31. Қандай грамматикалық категориялар бар? Олардың айырмашылықтары неде?
Грамматикалық категория — мағынасы біртиптес грамматикалық тұлғалардын бір-бірінен өзгеше жүйесі. Бұл жүйеде категорияландыратын белгі басты қызмет аткарады. Мысалы: шақ, жақ, етіс т. б. категориялардын жинақты мағыналары соларға сай тұлғалар жүйесін қалыптастыратын категориялық белгі болып тұр. Грамматикалық категорияны анықтауда мағыналық тұрғыдан қарап, оны бірінші қатарға шығару кен тараған
грамматикалық категория біртектес грамматикалық категорияларды білдіретін грамматикалық формалардың жиынтығынан құралады. Мұндағы біртектес грамматикалық мағыналар дегеніміз не? Ол – «бір грамматикалық категорияның жалпы мағынасы (әрбасқа емес) біреу ғана», - деген сөз. Мысалы, шақ категориясы шақ, өткен шақ, келер шақ формаларында көрінгенімен, олардың жалпы мағынасы біреу ғана, яғни шақтық (мезгілдік, уақыттық) мағына. Біртектес шақтық мағыналар әртүрлі грамматикалық формалармен беріліп, жалпы грамматикалық шақ категориясын құрап тұр. Еңдеше, «осы шақ категориясы», «өткен шақ категориясы», «келер шақ категориясы» деп атау қате. Ондай категориялар жоқ, бір ғана «шақ категориясы» деген бар. «Өткен шақ», «осы шақ» дегендер - грамматикалық мағыналар. Олардың әрқайсысына тән өзіңдік формалары болады. Шақ категориясы бір шақтан емес, күллі шақтардың мағыналары мен формаларының жиынтығынан құралады. Бұған қарап, белгілі бір грамматикалық категорияға кіретін грамматикалық мағыналардың бір-бірінен айырмашылықтары жоқ екен деп қалуға болмайды. Олардың айырмашылықтары да, ұқсас (ортақ) жақтары да бар. Мысалы, жақ категориясына енетін 1-2-жақ, 3-жақ дегендердің ұқсас жағы - жақтық мағынасы. Ал айырмашылықтары - 1-жақтың – «мен», 2-жақтың – «сен», 3-жақтың — «ол» дегендерді білдіретіндіктері.