Әл-ауқат және қауіпсіздік


Карамчанд Ганди, 1869-1948 жж., үнді елінің саяси және рухани көшбасшысы, Үндістанның Британ империясынан тәуелсіздігі жолындағы белсенді күрескер)



бет27/43
Дата27.09.2024
өлшемі1,14 Mb.
#145943
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43
Байланысты:
10-synyp d399l-aud29bat-zhd399ne-d29bauipsizdik

Карамчанд Ганди, 1869-1948 жж., үнді елінің саяси және рухани көшбасшысы, Үндістанның Британ империясынан тәуелсіздігі жолындағы белсенді күрескер);


«Құқықтық сауаттылық – бұл әр адам өз құқықтары мен міндеттерін білетін азаматтық қоғамның негізі» (Рут Бадер Гинсберг, 1933-2020 жж., америкалық заңгер және АҚШ Жоғарғы Сотының прогрессивті судьясы, әйелдер қозғалысының белсендісі, теңдік үшін күресуші);
«Заңдарды білу азаматтарды еркін және өз құқықтарына сенімді етеді» (Вольтер, шын аты Франсуа-Мари Аруэ, 1694–1778жж., француз жазушысы, философ және ағартушы).

Оқушылармен «құқықтық сауаттылық» түсінігін талқылаңыз. Төмендегі сұрақтарды оқушылармен талқылаңыз.


    • Құқықтық сауаттылыққа не кіреді?

    • Қандай азаматтық құқықтар мен міндеттерді білесіз?

    • Қоғамдағы мінез-құлықты қандай заңдар реттейді?



  1. тапсырма. Оқушылар ұсынылған жағдаяттарды талдайды (азаматтық құқықтарды қорғауға байланысты басқа да жағдаяттарды ұсынуға болады). Әр жағдайда құқықтарды қорғаудың заңды жолдарын ұсынады.


    • Досың/құрбың мектептегі іс-шараға қатысудан әділетсіз шеттетілді.

    • Сыныптасың буллингтен зардап шекті.

    • Сені жасамаған теріс қылық жасады деп айыптайды.

    • Досыңды/құрбыңды әлеуметтік желілерде бейтаныс адамдар қорқытып, бопсалайды.

    • Саған білім беру үдерісіне немесе жеке деректерге қатысты ақпаратқа немесе құжаттарға қол жеткізуге тыйым салынды.

    • Командаласың жаттықтырушының қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан спорт клубында жарақат алды.

    • Сенің танысыңа мүгедектікке байланысты қоғамдық орынға (мысалы, кафегі немесе дүкенге) кіруге рұқсат берілмеді.

    • Танысыңды полиция заңсыз түрде тінтті немесе қамауға алды.



Оқушылармен өз құқықтарын қорғаудың қандай жолдары бар екенін талқылаңыз. 2-тапсырма. Пікірсайыс. Оқушыларға ұсынылған тақырыптардың біріне пікірталас өткізуді тапсырыңыз (құқықтық сауаттылыққа қатысты басқа тақырыптарды ұсынуға болады).


    • Сөз бостандығына құқықтың шектеулері болуы керек

    • Өлім жазасы жазаның тиімді түрі

    • Мектеп формасы мектеп оқушыларының құқықтарына нұқсан келтіреді

    • Қоғамдық орындарда бет-әлпетті тану технологияларын пайдалануға тыйым салу керек

    • Мәжбүрлі дауыс беруді міндетті азаматтық әрекет ретінде енгізу қажет

Ой-талқы түрінде пікірталас ұйымдастыруға болады. Ол үшін оқушылар 3-4 адамнан топтасып, «жақтаушы» немесе «даттаушы» позицияларының бірін таңдайды. Оқушылар өз көзқарасын қорғау үшін дәлелдер, деректер, сәйкесінше ақпаратты дайындаулары керек. Командалардың міндеті – қарсыластарын өз позицияларына сендіру.


Тапсырманың соңында қорытынды жасаңыз.

Рефлексия. Қорытынды жасаңыз. Төмендегі сұрақтарды оқушылармен талқылаңыз:


    • Халықтың құқықтық сауаттылығын қалай арттыруға болады?

    • Құқықтық сауаттылық қоғамның дамуы мен тұрақтылығына қандай әсер етеді?


  1. сабақ. Қаржылық әл-ауқат

Оқушылар:

    • қаржылық әл-ауқаттың компоненттерін талдайды;

    • қаржылық сауаттылықты дамыту бойынша шаралар ұсынады.



Сабақ барысы




Оқушылармен қаржылық әл-ауқат неден тұратынын талқылаңыз.


    • Қаржылық әл-ауқатқа қол жеткізуге қандай факторлар әсер етеді деп ойлайсыз?

    • Қаржылық сауаттылық қаржылық әл-ауқатқа жетуде қаншалықты маңызды?

    • Қаржылық сауаттылықтың қандай аспектілерін ең маңызды деп санайсыз?



Қаржылық сауаттылық туралы дәйексөздерді оқушылармен талқылаңыз:


«Ақшаны дұрыс ұстай білсең ғана сол ақшаның берекесін көресің» (Андреас Антонопулос, әлемге танымал криптовалюта саласының сарапшысы, технологиялық кәсіпкер);
«Қаржылық сауаттылық бұл ақшаны табу ғана емес, оны басқара білу» (Роберт Кийосаки, қаржы және инвестиция саласындағы халықаралық сарапшы, америкалық кәсіпкер, инвестор және жазушы);
«Қаржылық бақуаттылық – есеп-шоттың емес, ақыл-ойдың толықтығы» (Дейв Рэмси, қаржылық кеңес беретін америкалық радио жүргізушісі, «Полный денежный переворот: Проверенный план для поддержания финансовой формы» бестселлерінің авторы).
  1. тапсырма. Оқушылар ой-талқы әдісі арқылы қаржылық әл-ауқаттың не екенін сипаттайды:


    • қаржылық сауаттылық;

    • қаржылық жоспарлау;

    • кірістер мен шығыстарды бақылау;

    • жинақтау мүмкіндігі;

    • қарыздар мен несиелерді басқару;

    • қаржылық тәуекелдерден қорғау және т. б.



  1. тапсырма. «Қаржылық мақсаттарды жоспарлау». Оқушыларды қысқа және ұзақ мерзімді қаржылық мақсаттар тізімін жасап, осы мақсаттарға жету үшін кіріс- шығыстарды ескере отырып әрекет ету жоспарларын әзірлеуді сұраңыз.


Орындалған жұмыстарды талқылаңыз. Оқушыларға мына сұрақтарды қойыңыз:

    • Жеке бюджетті жоспарлау кезінде нені ескеру керек?

    • Қаржылық жоспарлау кірістер мен шығыстарды бақылауға қалай көмектеседі?

    • Табыс деңгейіне қандай факторлар әсер етеді?



  1. тапсырма. «Қолжетімді саяхат» Оқушыларды 3–4 адамнан топтастырып, оларға белгілі бір жерге саяхат жоспарлап жатқандарын елестетуді тапсырыңыз. Әр топ Қазақстанның әртүрлі курорттық аймақтарына қиялдағы саяхаттың бюджетін әзірлеуі керек (көлікке, тұруға, тамақтануға, ойын-сауыққа және т.б. шығыстар). Бюджет белгіленген соманы (топ мүшелерінің санын ескере отырып – 50 000 теңге, 100 000 теңге, 200 000 теңге) және күндер санын қамтуы керек (топтарға 2 күннен 5 күнге дейін әртүрлі мерзімдерді немесе барлық топтарға бірдей мерзімді ұсынуға болады). Оқушылар туристік бағыттар мен әртүрлі туристік аймақтардағы бағаларды талдайды.


Рефлексия. Қорытынды жасаңыз.
Оқушылармен «Білімге салынған инвестиция әрқашан үлкен табыс әкеледі» деген сөзді талқылаңыз (Бенджамин Франклин, 1706-1790жж., америкалық саясаткер, дипломат, өнертапқыш, ғалым, философ, жазушы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет