Экзаменационные вопросы Тіл біліміне кіріспе пәнінің мақсаты мен міндеті


Жауаптары Тіл біліміне кіріспе пәнінің мақсаты мен міндеті



бет2/50
Дата27.01.2022
өлшемі57,76 Kb.
#24419
түріЭкзаменационные вопросы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
ТБК емтихан жауаптары (копия)

Жауаптары
Тіл біліміне кіріспе пәнінің мақсаты мен міндеті

тіл білімінің де зерттейтін өзіне тән объектісі болады. Тіл білімі тілді, тіл мен ойлаудың байланысын және бұлардың басқа психикалық процестермен байланысын қарастырады. Тілді, соның ішінде сөйлеуді басқа ғылымдар да зерттейді. Олар: психология, физиология және логопедия. Тіл білудің екі түрі болады. Оның бірі – тілді практикалық жағынан білу, екіншісі – теориялық жағынан білу. Кез келген адам өзі сөйлейтін тілдің теориясын білмейді. Кейбір адамдар бірнеше практикалық тіл білуі мүмкін. Бірақ тілді теориялық жағынан меңгермесе, тілді практикалық жағынан білу жеткіліксіз болып есептеледі. Тілдің бүкіл байлығын толық меңгеру үшін, оның неше түрлі сырын толық тану үшін тілді теориялық жағынан білген жөн. Ал басқа тілдерді саналы түрде үйрену үшін ана тілінің теориясын жақсы білу керек. Міне, осы тілдің теориялық жағымен таныстыратын алғашқы ғылыми курс – “Тіл біліміне кіріспе” пәні.

Тіл білімі лингвистика (грек linqua - тіл), тіл және онын даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімінің зерттеу нысанасы - тіл. Тіл - адамның табиғи тілі. Тіл - таңбалар жүйесі. Тіл - қоғамның ең маңызды байланыс құралы. Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы болады. Осыдан келіп тіл білімінің салалары шығады. Тілдің осы аталған әртүрлі жақтары тіл білімінің тиісті салаларында қарастырылады. Мысалы, тілдің дыбыс жүйесі тіл білімінің фонетика саласында, сөздік құрамы лексикология саласында сөз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет