Әл-ауқат және қауіпсіздік


Әлеуметтік жауапкершілік түрлері



бет29/43
Дата27.09.2024
өлшемі1,14 Mb.
#145943
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43
Байланысты:
10-synyp d399l-aud29bat-zhd399ne-d29bauipsizdik

Әлеуметтік жауапкершілік түрлері:


    • Кәсіби жауапкершілік дегеніміз өзінің кәсіби міндеттерін жоғары жауапкершілікпен, адалдықпен және этикамен орындау. Бұған кәсіби стандарттарды сақтау, тұтынушылардың немесе серіктестердің құқықтары мен мүдделерін құрметтеу кіреді.

    • Экологиялық жауапкершілік қоршаған ортаға және табиғатқа қамқор болумен байланысты. Бұған ресурстарды, энергияны үнемдеу, шығарындылар мен ластануды азайту және қоршаған ортаны қорғау бастамаларын қолдау үшін шара қабылдау кіреді.

    • Азаматтық жауапкершілік дегеніміз өз елінің және оның азаматтарының алдындағы жауапкершілік. Қоғамдық-саяси өмірге қатысу, заңдарды сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және т.б.

Жауапкершіліктің әрбір түрінің өзіндік ерекшеліктері бар, бұл адамның өз іс- әрекеті мен міндеттеріне саналы түрде қарауды талап етеді.


(Қосымша ресурстар
https://studbooks.net/1178512/menedzhment/vidy_sotsialnoy_otvetstvennosti)

Қандай жағдайларда қылмыстық, тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылу қаупі туатынын талқылаңыз.


  1. тапсырма. «Жеке жауапкершілік» пікірталасы. Жеке жауапкершілік туралы пікірталас ұйымдастырыңыз. Оқушыларға мына сұрақтарды қойыңыз:

    • Жауапты болу деген нені білдіреді?

    • Жеке жауапкершілікке байланысты қандай артықшылықтар мен кемшіліктер бар?

    • Жеке жауапкершілік біздің өмірімізге және басқа адамдармен қарым- қатынасымызға қалай әсер етеді?

    • Жеке жауапкершілік пен әлеуметтік жауапкершілікті қалай көрсетуге болады?



Оқушыларды өз пікірлерін айтып, әртүрлі көзқарастарды талқылауға шықырыңыз.


Рефлексия. Қорытынды жасаңыз. Оқушылармен жеке және әлеуметтік жауапкершілігі бар тұлғаның қасиеттерін талқылаңыз: жауапкершіліктің артуы өмірде көмектесе ме әлде кедергі келтіре ме?
  1. тапсырма. «Әлеуметтік мәселелер». Оқушыларға 3-4 адамнан тұратын топтарда әртүрлі дереккөздерді пайдалана отырып Қазақстанның әлеуметтік мәселелеріне зерттеу жүргізуді ұсыныңыз. Оқушылар ұсынылған тақырыптардың бірі бойынша шағын жоба дайындайды (басқа тақырыптарды таңдауға болады немесе оқушылар өздері ұсына алады). Жобада олар әлеуметтік мәселелердің қоғамның әл-ауқатына


әсерін көрсетеді және әлеуметтік мәселелерді шешудің ықтимал жолдарын ұсынады.

    • Баспанасыздық. Тұрақты баспананың болмауы және негізгі өмір сүру жағдайларына қол жеткізе алмауы мәселесі.

    • Кедейлік. Байлықтың біркелкі бөлінбеуі және негізгі ресурстарға қолжетімділіктің шектелуі.

    • Жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың экономикаға және қоғамның әл- ауқатына әсері.

    • Білім. Сапалы білім алу мүмкіндігінің аз болуы.

    • Адам құқықтарының бұзылуы. Адам құқықтарының бұзылуының (зорлық- зомбылық, қысым көрсету және сөз бостандығын шектеу сияқты) қоғамдағы әл-ауқат пен теңдікке әсері.

    • Денсаулық сақтау. Сапалы медициналық көмектің қолжетімсіздігі және денсаулық сақтаудың қымбатшылығы.

Оқушылармен орындалған жұмыстарды және әлеуметтік мәселелерді шешу шараларын жүзеге асырудағы ықтимал мәселелерді талқылаңыз.


Рефлексия. Қорытынды жасаңыз.

  1. сабақ. Әлеуметтік белсенділік

Оқушылар:

    • әлеуметтік белсенділік дағдыларын талдайды;

    • әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын ұсынады.



Сабақ барысы

Оқушылармен әлеуметтік белсенділіктің жеке және әлеуметтік әл-ауқатқа қалай әсер ететінін және оны қалай көрсетуге болатынын талқылаңыз.


Әлеуметтік белсенділік дегеніміз қоғамдық өмірдің әртүрлі аспектілеріне қатысу және араласу.

    • Азаматтық және қоғамдық ұйымдарға қатысу. Коммерциялық емес ұйымдардың, қайырымдылық қорларының, жергілікті қауымдастықтар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің жұмысына қатысу арқылы өз қоғамыңызды дамытуға белсенді түрде үлес қоса аласыз.

    • Волонтерлік қызмет. Волонтерлік бағдарламалар мен іс-шараларға қатысу әлеуметтік мәселелерді шешуге, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге және қоғамда оң өзгерістер жасауға көмектеседі.

    • Дауыс беру және саяси қатысу. Сайлауда дауыс беру арқылы өз пікірін білдіру, қоғамдық пікірталастар мен акцияларға қатысу, саяси ұйымдарға қосылу арқылы саяси-әлеуметтік ортаны қалыптастыруға белсенді қатысуға болады.

    • Әлеуметтік кәсіпкерлік. Әлеуметтік мәселелерді шешуге және адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған жеке бизнес ашу немесе жобаны бастау – бұл әлеуметтік белсенділік пен кәсіпкерлік қабілеттің көрінісі.

    • Білім және хабардар болу. Әлеуметтік белсенділікке әлеуметтік үдерістер мен мәселелерді жақсы түсіну және осы мәселелерді шешуге белсенді қатысу үшін үздіксіз білім алу кіреді.

    • Құқықтар мен мүдделерді қорғау. Белсенді азаматтыққа өзінің және басқалардың құқықтарын қорғау, әділдік пен теңдік үшін күресу, адам құқықтары жөніндегі акциялар мен шараларға қатысу және т.б.



Белсенді азаматтық және әлеуметтік белсенділік бөлек дүниелер, сондықтан олар әр адамның қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне қарай әртүрлі формада көрініс табуы мүмкін екенін түсінген жөн.


  1. тапсырма. Оқушыларды ой-талқы өткізіп әлеуметтік белсенділікке тән дағдыларды атауға шақырыңыз.

Әлеуметтік белсенділік тұлғаның өсуіне және қоғамдық өмірге қатысуына ықпал ететін әртүрлі дағдыларды дамытады. Төменде әлеуметтік белсенділік арқылы дамытуға болатын кейбір дағдылар берілген.


    • Қарым-қатынас дағдылары. Әртүрлі адамдармен қарым-қатынас жасау, өзара әрекеттесу, тыңдау және өз ойлары мен идеяларын жеткізу.

    • Көшбасшылық дағдылар. Адамдардың топтарын ұйымдастыру, шешім қабылдау және оны жүзеге асыру, басқаларға жетекшілік ету және шабыттандыра білу.

    • Ынтымақтастық дағдылары. Топтық жұмыс, ынтымақтастық, жауапкершілікті бөлу және ортақ мақсаттарға жету.

    • Сыни ойлау. Ақпаратты талдау, жағдайларды бағалау, шешімдер іздеу және дәлелді шешім қабылдау.

    • Эмпатия және әлеуметтік құзыреттілік. Айырмашылықтарды түсіну және құрметтеу, басқа адамдарға жанашырлық, әділдік және төзімділік таныта білу.

    • Ұйымдастырушылық дағдылар. Жоспарлау, уақытты басқару, іс-шаралар мен жобаларды ұйымдастыра білу.

    • Өзгерістерге бейімделу. Икемділік, жаңа жағдайларға тез бейімделе алу.

    • Проблемалық ойлау және кикілжіңдерді шешу. Сындарлы шешімдерді іздеу, кикілжіңдерді шешу және ымыраға келу.

    • Өзін-өзі ұйымдастыру және реттеу. Өз әрекеттерін жоспарлау, уақыт пен ресурстарды басқару.

    • Рефлексия және өзін-өзі талдау. Өз әрекетін талдай білу, қателіктерден сабақ алу және өзін-өзі үнемі жетілдіру.

Бұл дағдылар әлеуметтік салада ғана емес, жеке және кәсіби өмірде де маңызды.


  1. тапсырма. Пікірсайыс. Оқушыларға ұсынылған тақырыптардың біріне пікірталас өткізуді тапсырыңыз (әлеуметтік белсенділікке қатысты басқа тақырыптарды ұсынуға болады).

    • Мемлекет азаматтардың әлеуметтік белсенділігіне араласпауы керек, оны толығымен өз қалауына қалдырады.

    • Әлеуметтік белсенділік білім алу үшін міндетті талаптардың бірі болуы керек.

    • Әлеуметтік белсенділік тек жастарға тән дүние, ересектер өздерінің қоғамдағы рөлін атқарып болды.

    • Волонтерлік және әлеуметтік белсенділіктің басқа түрлері мемлекеттің әлеуметтік мәселелерді шешу жөніндегі жұмысының орнын толтыра алады.



Ой-талқы түрінде пікірталас ұйымдастыруға болады. Ол үшін оқушылар 3-4 адамнан топтасып, «жақтаушы» немесе «даттаушы» позицияларының бірін таңдайды. Оқушылар өз көзқарасын қорғау үшін дәлелдер, деректер, сәйкесінше ақпаратты дайындаулары керек. Командалардың міндеті – қарсыластарын өз позицияларына сендіру.


Тапсырманың соңында қорытынды жасаңыз.

Рефлексия. Қорытынды жасаңыз. Төмендегі сұрақтарды талқылаңыз.


    • Әлеуметтік белсенділік жеке тұлғаның дамуына және адамның өмірдегі өз орнын табуына қалай әсер етеді?

    • Адамдарды әлеуметтік белсенді болуға қандай факторлар ынталандырады?

    • Әлеуметтік белсенділік қоғамдағы өмір сапасын арттыруға қалай ықпал етеді?

    • Әлеуметтік белсенділікті жүзеге асыруда қандай кедергілер туындауы мүмкін және оларды қалай еңсеруге болады?

    • Әлеуметтік белсенділік аясындағы әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы ынтымақтастық пен өзара әрекеттесудің маңызы неде?

    • Әлеуметтік белсенді болу арқылы адамдар қандай дағдылар мен құзыреттерді дамытады?

    • Әлеуметтік белсенділік азаматтық бірегейлік пен патриотизмді қалыптастыруға қалай ықпал етеді?


  1. сабақ. Өз қабілетін жүзеге асыру және мақсаттарға жету

Оқушылар:

    • өздерінің қабілеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін дағдыларды анықтайды;

    • алға қойылған мақсаттарға жету үшін жоспар құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет