Экзаменационные вопросы Тіл біліміне кіріспе пәнінің мақсаты мен міндеті


Шартты таңбаларға қандай белгілер тән?



бет16/50
Дата27.01.2022
өлшемі57,76 Kb.
#24419
түріЭкзаменационные вопросы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50
Байланысты:
ТБК емтихан жауаптары (копия)

15. Шартты таңбаларға қандай белгілер тән?

Шартты таңбалардың қолдану өрісі тілге қарағанда әлдеқайда тар, хабарлау анағұрлым аз. Мысалы, бағдаршамның қызыл түсі «көшеден өтуге болмайды» дегеннен басқа еш нәрсе хабарлай алмаса, тіліміздегі қызыл деген сөз бірнеше ұғымды қамтиды: бірінші – түстің атауын, екінші – «ет» немесе «бидай» деген ұғымды, үшінші – «большевик» дегенді, төртінші – «қылша, қызылша» (корь) дегенді білдіреді;

Шартты таңбалар келісім бойынша қолдан жасалады, келісім бойынша өзгертіле алады. Мысалға қазақ тіліндегі Ұ дыбысын алалық. Ол дыбысты біз араб әліпбиін (алфабитін) пайдаланып жүрген кезде 9 әріпімен белгілеген едік. Кейін, яғни 1929 жылы латын әліпбиіне көшкенде оны U әріпімен таңбаладық. 1940 жылы орыс графикасына (кирилицаға) көшкен кезде әлгі дыбысты у әрпімен белгілеуге келістік. 1951 жылы аталған дыбысты (тағы да келісім бойынша) Ұ әрпімен таңбалауды жөн деп таптық. Барлық шартты таңбалар сайып келгенде дыбыстық тілге негізделеді, олардың мағыналары тіл арқылы айқындалады, тіл арқылы түсінікті болады. Мысалы, бағдаршамның қызыл түсін тіл арқылы: «қызыл шам - өтуге болмайды деген белгі» деп, қызыл шам өздігінен еш нәрсені білдіре алмаған болар еді. Сонымен тілдік таңбалардың қызметі, мәні зор екен; оның ауқымы кең. Шартты таңбалар тілдік таңбалардың қызметін атқара алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет