Экзаменационные вопросы Тіл біліміне кіріспе пәнінің мақсаты мен міндеті


Сөз формаларының қандай түрлерін білесің? Олардың ерекшеліктері?



бет35/50
Дата27.01.2022
өлшемі57,76 Kb.
#24419
түріЭкзаменационные вопросы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50
Байланысты:
ТБК емтихан жауаптары (копия)

33. Сөз формаларының қандай түрлерін білесің? Олардың ерекшеліктері?

Сөз формалары деп - сөздің лексикалық мағынасына қосымша грамматикалық мағыналарды жамайтын формаларды ғана айтамыз.

Сөз формаларының екі түрі бар: 1) синтетикалық формалар, 2) аналитикалық формалар.

Сөздің синтетикалық формалары. Сөздің синтетикалық формалары аффиксация арқылы және ішкі флексия (дыбыстардың алмасуы) аркылы жасалады. Мысалы, стол - столы, ағыл. table (үстел) - tables (үстелдер). Бұл сөздердің көпше формалары аффикстер арқылы жасалып тұр. Аффиксация тәсілінің префиксация, инфиксация, суффиксация деген түрлері бар. Бұлар сөздің қай жерінен қосылатындығымен ерекшеленеді.

Сөздің аналитикалық формалары. Сөздердің аналитикалық формасы дербес (атауыш) сөз бен көмекші сөздің тіркесінен жасалады. Мысалы: келе жатыр. Бұл - екі сөздің тіркесі емес, форма емес, бір сөздің күрделі (аналитикалык) формасы; біртұтас грамматикалық бірлік. Кел дегенде лексикалық мағына бар, келе жатыр дегенде бұл жерде дербес лексикалық мағына жоқ. Ол алдыңғы толық мағыналы дербес сөзге тіркесіп, оған осы шақта мағына үстеп тұр. Бұл жағынан жатыр көмекші етістігінің қызметі келеді, келмек, келіпті, келген дегендердегі -е+ді, -мек, -іп+ті, -ген аффикстерінің қызметтерімен бірдей. Бұл аффикстердің қызметтері де - шақтық мағына туғызу. Орыс тіліндегі будет работать (келер шақ) деген де - аналитикалық форма. Ол сөзді работать - работал (өткен шақ) - работает (осы шақ) дегендермен салыстырсақ, бұл айтқанымыз дәлелдене түседі.

Қорыта айтқанда: Сөз әртүрлі формаларға ие. Ол формалар грамматикалық мағыналарды білдіреді. Сөз формаларының екі түрі бар: бірі - сөздердің синтетикалық формасы, екіншісі - сөздердің аналитикалық формасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет