Экосфераның әлеуметтік экономикалық факторлары



бет3/4
Дата10.12.2023
өлшемі71,62 Kb.
#136064
1   2   3   4
Байланысты:
11 апта Ерболов

Мұнай өндірісі.

  • Мұнай өндірісінің ландшафттарға əсері сарқылатын қорды жер қойнауынан өндіру жəне жеке табиғи компоненттерге əсер ету кезінде байқалады. Жер қойнауынан мұнайды өндіру кезінде жерасты жəне қабатастар суларының деңгейі төмендейді, қабатаралық қысым төмендейді, топырақ-өсімдік жамылғысының тұтастығы бұзылады. Батыс Қазақстандағы мұнай ұңғымалары мен қондырғыларына жолды қалай болса солай сала бергендіктен жол дигрессиясына ұшыраған аумақтар көп, ол өз кезегінде жел эрозиясына əкеп соғады. Мұнайды өндіру кезінде ойыс жерлерге төгу де сол жерлердің экожүйелерінің топырақ-өсімдік компоненттерін толық жойып жібереді. Мұнай өндіру кезінде табиғи газ да шығады. Батыс Қазақстанның көптеген мұнай өндіріс орындарында бұл отын текке жағылып жатыр. Бұл бір жағынан сарқылатын қорды текке жағып азайту болса, екінші жағынан атмосфераны толық жанбаған көмірсутек өнімдерімен ластау.

Қара жəне түсті металлургия.

  • Металлургия өнеркəсіптері қоршаған ортаға жан-жақты, əрі қатты əсер етеді. Ол өнеркəсіптер цехтар, транспорт шаруашылығы т.б. құрылғылар орналастырылуына жəне суды көп қажет ететіндігіне байланысты үлкен аумақты қамтиды. Мысалы, мыс кенін байыту жəне мыс алу кезінде бір тонна өнім алу үшін сегіз тонна су қажет. Байыту фабрикаларында флотация өнімдерімен – майлармен, спирттермен, фенолдармен ластанған су өзендерге, көлдерге, су қоймаларына ағызылады.

Химиялық жəне мұнай өңдеу өндірісі.

  • Химиялық жəне мұнай өңдеу өндірістерінде өнім алу үшін су мол қолданылады. Минералдық тыңайтқыштар өндіру үшін күкірт қышқылы қолданылады, ол қоршаған ортаға өте зиянды зат. Дегенмен, қоршаған ортаға зор экологиялық зиян келтіретін өндіріс орталықтарындағы (Атырау, Тараз, Павлодар, Шымкент, Теміртау, Өскемен) кəсіпорындардың атмосфералық ауаға түсіретін техногендің ластауыштары.

Машинажасау.

  • Бұл саланың ландшафттың табиғи компоненттеріне келтіретін зияны салыстырмалы түрде шамалы. Ол зиян негізінен қала ландшафттарындағы қондырғылары мен құрылымдарының кең аумақты қамтитыны жəне топырақ пен өсімдік жамылғысын, жерасты мен жербеті суларын жəне атмосфераны біршама ластауынан байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет