Экзаменационные вопросы Тіл біліміне кіріспе пәнінің мақсаты мен міндеті



бет13/50
Дата27.01.2022
өлшемі57,76 Kb.
#24419
түріЭкзаменационные вопросы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50
Байланысты:
ТБК емтихан жауаптары (копия)

қоғамына да қызмет етіп отыр.

Тіл белгілі бір топтың, айталық, не байдың, не кедейдің мұқтажын өтеу үшін емес, қоғамдағы барлық таптар үшін қызмет атқарады. Олай болса, тіл таптық сипатқа емес, жалпы халықтық сипатқа ие болады. Бұл - оның ең басты ерекшелігі.
12. Тіл мен ойлаудың бірлігі, айырмашылығы неде?

Тіл мен ойлаудың өзара байланысы туралы мәселе жалпы тіл білімінің ғана емес, сонымен бірге философия мен логиканың және психологияның ең күрделі мәселелерінің бірі болып саналады. Мәселенің күрделілігі ойлаудың табиғаты мен тілдің табиғатының өте-мөте күрделі болуымен байланысты. Тіл мен ойлау өзара байланысты. Дыбыстық тіл де, абстракты ойлау да адамға тән құбылыстар. Біріншіден, тіл де, ойлау да - адам миының туындысы, соның жемісі; екіншіден, тіл де, ойлау да - әлеуметтік құбылыстар. Тілде де, ойлауда да әлеуметтік және индивидуалды-биологиялық жақтар ұштасып, бір-бірімен бірлікте болады. Осы бірліктен тіл мен ойлаудың жалпы ерекшелігі көрінеді. Ой тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды. Ой арқылы, адам миының сәулелендіруші әрекеті арқылы тілдік единицалар объективті дүниенің заттары мен және құбылыстарымен байланысқа түседі, мұнсыз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы қатынасы мүмкін болмаған болар еді. Өйткені тілдік бірліктер болмыстағы заттар мен құбылыстардың аттары. Сондықтан да, біз: тіл – ойлаудың құралы, - дейміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет