7 –дәріс. Молекулалық физика есептерін шығару әдістемесі. (8-сағат)
Бақылау сұрақтары:
Идеал газдардың молекула-кинетикалық теориясының негіздері.
идеал газдардың күй теңдеуін газ заңдары негізінде шығарыңдар.
Ішкі энергияның жұмыс пен жылу мөлшерінен айырмашылығы неде?
Жұмыс пен жылу мөлшерінің бір - бірінен айырмашылығы неде?
Цикл деген не?
«p-V» координатасындағы цикл жұмысы неге тең?
Жылу машинасының блок-схемасы.
Мұздатқыш машинаның блок-схемасы.
Карно циклі және оның ПӘК-і.
Қаныққан және қанықпаған булардың айырмасы.
Беттік керілу
Капиллярлық
Тапсырмалар:
Оқушылардың дәріс бойынша білімдерін тексеріңдер.
Тақырыптық есептерді қарастырыңдар.
оқушыларда есепті шығара білу қасиетін қалыптастырыңдар.
Табылған шешімнің дұрыстығын шамалардың өлшеу бірліктерін тексеру арқылы анықтауға болады.
Алынған нәтижені тексеру және анализ жасау арқылы анықтауға болады.
Тексеріп, жауапты беру керек.
«Молекулалық физика» тарауын оқу МКТ-ның негіздерінен басталады.осы тараудың есептерін шешудегі негізгі танымдық процесс теорияны ұғынудан басталады. МКТ – ның негізгі ұғымы «молекула». Ол ұғымды түсіну үшін өлшем, масса, моляр масса, салыстырмалы масса және тағы басқаларын білу керек.
Мысал келтірейік.
4-есеп Ауданы 20 см2 бұйымға қалыңдығы 1 мкм күміс жалатылған. Жабынды қабатқа қанша күміс атомы кетті?
Қабаттың көлемін біле отырып, оның массасын табамыз.
. (1)
Молярлық масса мен Авогадро санын біле отырып, күміс молекуласының массасын анықтаймыз:
. (2)
Демек, . (3)
есептесек:
Жауап: күміс атомы 1,2*1020.
5-есеп. Оттегі молекуласының концентрациясын табу керек. Оның қысымы 0,2 МПа, ал орташа квадраттық жылдамдығы 700 м/с.
(1)
Бұдан
, (2)
молекула массасы (3)
демек, . (4)
есептеп: .
Бірліктерін тексергенде:
.
Жауап : оттегі молекула концентрациясы .
6 - есеп. Қалыпты жағдайдағы ауа тығыздығын біле отырып, ауаның мольдік массасын табыңдар.
, (1)
немесе , (2)
бұдан . (3)
өлшем бірліктерін тексергенде:
.
есептегенде:
.
Жауап : .
Менделеев-Клапейрон теңдеуіне арналған есептерді шешу әдістемесі
Идеал газ күйі Менделеев-Клапейрон теңдеуімен сипатталады. Газ заңдары (Бойль-Мариотт; Гей-Люссак; Шарль) масса және үш параметрлердің бірі тұрақты болғандағы изопроцестерді сипаттайды. Сәйкес есептердің мағынасы: газдың бір немесе екі күйі қарастырылады.
Есептерде шешуде аналитикалық, графиктік және кестелік әдістерді қолдану тиімді.
7-Есеп. Идеал газдың кей массасында суреттегідей тұйық процесс пайда болды. 1-2, 2-3, 3-4, 4-1 ауысуларда газ көлемі қалай өзгерді.
1-2 – изохора (Шарль заңына орай), демек бұл ауысу
жүзеге асады
2-3 – изобара, және (, Гей-Люссак заңы бойынша) артса, көлем де асады.
3-4 теңдеуі (изопроцесс емес): , , бұдан, егер кемісе, онда артады, кемиді, ал көлем артады.
(4-1) ауысуда (); егер кемісе, кемиді.
8-Есеп.
Бу турбинасының қазанын жағу үшін 1 кВт*сағ энергияға 0,35 кг дизель отыны жұмсалады. Турбинаға келетін температура 250 оС, суытқыш температурасы 30 оС. Турбинаның ПӘК тауып, оны дәл сондай табиғи жағдайларда істейтін идеал жылу машинасының ПӘК-мен салыстырыңдар.
. (1)
. (2)
Есептегенде:
.
9-Есеп
Кешкі 16 оС температурада ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55%. Егер түнде температура 8 оС дейін төмендесе шық түсе ме?
, (1)
бұдан
. (2)
.
Демек бу қаныққан болатындай қысым туғызылмайды.
Жауап : түнде шық түспейді.
10 - есеп Радиусы 0,5 мм капилляр түтікпен сұйықтық 11 мм биіктікке көтерілді. Егер оның беттік керілу коэффициенті 22 мН/м болса, онда осы берілген сұйықтықтың тығыздығын тап.
Егер капилляр түтіктегі сұйықтық көтерілген болса, онда ол қатысты денеге сай жұғатын болады.
Егер шеткі бұрыш көрсетілмесе, демек автор сұйықты абсолют жұққыш және оның беткі қабаты жарты сфера пішінді деп есептеген.
Тепе – теңдік шартында:
, (1)
мұнда , (2)
беттік керілу күші.
, (3)
Капиллярдағы сұйықтыққа әсер ететін ауырлық күші.
Демек, , . (4)
Жауап: сұйықтық тығыздығы
Достарыңызбен бөлісу: |