Әл-ауқат және қауіпсіздік


Оқушыларға мына сұрақтарды қойыңыз



бет28/43
Дата27.09.2024
өлшемі1,14 Mb.
#145943
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43
Байланысты:
10-synyp d399l-aud29bat-zhd399ne-d29bauipsizdik

Оқушыларға мына сұрақтарды қойыңыз:


    • Қандай қаржылық дағдыларды ең пайдалы деп санайсыз?

    • Қаржылық сауаттылықты арттыру үшін қандай қадамдар жасай аласыз?

    • Қаржылық сауаттылықты қолдануға болатын нақты өмірден қандай мысалдар немесе жағдайларды келтіре аласыз?

    • Қаржылық тәуекелдерден қалай қорғануға болады?




  1. сабақ. Жеке және әлеуметтік жауапкершілік

Оқушылар:

    • әлеуметтік жауапкершіліктің қоғамның әл-ауқатына әсерін талдайды;

    • әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын ұсынады.



Сабақ барысы




Оқушылармен «жауапкершілік» ұғымын және жауапкершіліктің түрлерін талқылаңыз.


Жауапкершілік – бұл міндеттерді және өз іс-әрекеттерінің салдарын саналы түрде қабылдау.

Жеке жауапкершілік – бұл адамның өз іс-әрекетіне, шешімдеріне және мінез- құлқына жауапкершілігі. Жеке жауапкершілікке адамның өз іс-әрекетін және оның басқаларға әсерін сезінуі, өзінің қателіктері немесе сәтсіздігі үшін жауапкершілікті алу кіреді.


Әлеуметтік жауапкершілік дегеніміз қоғамды және басқа адамдардың әл-ауқатын жақсартуға саналы және белсенді қатысу. Басқа адамдарға қамқор болу, олардың құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеу, айырмашылықтарға әділ көзқарас, мұқтаж адамдарға қолдау және көмек көрсету; қайырымдылық және әлеуметтік бастамаларға қатысу, қоғамдағы теңсіздік пен әділетсіздікті жою. Әлеуметтік жауапкершілік экологиялық бастамаларға қатысуды, этикалық және моральдық нормаларды сақтауды, білім беруді, мәдениетті және ғылымды дамытуға қолдау көрсетуді, тұрақты дамуға және жалпы қоғамның әл-ауқатына атсалысуды қамтиды. Сондай-ақ оған әр адамның қоғамдағы өз рөлін түсінуі және оны дамытуға белсене қатысуы, әділетті және үйлесімді қоғам құруға ықпал етуі кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет