Эксперименттік есептерді шығару әдістемесі



бет3/19
Дата12.02.2023
өлшемі0,92 Mb.
#67211
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
СРСП.Іргелі ұғымдар (1) (копия)

Мысалы:
Сызғыштың көмегімен судың стакан түбіне түсіретін қысымын өлшеу.
Электр лампасының тұтынған тогының қуатын анықтау.
Тақырыбы және орындалу тәртібі фронтальдық зертханалық жұмыстарға (пара-пар) сәйкес келетін, басқаша айтқанда, мақсаты және қойылуы бірдей, орындау реті және экспериментте алынған нәтижені сараптау тәсілі ұқсас, эксперименттік тапсырмаларға мысалдар келтірейік.
3 - дәріс. Оқушыларды бағалау әдістері. (2-сағат)

Оқушыларды бағалау табысты оқытуда тиімді болып табылады. Бақылау мен бағалау оларды қолдану мен әдістемелік нұсқауларды жүргізу түрлеріне де байланысты болады. Соған орай мұнда әртүрлі функцияларды да атқара аламыз. Бақылаудың қай түрі болмасын мұнда оқушылардың жан – жақты дамуы бірінші орында тұруы керек.


Бақылау оқушылардың жеке қасиеттерін анықтауға: дәлдік, беріктік, әмбебаптық, жүйелілік және білімді практикада қолдана білу, практикалық білім мен білік, дағдыны қалыптастыруға көмектеседі.
Бақылау түрлеріне тоқталып өтейік:
Бірінші түрі физикалық диктант 10-15 минутқа арналған бақылау түрі. Оған физикалық шамаларды анықтауға, оларды өлшеу бірліктеріне арналғанфизиканың сол тарауына байланысты заңдардың формулаларына сәйкес сұрақтар, бірінші деңгейдегі немесе құбылыс анализін қажетсінбейтін сапалық есептер енеді. Мәселен, диктант сапасына қойылатын критерийлерін қарастырсақ: 85-100% дұрыс жауап – «5» (өте жақсы); 70-84% - «4» (жақсы); 50-69% - «3» (қанағаттанарлық); 50% төмен - «2» (қанағаттанарлықсыз). Жалпы сұрақтар саны – 20-25. мұнда кей сұрақтарда абсолют дұрыс деп бағаланатын жауаптар да кездеседі, сондықтан дұрыс жауаптарды «+» (плюс); дұрыс еместерін – «-» (минус); дұрыс мәліметті қамтитын жауапты - «±» (плюс-минус) деп белгілеуді қарастыру керек. Қорытынды пайызды шығару үшін «плюстер» мен «минустерді» есептеп, екі «±» «абсолют» дұрыс деп алуға болады.
Физикалық диктанттың көмегімен оқушылардың материалды игеруін тексеруге болады, онсыз оқушылардың материалды игеруін тексеру қиын болады.
Ең басты артықшылығы оперативтілігінде - оқушылардың материалды игеруін тексеруге уақыттың аз жұмсалып, көп мәлімет алуға болатындығында.
Екінші түрі – 15-20 минуттық өзіндік жазу жұмыстары. Олардың көмегімен оқушылардың өтілген материалды қай деңгейде игергенін тексеруге (сабақтың басында) және көмегімен оқушылардың жаңа материалды қай деңгейде игергенін тексеруге (сабақтың аяғында) болады. өздік жұмыстарға қиын және ауыр есептерді беруге болмайды. Сапалық және графиктік есептер беру тиімді. Бағалау үшін «2» - ден «5» - ке дейінгі бағалар қойылады.
Үшінші түрі - негізгісі – бақылау жұмыстары. Олар көп өткізілмейді, негізінен қорытынды есебінде ғана, үлкен тарауды бітіргенде, тоқсан немесе жылдық бағалауда жүргізіледі. Бұл дәстүрлі бақылаудың ерекшелігі - тапсырманы мұқият құрастыру керек, бүкіл сыныпты бағалау мүмкіндігі, біркелкі сынақтан өткізу, қателерді анализдеу мүмкіндігі. Мұнда бақылау жұмысы кезінде мұғалім оқушыларға көмек бере алмайды, тек қателер үстінде жұмыс жасауда ғана көмектесуі мүмкін. Сонымен бірге оқушылардың өтілген материалды қай деңгейде игергенін тексеруге, олардың проблемаларды талқылауына мүмкіндік жоқтың қасы.
Төртінші түрі бұл жоғарыда аталған үшеуінен логикалық түрде шығатын нұсқасы, ең қиыны бұл тақтаға шығу, есепті дәптерге шығару, үй тапсырмасын орындау және тексеру. Тақтаға оқушыларды шығару барысында күшті және әлсіз оқушылардың мүмкіндіктерін ескеріп отыру керек.
Бесінші түрі – оқушылардың өздерінің есептер құрастыруы.. бұл есептерді мұғалім өзі анализдеп, тексеріп отыруы керек. Ең дұрысы оларды бүкіл сыныппен шешу болып табылады. Оқушылар жолдастарының қателерін өздерінің тапқандары да дұрыс болып табылады.
Соңғы кезде әртүрлі жауаптарды таңдау арқылы бақылау түрі де - тесттер көп қолданылады. Оған енетін есептерді мұқият қарастыру керек, себебі олрды шығаруға бөлінетін уақыт шектеулі болады.
Тесттер бірқатар сұрақтар мен олардың жауаптарынан тұрады, мұндай тесттердің өзіндік ерекшеліктері бар, мысалы жауап нұсқалары оқушылардың өзінше терең ойлауына мүмкіндік бермейді. Білімділік бірыңғайлылығы мен жауаптардың біркелкілігі туындайды.

4 – дәріс. Математикалық түрлендірулер. (2- сағат)


Жуық есептеулер ережелерін оқушылар математика курсынан да біледі. Бірақ бұл есептеулер негізінен физика пәнінен өте көп қолданылады. Бұл шешімдер оңайлықпен келе бермейді, сондықтан есеп барысында оқушылар көп қиналады.

  1. Дөңгелектеу цифрларды лақтыру арқылы жүзеге асады, егер алғашқы сандар 5-тен аз болса (мысалы, 65,34≈65).

Егер соңғы сандар 5 тен үлкен болса, онда соңғы сан бір бірлікке артады. (мысалы, 35,757≈35,76≈35,8≈36).

  1. Математилық амалдар

    1. Қосу мен азайтуда:

23,2+0,042+7,247≈23,2+0,44+7,25=30,89≈30,9





    1. Көбейту мен бөлуде:

30,9*1,8364≈30,9*1,84=56,856≈56,9.





    1. Дәрежеге көтеруде:

(11,38)2 = 129,5044≈129,5.

    1. Түбірден шығаруда:

=1,723≈1,72.

    1. Логарифмді табуда:

3,92=1,3661≈1,37.

    1. Дөңгелектеуді аралық нәтижелерде қолдану:



    1. Қарапайым есептеулерді ауызша жүргізіп, аса қиындарына калькулятор қолданса болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет