▪
Ремацерация немесе бөлшекті мацерация.
Бұл – экстрагентті немесе шикізат пен
экстрагентті бөлшекке бөле жүргізілетін
мацерация тәсілінің бір түрі.
▪
Перколяция – (лат. percolatio - сүзу) динамикалық тәсілдерге жатады. Бұл тәсіл
бойынша шикізат арқылы экстрагенттің үздіксіз ағымы
өткізіледі, яғни, оның
өсімдік материалының қабаты арқылы сүзілу процессі жүреді.
▪
Реперколяция немесе көп қайтара перколяциялау. Бұл тәсіл алғаш рет АҚШ-та
ұсынылған болатын. Тәсілдің мәнісі мынада: шикізатты бірнеше бөліктерге бөліп, әрбір
келесі шикізат бөлігін алдыңғы шикізаттан алынған сығындымен перколяциялайды.
Бұл әдіс бойынша 3-5 немесе одан да көп перколяторлар батареясы қолданылады. Бір
перколятордан алынған сығынды келесі перколятордағы шикізатты сығындауға
қолданылады.
▪
Бұл тәсіл әрі қарай қойылтуды жүргізбей-ақ, концентрлі сығындылар алуға мүмкіндік
береді. Реперколяцияның 20-ға жуық әртүрлі варианттары бар. Біздің елде Н.А.
Чулковтың реперколяция тәсілі белгілі.