Ел бірлігі – ең асыл қасиет



бет8/10
Дата15.04.2022
өлшемі45,8 Kb.
#31133
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ұлттық мүдде
Ұлттық мүдде – ұлттың өзін-өзі сақтауына, дамуына және қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне деген саналы қажеттілігі. Ұлттық мүддені мемлекет көшбасылары қызметінде мемлекет қажеттіліктерін түйсінуі мен соны көрсете білуі деп те анықтауға болады. Мұны көпұлтты да, этникалык біртекті де мемлекеттерге жатқызуға болады. Шын мағынасында ұлттық мүдде ретінде ұлттық-мемлекеттік мүдде түсініледі.

Осы жағдайларда ұлттық мүдде мемлекеттің тіршілік етуіндегі ішкі тұрақтылық, экономикалық ауқаттылық, қоғамның ар - ұждандық дұрыстығы, қауіпсіздік (кең мағынасында), қолайлы сыртқы саяси орта, халықаралық аренадағы даңқ пен бедел секілді жағдайларды құрусыз қамтамасыз етілмейді.

«Ұлттық мүдде» түсінігі бірмәнді емес. Бірақ ұлттық өзгешелікті ұлттық мүддеге қарсы қоятындардан гөрі, ұлттық өзгешелікті ұлттық мүдденің элементі ретінде көретіндер ақиқатқа жақын .

Ұлттық мемлекеттік мүдденің дәстүрлі түсінігі негізіне географиялық, мәдени, саяси және экономикалық факторлар жатады. Ұлттық-мемлекеттік мүдде келесі негізгі элементтерді қамтиды: мемлекет егемендігін (ұлттық тәуелсіздік пен тұтастық) сақтап, қорғауды қарастыратын әскери қауіпсіздік, конституциялық құрылыс және құндылықтар жүйесі, экономикалық гүлдену мен дамуды білдіретін елдің және оның халқының әл-ауқаты, еркін келісімдерді, айырбастауды және ынтымақтастықты болжайтын қауіпсіз және қолайлы халықаралық орта.



Қорытындылай кететін болсам ұлттық мүдденің негізі жалпы адамзаттың құндылық басымдығынан туындауы ұлттық идея болып табылады.Олай болмаған жағдайда ұлттық қауіпсіздік концепциясын да бір ғана ұлттық мүддесі басым түсіп отырадыұлттық мүдде деп мемлекеттің тұтастығы өмір сүру қабілеті және орнықты дамуы тәуелді болып келетін азаматтар мен қоғмның обьективті қажеттіліктерінің жиынтығын ұққан жөн.Ұлттық мүдде саяси іс-қимылдың сипаты мен мазмұнын мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілеуі тиіс. Алайда кез-келген қоғам әр-түрлі деңгейдегі мүдделер иерархиясы болғандақтан аталған тарихи қауымдастықтың ұлттық мүддесінің оның дамуындағы обьективті қажеттіктерден туындаған ынталандырушы күш ықпалымен қалыптасуы өте күрделі процесс болмақ,онда әр-түрлі қоғамдық топтардың жеке ерекше мүдделері қоян-қолтық араласып ,ықпалдасып теке тіресіп жатады.Сондықтан ұлттық мүдде қалыптастырудың басты салалары мемлекет және азаматтық қоғам болып табылады.Өз кезегінде бұл тұжырымнан ұлттық қауіпсіздіктің негізгі ішкі саяси факторлары мен элементтеінің өзара байланысы келіп туады, себебі стратегиялық тұрғыдан алғанда ел қауіпсіздігінің басым бағыттарының құрылымы үш негізгі фактормен:жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігімен белгіленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет