▪
Шикізаттың кеуектілігі – осы фактор шикізаттың морфологиялық құрылысына
байланысты. Оған клеткалық мембраналарда (яғни қабырғаларда) поралардың
диаметрі мен саны жатады. Ол өсімдіктердің түріне (атауына) және
олардың
органдарына (мысалы: дәндер, жемістер, тамырлар, жапырақтар) байланысты
болады, себебі берілген шикізаттың құрамындағы экстрактивті заттардың
табиғатыда өте маңызды болады.
▪
Дегенмен, экстракциялау процессіне бірқатар факторлар әсер етеді. Олар
басқарымалыға және басқарылмайтынға жатады. Оларды реттеп процесстің
жылдамдығын және сірінділеу толықтығын жақсартуға болады.
Экстракциялау процесінің сірінділеу
жылдамдығына әсер ететін факторлар:
Бұл тәсілдердің көбісі әртүрлі модификациялар түрінде
қолданылады да, экстракциялау мерзімі, шикізатты экстракторларда
бөлу әдістері, аппаратуралар бойынша ажыратылады. Олар
статикалық және динамикалық тәсілдер деп екі топқа бөлінеді.
Статикалық тәсілдерде
экстрагент шикізатқа үздікті
жіберіледі, ал сығынды бір
немесе бірнеше рет
қабылданып алынады.
Динамикалық тәсілдерде
шикізат пен экстрагент
үздікті жіберіледі де,
сығынды үздіксіз
қабылданып алынады
немесе шикізатты,
экстрагентті жіберу мен
сығындыны қабылдап алу
үздіксіз жүргізіледі.