқа тұрып,
алғашқы еңбек жолымды бастадым.
– Əрине, түсіне білген адам үшін
колледждің білімі аздық етеді. Оның үстіне
оқу орны жоғарылаған сайын білім көкжиегі
кеңейе түспек. Алдағы уақытта кəсіби біліміңді
тереңдету ойыңда бар ма?
– Міндетті түрде оқимын деген жоспарым
бар. Өйткені, қазақ халқының күйлері бірнеше
мектепке бөлінеді ғой. Міне, осы мектептердің əр
қайсысының өзіне тəн ерекшеліктерін меңгергім
келеді. Сол арқылы күйшілік білімімді тереңдете
түссем деген ойым бар. Таразда өткен бір
байқауда күй шертуіме тəнті болған Алтынбек
Қоразбаев ағамыз маған байқау соңында батасын
беріп, білімімнің орта деңгейлі екенін білген соң
Алматыға оқуға түсуге ұсыныс тастады. Алайда,
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша
бес жылға арналған үш жақты келісім шартқа
қол қойып қойған соң, белгілі композитордың
ұсынысын орындай алмадым. Өйткені, ол
келісім уақытының аяқталуына əлі үш жыл
бар. Оны бұзуға болмайды. Бірақ, осы шарт
аяқталған соң Алматы, не Астана қалаларында
консерваториядан білім алу ойымда бар.
– Қаратауда дүниеге келіпсің, Жаңатаста
алғаш əріп таныған екенсің. Бірақ, Қордайға
еш қатысың жоқ екен. Мемлекеттік бағдарлама
жұмыс тауып берген кезде неге өз туған
өлкеңе қарай жол тартпадың?
– Елбасымыз кезекті бір Жолдауында
жастарды ауылға шақырған «Дипломмен ауылға»
бағдарламасы жайлы кеңірек айтқан еді. Осы
Жолдаудан алған əсерім болар, ауылға кетсем ба
деген ұйғарымға келдім. Сөйтіп, Қордай ауданын
таңдадым. 2010 жылы аудандық Мəдениет үйіне
жұмысқа қабылдандым. Келгелі жаман болмадық.
Бір реттік көтерме сыйақымызды алып, 2012
жылы осы бағдарлама аясында екі бөлмелі пəтер
алдым. Жалпы, бұл бағдарлама ел жастарының,
ауылдың болашағына салынып жатқан үлкен
инвестиция ғой. Сондықтан, қалада жұмыс
таппай жүрген бауырларымыз ауылдарына, ең
болмаса көрші ауылдарға келіп, мамандығымен
еңбек етсе, біраз əлеуметтік мəселелері шешілер
еді.
–
Өз
Достарыңызбен бөлісу: